1. Физиология пәні, басқа ғылымдармен байланысы, медицинадағы маңызы. Уник 100%


)Системогенез. Тіршілік процестерін жүйелік кванттау



Pdf көрінісі
бет5/91
Дата06.01.2023
өлшемі0,93 Mb.
#60493
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   91
4)Системогенез. Тіршілік процестерін жүйелік кванттау. 
100%
 
Жүйенің дамуы, системогенез – Анохиннің анықтамасы бойынша, организмнің 
функциялық жүйелерінің пісіп жетіліп, дамуы. Әрбір адам системогенез барысында негізгі 
3 этаптан өтеді:
Бірінші аумалы қатерлі кезең – балалардың 2,5-3 жасында өтеді. Бұл тұста балалардың 
қозғалыс белсенділігі артып, сөздік қоры кеңейеді, травма алу қауіпі артадаы, психикалары 
тым нәзік болып келеді.
Екінші кезең – 6-8жасты қамтиды. Бұл кезең балалардың мектепке бару уақытымен сәйкес 
келеді. Оларға психикалық жүктемелер мен жауапкершіліктер арта түседі, тез шаршайды, 
жаңа адамдармен аралса бастайды. Бұл тұста оларға жол-көлік апаттарынан травма алу 
қауіпі артады.
Ең соңғы кезең, балиғаттық шақ – 11-15 жасқа сәйкес келеді. Организмде бұл кезеңде жүйке 
жүйесі мен эндокриндік жүйенің функциялары дамып, өзгеріп, тепе-теңдегі өзгереді. 
Жүйке жүйесіні аурулары осы жастағы балаларда жиі кездесе бастайды.
Системогенез әрбір адамда әртүрлі өтеді. Біз оның баяу және жедел түрлерін ажыратамыз. 
Жедел даму – акселерация, баяу даму – ретардация деп аталынады, бұл процесстер жүйке 
жүйесінің, репроуктивті жүйесінің дамуынынң қарқынымен ерекшеленеді.
Системогенез барысында адамның барлық өмір сүру кезеңі сипатталмайды, және медицина 
саласы мен педагогика салысындағы жіктелулер бір-бірне сәйкес келмейді. Сол себептен, 
адамның онтогенезінің 2 сатысында қоса, жаңа классификация енгізілді. Ол бойынша 
адамның даму кезеңдері негізгі 3 шаққа, және әрбір шақ бірнеше кезеңге жіктелген.
І. Антенаталдық, құрсақтағы шақ – эмбриогенез 2айға дейінгі ұрықтың дамуы мен 
фетогенез 2-9 ай аралығындағы даму кезеңдерінен тұрады.
ІІ. Постнаталдық – туғаннан кейінгі шақ. Ол өз кезегінде бірнеше кезеңдерден тұрады: 
1. Неонаталдық кезең – нәрестенің туылғанынан бастап, 4 аптасына дейін жалғасады. 
Бұл кезеңнің алғашқы бірінші аптасы – тез бейімделі сатысы деп аталады.
2. Бөбектік кезең – нәрестенің емізулі кезеңі, өмірінің алғашқы 1жылын қамтиды.
3. Сәбилік кезең – алғашқы балалық кезеңі, 1-3 жас аралықтарын қамтиды.
4. Естиярлық кезең – бірінші балалық шағы, 4-7 жас аралығын қамтиды.


126ЖМ Назарқұл Еркебұлан 
5. Бүлдіршіндік кезең – екінші балалық шағы, қыздар үшін 8-11 жас, ұлдар үшін 8-12 
жас аралығында өтеді.
6. Пубертаттық кезең – балиғаттық кезең, қыздарда 12-15жас, ұлдарда 13-1 жасты 
қамтиды.
7. Бозбалалық кезең – жасөспірімдік кезең, бойжеткен қыздар үшін 16-20 жас, 
бозжеткен ұлдар үшін 17-21 жасты құрайды.
ІІІ. Ересектік шақ , өз кезегінде бірнеше кезеңнен тұрады:
1. Кәмелеттік жас – кемел жастың 2 кезеңінен тұрады.
• Алғашқы кемел жас – организмнің өсуі тоқтап, оның құрылымы мен қызметі толық 
қалыптасып аяқталады. Ерлерде 22-35, әйелдерде 21-35 жасты құрайды.
• Екінші кемел жас – жүйке жүйесі мен эндокриндік жүйелерінде өзгерістер пайда 
болады, ерлерде 36-60, әйелдерде 36-55 жасты құрайды.
2. Егде жас – организмнің қартая бастауы, адамдардың жиі ауруға ұшырай бастайтын 
кезеңі. Ерлер үшін 61-74, әйелдер үшін 55-74жасты қамтиды.
3. Кәрілік жас – организмде инволюция, кері даму орын ала бастайды. Адамның жасы 
75тен асқаннан бастап, кәрілік жас басталады.
4. Қарттық кезең – ұзақ өмір сүрушілер кезеңі деп те аталады, жас 91ден асқаннан кейін 
басталады. Тірек-қимыл аппараты әлсірейді, зат алмасу төмендейді, ұйқы бұзылады, 
жүйке қажи бастайды, анализаторлардың жұмысы тежеле бастайды.
Адамның осы жастарын 2ге бөледі – биологиялық жас және куәліктік жас. Куәліктік жас – 
туылған сәттен бастап есепке алынса, биологиялық жас – организмнің даму сатыларымен 
өлшенеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет