1. Физиология пәні, басқа ғылымдармен байланысы, медицинадағы маңызы. Уник 100%


Мембраналық потенциал. Әрекет потенциалы, оларды тіркеу әдістері, пайда болу механизмі. 100%



бет9/79
Дата21.03.2023
өлшемі243,73 Kb.
#75638
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   79
Байланысты:
физиология сессия Nazarkul E.S. 2021surak

10.Мембраналық потенциал. Әрекет потенциалы, оларды тіркеу әдістері, пайда болу механизмі. 100%
Кез келген клетканың мембранасының сыртқы беті оң, ішкі беті теріс зарядталған болады, мембрананың екі бетіндегі зарядтарының айырмашылығы мембраналық потенциал деп аталады. Көлденең жолақты қаңқа бұлшық еті мен нерв талшықтарының мембраналық потенциалы 80-90мВ тең, оларды тіркеу осциллограф аспабы арқылы тіркейді. Мембраналық потенциалды тіркеу үшін осциллографтың электродтарының бірін мембрананың ішіне екіншісін сыртына орналастыру керек, осы тұста аспап биоток мөлшерін анықтайды. Жалпы, биопотенциалдар туралы бірнеше теория бар, оның ішіндегі ең жақсы зерттелгені – мембраналық – иондық теория болып табылады. Теория бойынша мембраналық потенциалдың пайда болуы – мембрана мен жасушааралық кеңістіктегі иондардың арақатынасына байланысты делінеді. Мембрана кез-келген ионды өткізе бермейтіндіктен иондық айырмашылық пайда болады, бұл сондай-ақ натрий-калий насосының жұмысына да байланысты.
Мембраналық потенциалдардың көрсеткіші тін қозған кезде 0-ге тең болады да, әрекет потенциалы пайда болады. Әрекет потенциалының пайда болуы – мембранаға Na+ және К+ иондарының өтуіне байланысты болады. Әрекет потенциалы 100-300мВ тең және ол бірнеше кезеңнен тұрады:

  1. Деполяризация кезеңі – бұл кезде мембраналық потенциал төмендейді де, қайта ең жоғарғы дәрежеге дейін көтеріледі. Na+ иондары мембрананың сыртына ішіне қарай көп мөлшерде өте бастайды.

  2. Реполяризация кезеңі – мембраналық потенциалдың мөлшері қалыпты жағдайға түсе бастайды, ал әрекет потенциалы төмендей бастайды. Бұл кезде Na+ иондарының мембрана ішіне өтуі тоқтайды, кезеңнің соңында К+ иондары мембранадан сыртқа қарай шыға бастайды.

  3. Теріс із потенциалы – реполяризация сатысының соңында әрекет потенциалы 15мс тоқтап, тін аздап деполяризацияланған күйде болады.

  4. Оң із потенциалы немесе гиперполяризация сатысы – реполяризация кезеңінің соңында оң заряд 15мВ-қа дейін күшейетін кезең. Бұл кезеңде К+ иондары сыртқа өте тез жылдамдықпен шыға бастайды. Бұл кезең аяқталған соң, К+ иондарының сыртқа шығуы тоқтайды.

Әрекет потенциалы тіндерге тітіркендіргіш әсер етіп, қозу пайда болған кезде орын алатындықтан қозу кезеңдері әрекет потенциалымен бір уақытта жүреді. Яғни, деполяризация кезеңімен бірге – абсолютті рефрактерлік, реполяризация – салыстырмалы рефрактерлік, теріс ізді потециал – супернормалдық кезең, гиперполяризация – субнормалдық кезеңге сәйкес келіп, бірге жүреді.
Әрекет потенциалы пайда болуы үшін әсер ететін тітіркендіргіштің күші табалдырықтан жоғары болуы керек. Алайда, тітіркендіргіштің күші табалдырықтан төмен болса, тін қозбаса да аздап деполяризацияланған күйде болады да, локальды/жергілікті жауап потенциалы орын алады. Na+ иондары мембрананың ішіне қарай өте бастайды. Тітіркендіргіштің күшін жоғарылатса жергілікті жауап әрекет потенциалына айналады, егер төмендетсе жергілікті жауап сөніп қалады да, қозу пайда болмайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет