19.Әр түрлі бұлшықеттердегі қозғалтқыштар және олардың ерекшеліктері. Бұлшықет жиырылуының құрылымдық және функционалдық негіздері. Бұлшықет-қозғыш тіндердің бірі, сәйкесінше бұған тән қасиеттер: жиырылу, қозғыштық, қозуды өткізу. Ет тіні құрылымына қарай көлденең жолақты жүрек еті, көлденең жолақты қаңқа еті және бірыңғай салалы деп бөлінеді.
Қозғыштық дәрежесі қозу табалдырығы арқылы анықталады. Жүрек етіне қарағанда көлденең жолақты қаңқа еті қозғыш болып келеді, демек оның қозу табалдырығы төмен деген сөз. Ал, бірыңғай салалы бұлшықетінің қозғыштығы жүрек етіненде төмен, яғни, бұл бұлшықеттің тітіркену табалдырығы барлығынан жоғары.
Сомалық жүйке талшықтарына қарағанда ет талшықтарының қозуды өткізу жылдамдығы, әлдеқайда, төмен. Ет талшығы сарколеммасын бойлай әртүрлі жылдамдықпен қозу өтеді. Ет тіндерінің қозудыь өткізу жылдамдықтары: қаңқа еті 3,5-14м\с, жүрек еті 0,9-1м\с, бірыңғай салалы ет 0,5мм-ден 5-10см\с дейін.
Ет тінінің тағы бір ерекшелігі, оның серпімділігі. Ет тінінің созылғыштығы резеңкеге қарағанда шүбәсіз, босатқанда бастапқы созылмай тұрған қалпына келеді.
Жиырылып жазылу- бұлшықеттің негізгі қызметі және физиологиялық қасиеті болып табылады. Жиырылу белгілі бір тітіркендіргішке жауап беру, ет ұзындығының қысқарып, қатаюы, тонусының жоғарылауы.
Кейбір бұлшықеттер,атап айтқанда: жұрек еті, бірыңғай салалы ішек, лимфа тамыры қабырғаларындағы еттер автоматиялық қасиетке ие. Ал, қаңқа еті орталық жүйке жүйесінің әсерінсіз жиырылмайды. Жүрек еті мен бірыңғай салалы етті, адам өз еркімен жиырып жаза алмайды, ол вегетативті жүйке дүйесімен реттеледі.
Атрофия-белгілі бір себептермен бұлшықеттің ұзақ уақыт бойы қозғалыссыз болғандықтан, ет тылшығы құрылымы өгеріп, семіп қалуы.
Гипертрофия- бұлшықетті шынықтырып, көп қозғалысса келтіргеннен, ет талшықтары үлкейіп, бұлшықет көлемі ұлғаюы.
Бұлшықеттің қозғалтқыш бірлігі мионевралдық түйіспе болып табылады. Ол бір эфференттік жүйке тармақталып көптеген ет талшықтарының түйісуінен құралады. Ет талшықтарының қозғалтқыш бірлігіндегі жалпы саны 3-6 дан 2000 ға дейін жетеді. Атап айтқанда: саусақ бүгетін бұлшықетте 10-25, дене, қол етінде 500, балтыр етінде 2000. Жылықандыларда баяу және тез жиырылатын моторлық бірлік болады, ақ еттер тез жиырылатын, қызыл еттерде баяу жиырылатын.
Бұлшықеттің жиырылу түрлері:
Ауксотониялық жиырылу- бұлшықет жиырылуы кезінде ет қысқарып, тонусы күшеюі.
Изотониялық жиырылу- жиырылу кезінде ет қысқарып, тонусы өзгермейді.
Изометриялық жиырылу- жиырылу кезінде ет қысқармастан, қатаюы, яғни тонусының жоғарылауы.
Жеке жиырылу-жалғыз тітіркендіргіш әсер еткендегі, бір реттік жиырылып жазылу. Организмде жүрек етінен басқа еттер жеке жиырылмайды.
Сіресіп жиырылу- тітіркендіргіштер жиі жиі әсер етіп, көптеген жиырылу бірігіп, ет біраз уақыт сіресіп қалуы, тетанус.