28. Қозу берілуінің электрлік теориясы. Синапстардың ерекшеліктері. 100% Қозудың синапстар арқылы электрлік берілуі – эфапстық, яғни электрлік синапстар арқылы жүзеге асырылады. Электрлік түйіспелерде әрекет потенциалы синапстық саңылаудан тез өтеді де постсинапстық мембранаға жетеді де, постсинапстық қоздырушы потенциалды пайда етеді. Синапстық саңылаудың электр тогына деген кедергісі төмен болғандықтан, электр тогы қозған жерден қозбаған жерге қара еш кедергісіз өте береді. Осылайша, қозудың берілу түрі электрондық деп аталады. Қозудың бұл түрі электрлік синапстар көп орналасқан – жүрек пен тегіс салалы бұлшық еттерде жиі болады. Қозудың бұл түрі өзінің екі жақтылығымен, жайылмалы болуымен, артынан із қалдырмауымен ерекшеленеді.
Синапстардың құрылымына қарай бірнеше физиологиялық ерекшеліктерін ажыратады:
Синапстарда қозу пресинапстық мембранадан постсинапстық мембранаға қарай тек бір бағытта өтеді.
Синапстарда қозу көбіне медиаторлардың қатысуымен өтеді.
Синапстар тез қажиды және олардың әрекеті тез аяқталады.
Синпстық кідіріс тән, синапстарда қозу 0,2 – 0,5 мскідіріп қалады.
Рефрактерлік кезеңдері ұзақ, қозғыштық қасиеті мен лабильділігі төмен 100-125Гц тең.
Қозу медиаторларға байланыты жинақталып барып әсер етеді.
Синапстарда қозу ткен соң, ол өз артынан із қалдырады.
Синапстар фармаколгиялық заттарға сезімтал болып келеді.
29.ОНЖ функцияларын зерттеу әдістері. Электроэнцефалография, туындаған потенциалдар, олардың шығу тегі. 80,47% Орталық жүйке жүйесі – ми мен жұлыннан құралады. Оның негізгі функциясы – қозуды өткізу мен рефлекстік болып табылады. ОЖЖ-нің функцияларын зерттеу әдістеріге 2-ге бөлінеді – экспериментальдық және клиникалық. Экспериментальдық әдістер – жануарларға, клиникалық әдістер адамдарға жүргізіледі.
Экспериментальдық әдістерге жатады:
Экстирпация әдісі – комиссуротомия – миды екі үлкен жарты шарға бөлу, лоботомия – миды жоғарғы және төменгі бөліктерге бөліп зерттеу. Бұл әдіс арқылы кесіп алынған ми бөлігінің функциясын зерттеуге болады.
Стереотаксикалық әдіс – стереотаксикалық инструмент көмегімен мидың терең бөлігіне әртүрлі жазықтықта электрод енгізу арқылы зерттеу.
Потенциалдарды тудыру әдісі – ЭЭГ-ны қолдану арқылы ми нейрондарын тітіркендіріп, мидың электрлі белсенділігін анықтауға арналған әдіс.
Шартты рефлекстер әдісі – ми қыртыстарының даму механизмдерін зерттеуге арналған.
Модель жасау әдістер – концентуальдық, физикалық, математикалық болып бөлінеді. Мидағы процесстерді түсіну үшін жасанды модель жасап зерттеу әдісі.