8. Қозғыштық параметрлері: тітіркену табалдырығы (реобаза), пайдалы уақыт, хронаксия, лабильділік, рефрактерлік. Аккомодация. 85,94% Тіндердің қозғыштық параметрлерiне тiтiркену (реобаза) табалдырығы, хронаксия, әсердің пайдалы уақыты, абсолюттi рефрактерлік, лабильділік, аккомодация жылдамдығы жатады. Рефрактерлік (қасарысу, қозбау) деп – тіндердегі пайда болған қозу кезіндегі оның қозғыштық қабілетінің уақытша төмендеу процесін айтамыз.
Рефрактерлік екі түрлі болады:
абсолюттік (тітіркендіру күші қандай болса да жауап жоқ)
салыстырмалы (тіннің қозғыштығы біртіндеп қалыпқа келе бастайды, сондықтан ол табалдырықтан жоғары күшке жауап береді).
Абсолюттік рефрактерлі кезеңнің ұзақтығы жүйке талшығында – 1-2 мс болса, ет талшықтарында – 4-5 мс, ал жүйке-ет байланысында (түйіспеде) 8-10 мс құрайды.
Жүйке немесе бұлшықет тіндерінде қозу тудырытын тітіркендіргіштің ең төменгі күшін қозу табалдырығы (реобаза) деп айтады. Қозу табалдырығының шамасы жүйке мен ет тіндері қозғыштығының өлшемі болып саналады. Сонымен күшіне байланысты табалдырықты, табылдырықтан төмен және табалдырықтан жоғары деп ажыратады.
Әсердің пайдалы уақытына тоқталатын болсақ, тітіркендіргіштің әсері оның тек күшіне ғана емес, уақыт ұзақтығына да байланысты келеді. Ал тітіркендіргіш күші мен әсердің ұзақтығы арасындағы байланысты Дж. Гооверг пен М.Вейсс сипаттап, оларды қисық сызық арқылы көрсеткен болатын. Оны "күш пен уақыт" сызығы деп атады. Көлденең сызықпен пайдалы уақытты, ал тік сызықпен реобаза көрсетілді. Егер тін неғұрлым қозғыш болса, пайдалы уақыты соғұрлым қысқа болады. Алайда, әсердің пайдалы уақыты басқа бір тіндерде өте ұзаққа созылуы мүмкін. Сол үшін "күш пен уақыт" заңдылығын негізге ала отырып, француздық ғалым Л.Лапик 1908 жылы хронаксия параметрін ұсынды. Хронаксия (грек тілінен "chronos- уақыт, axia-сан дегенді білдіреді)- бұл қозу тудыруы үшін тітіркендіргіш екі реобазаға тең күшпен әсер етуі керек болатын ең аз уақыт болып табылады. Бұл қозғыштық индикаторы электр тогының қоздырғышы ретінде қолданылған жағдайда да қолданылады. Жүйке жасушалары мен қаңқа бұлшық еттерінің талшықтарының хронаксиясы секундтың оннан бір бөлігін құрайды, ал тегіс бұлшықеттер он есе көп. Хронаксия қозғыштықтың индикаторы ретінде сау адамның қаңқа бұлшықеттері мен жүйке талшықтарының күйін және функционалдығын тексеру үшін қолданылады (атап айтқанда, спорттық медицинада). Хронаксияның анықтамасы бұлшықет пен нервтердің бірқатар ауруларын диагностикалау үшін өте маңызды, өйткені бұл жағдайда соңғысының қозғыштығы төмендейді және хронаксия жоғарылайды.