1. Физиология пәні, басқа ғылымдармен байланысы, медицинадағы маңызы


Қозғыштық параметрлері: тітіркену табалдырығы,пайдалы уақыт, хронаксия, лабильдік,рефрактерлік, аккомадация



бет12/17
Дата18.10.2023
өлшемі64,97 Kb.
#117787
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
13. Қозғыштық параметрлері: тітіркену табалдырығы,пайдалы уақыт, хронаксия, лабильдік,рефрактерлік, аккомадация.


Қозғыштық дәрежесін анықтау үшін бірнеше өлшем қолданалады яғни қозу табалдырығы,әсердің пайдалы уақыты, хронаксия, лабилдік, аккомодация жылдамдығы.


Қозу табалдырығы – қозу үдерісін тудыратын тітіркендіргіш күшінің ең аз өлшемін айтады, Тін неғүрлым қозғыш болса, оның қозу табалдырығы соғұрлым төмен болады. Тітіркендіргіш ретінде электр тогы қолданылса, табалдырығын реобаза дейді.


Әсердің пайдалы уақыты - тітіркендіргіштің әсері, оның күшіне ғана байлансыты емес, әсердің ұзақтығына да байланысты болады.
Тітіркендіргіштің күші мен әсердің ұзақтығы арасындағы байланысты қисық сызық арқылы көрсетеді. Ол күш пен уақыт сызығы деп аталады.


Хронаксия - тінді қоздыратын екі реобазаға тең күш әсерінің ең қысқа уақытын айтады. Қозғыш тіннің хронаксиясы қысқа болады.Оның мөлшері хронаксиметрмен аспабымен өлшнеді,сигма есебімен белгіленеді. Хронаксиметр аспабымен адам тіндрінің әрбір морфологиялық элементтеріңінің қозу дәрежесін өлшеуге болады. Бұл медицинада кең қолданаылады. Мысалы көздің тор қабатындағы фотоқабылдағыштардың , ішкі құлақта орналасқан есту қабылдағышы Корти мүшесінің хронаксиясын өлшеп білуге болады.


Аккомадация жылдамдығы - латынша бейімделу мағынасын білдіреді. Белгілі бір тінді немесе ағзаны қоздыратын токтың әсері оның күшіне , әсер еткен уақытына ғана байланысты емес тоутығ үдеу жылдамдығына да байланысты. Егер әсер ететін токтың күшін біртіндеп жә» күшейтсе, ол көп жоғарылатсада тін қозбауы мүмкін. Ток күшінің үдеуіне тін бейімделіп үлгереді. Қозғыш тін ток күшінің үдеруіне бейімделгіш келеді. Демек, аккомадация жылдамдығы тіннің қозғыш дәрежесін сипайттай алады.
Сонымен аккомадация жылдамдығы тінді қоздыратын тітіркендіргіштердің үдеу қарқынының ең аз уақытымен өлшенеді . Аккомадация кезінде тіннің қозу өасиеті төмендейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет