126ЖМ Назарқұл Еркебұлан
жағдайда пайда болады. И.П. Павлов ішкі тежелудін түрлерін әрекетіне және қалыптастыру
тәсілдеріне қарай жіктеумен бірге, тежелу касиеттерінің айырмашылығы олардың күшіне
байланысты болатындығын атап көрсетті. Ол шартты тежелудің
жергілікті және ми
құрылымында жалпылама түрде кездесетініне ерекше көңіл аударды. Сөйтіп шартты
тежелу организмнің бейімделу әрекетін реттеп отырады. Егер шартты тежелу
қалыптаспаса, организмде табиғи қажетсіз, колайсыз әсерленістер көп болар еді. Шартты
тежелу өте нәзік төзімсіз келеді. Әртүрлі аурулар, кажу, зорлану бүл тежелуді әлсіpетеді.
Шартты тежелу тетіктері. Адамның
сыртқы ортаға жете бейімделуі, оның әсерленісінін
сырткы жағдайларға сәйкес келуі тежелуге байланысты болады. Негізгі жүйке үрдістері-
козу мен тежелудің көрсеткіштері. Олардың өзара әсері. организмге көптеген тітiркендіруді
талдап, жауап түзіп, өзін әртүрлі жағдайда бағдарлауына мүмкіндік туғызады И.П.
Павловтың көзқарасы бойынша, шартты тежелу тек ми қыртысында болатын кұбылыс.
Қалай болғанда да, тежелудің ми қыртысындағы орналасуы уш турлі болуы мүмкін.
Біріншіден, шартты сигналдың ми қыртысы жобаланысында, екіншіден,
шартсыз
рефлекстің мидағы өкілетті нейрондарында, ушіншіден,
уақытша байланыстын
кұрылымында қалыптасады. Сонғы жылдары көптеген зерттеушілер, шартты тежелу әуелі
мидың қыртысасты құрылымдарында немесе олардың белсенді қатысуымен пайда болып,
ми қыртысына жоға- ры көтеріледі деп санайды.
Достарыңызбен бөлісу: