Оқушылардың сабақ үстіндегі және сабақтан тыс уақытта өз бетінше орындайтын жұмыстары.Физикадан оқушылардың өз бетінше орындайтын жұмыстарын ұйымдастыру екі өзара байланысқан мендеттерді атқаруға бағытталуы керек:Оқушылардың танымдық іс-әрекеттерін өз беттерінше оқып-үйрену арқылы дамыту, яғни оларды өз бетінше білім алуға үйрету.Алған білімдерін өздігінен оқуда және практикалық іс-әрекеттерінде қолдана білуді үйрету.Өз бетенше жұмыс істеуге дағдыланған оқушы оқу материалын белсенділікпен және терңірек меңгереді, шығармашылық еңбекке, өздігінен білім алуға дайын болады.
Физика пәнін оқуда оқушылардың өз бетінше орындайтын жұмыстарының келесі түрлері бар: - Оқулықпен, анықтамалық, ғылыми-көпшілік кітаптармен, мерзімдік басылымдармен және интернет-ресурстармен жұмыс жасау, конспекттер түзу;
- Есептер шығару және жаттығулар орындау;
- Лабораториялық жұмыстар және фронтал эксперимент жасау;
- үлестірмелі материалдармен жұмыс;
- Сыныптастарының жауаптары мен баяндамаларына сын пікір ауту, оларды толықтыру;
- Рефераттар мен мәлімдемелер дайындау;
- Үй жағдайында кейбір қарапайым тәжірибелер мен бақылаулар жүргізу.
Параграфтардың немесе тараудың соңында берілетін сұрақтар жүйесінің және жаттығулардағы есептердің, практикалық тапсырмалардың, мәтіндердегі суреттер мен кестелердің, зертханалық жұмыстарды орындауға берілген нұсқалардың білімдік салмағы бар. Олардың мазмұны әдістемелік тұрғыдан негізделген, оқыту процесінде оларды тиімді пайдалану қажет.Оқушылардың өз бетінше орындайтын жұмыстары тек сабақ үстінде ғана емес, сабақтан тыс уақытта да орындалуы тиіс. Оқушылар үй жұмысын орындау барысында, үйірме сабақтарында, ғылыми жобалар дайындағанда, интернетте жұмыс істегенде, олимпиадаға дайындық кезінде т.б. кездерде өз бетінше жұмыс істейді. Сондықтан оқушылардың өз бетінше сабақта және сбақтан тыс уақытта орындайтын жұмыстарын дұрыс ұйымдастыру өте маңызды мәселе.
Кері байланыс (ағылш. feedback) – адамның өзі куә болған оқиғаға немесе басқалардың әрекетіне айтылған пікірі, реакциясы. «Сырт көз сыншы» дегендей, мұндай сырт пікірдің өз әрекеттеріңді реттеуге, жақсартуға тигізетін септігі өте жоғары. Сол себепті бүгінде кері байланыс үйренудің (білім алу жүйесінің) маңызды ұғымы деп есептелінеді. Кері байланыс арқылы алынатын мәліметтер әсіресе өз біліміне түзету мен өзгертулер енгізу ісінде өте құнды болып табылады. Сондықтан да кемшіліктерді тіке бетке баспай, оларды жанамалай жеткізген жөн болар? Мысалы, мынандай сұрақтар арқылы: «Неліктен Сіз бұлай жасадыңыз (айттыңыз, жаздыңыз, ұйғардыңыз, т.б.)? Мүмкін олай емес, былай болар?» немесе «Егер мына жерге мынандай өзгертулер енгізсе, не болар еді?» Негізінен кері байланыстың үш негізгі қызметін ажыратуға болады: әрекеттерді түзету мен реттеу, тұлға аралық қатынастарды реттеу, өзін өзі тану құралы. Сондықтан оның мазмұны жағымды, позитивті болу керек. Кері байланыстың негізгі идеясы жасалған істі бағалау емес (оның жақсы не жаман жасалынғандығын анықтау), керісінше, не жасалуы керектігін көрсету. Сонымен, кері байланыс оқу/оқыту мен үйренудің/үйретудің қалай жүріп жатқандығын, оның сапасын анықтау мүмкіндігін береді. Кері байланыс арқылы оқу мен оқушылардың жетістіктері мен кемшіліктерін анықтауға болады. Кері байланыс дұрыс жауап немесе бағыт таңдалынып, қателерді түзету әрекеттерін іске қосады
Кері байланыс жүргізудің мақсаты мен маңыздылығыКері байланыс қандай мақсатта жүргізіледі?Көп жағдайда кері байланысты мұғалімдер сабақтың соңында жазбаша түрде сабақтың өтуі, оқушының көңіл күйі және оқушылардың ойын білу үшін ғана алатыны анықталған. Алайда кері байланыс дегеніміз не? Оның маңызы не екенін көбіне біле бермейміз және оған аса мән бере қоймаймыз.Ал кері байланысты не мақсатпен алды, одан әрі қарай не істеу керек, ондағы сұрақтар мен оқушылардың сұрақтарынан кері байланыс болды ма деген сұрақтар туындап жатады. Демек кері байланыс тиімді болу үшін оқушылардан тек сабақ ұнадыма? Не түсіндіңдер? Не қиын болды? т.с.с сұрақтар қойып, оған ауызша не жазбаша жауап алудан ғана тұрмайды.Кері байланыс арқылы оқушыларыңыз оқу мақсатына жете алды ма жоқ па, тақырыпты түсініп, түсінгенін тәжірибеде қолдана алды ма? Түсінбеген жағдайда не себепті түсінбеді, нақты неден қиналды. Түсіну үшін не істеу керек міне осындай сұрақтарға мұғалім оқушылардың берген жауаптары арқылы өзінің әрекеттерін бағалап рефлексия жасап, қай жерде нені дұрыс жасамады. Таңдаған, қолданған әдістердің тиімділігін ойланып келесі сабақта жоспарлағанда орын алған кемшіліктерді болдырмауға тырысады. Ал, оқушы тиімді кері байланыс арқылы өзіндік және өзара бағалау жасауға, өзін- өзі реттеуге, білім алуға, жауапкершілікті өз мойнына алуға дағдыланады. Сонымен кері байланыстың мақсаты: Мұғалімнің ақпараттың мазмұнын оны ұсыну тәсілдерін, оқушылардың әрекеттерін түзету және сабақта психологиялық ахуалын жақсартуға бағытталған. Кері байланыс бұл мұғалім мен оқушылардың өзара әрекеттесуін нәтижесін талдау рефлексия жасау және бақылаудың ұғымы.Кері байланыс арқылы оқушы, мұғалім не алады. Қандай дағды білік білімдерін қалыптасады:· Оқушы өзінің оқудағы кемшіліктерін түсінуге көмектестін мәліметтер мен алға жылжуға нақты нұсқаулар алады;Мұғалім оқытудағы жіберілген олқылықтар және өзінің әрекетіне, қызметіне (жаңа әдіс-тәсілдер, оқыту техникалары, сабақта уақытты тиімді пайдалану т.б.) өзгерістер енгізу көмектесетін мәліметтер алады.Оқушыларға жиі және маңызды кері байланыс ұсынылған жағдайда оқыту тиімді болады.
2. Кейс технологиясы
Кейс –стади амал-тәсілі немесе оқытудың нақты жағдаяттар әдісі(метод конкретных учебных стиуаций») xx ғасырдың басында Америка Құрама Штаттарының Гарвард университетінің бизнес мектебінде пайда болған. Кейс-стади амал-тәсілі термині алғаш рет американдық ғалым Коплендтің еңбектерінде пайдаланылған. Копленд 1921 жылы оқытудың нақты жағдаяттар жинағын шығарып, кейс-стади амал-тәсілін қолдану жолдарын көрсеткен.
Кейс амал-тәсілі алғашқы кезде бизнес мектебінде ғана қолданылып келсе, бүгін де бұл әдіс арқылы оқытудың қолданылу аясы кеңіп, ол құқық, мәдениеттану, медицина және т. Б. Салаларда жемісті қолданылуда.
Кейс амал-тәсілінде басты назар оқушылардың ұсынылған реальды немесе қиялдық (алдын-ала құрастырылған) жағдаяттарды талдауы және осы жағдаятқа өзіндік баға беруі, өзінің ой-пікірін нақты әрі толық айтып беруі т. б. Шәкірттің жекетұлғалық қабілеттерін жетілдіруге аударылады.
Демек, мектеп оқушыларының ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыруда кейс-стади амал-тәсілін қолдану - қазіргі білім беру талабына оқушының сабаққа деген қызығушылығын туғызатын жеке педагогиканың жаңа инновациялық жүйесі.
Кейс әдісін қолдану барысында оқытушының іс - әрекеті екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең – кейс (жағдай) таңдап алу және сұрақтар құрауға арналған шығармашылық жұмыс. - жағдайларды тақырыпқа сәйкес таңдап алу; - мақсат пен міндетті анықтау; - жағдайды құрастыру және суреттеу. Екінші кезең – оқытушының аудиториядағы іс - әрекеті. Аудиториядағы кейс әдісін қолдану кезеңі. - кейске кіріспе; - жағдайдың талдануы (шағын топтарда); - пікірталас; - қортынды шығару. Қазіргі білім беру саласында оқытудың озық технологияларына мән беріп, оны меңгермегенше сауатты, жан жақты маман дайындау мүмкін емес.