1. Физиология пәні, басқа ғылымдармен байланысы, медицинадағы маңызы. Уник 100%



бет52/80
Дата18.12.2022
өлшемі261,4 Kb.
#58012
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   80
негізгі формалары.
Көз көретңін жарық сәулесі спектрінің ұзынтолқынды шетінде қызыл, қысқатолқынды шетінде күлгін сәулелер орналасады. Басқа реңді түстер толқын ұзындықтарының аралығына сәйкес. Барлық реңді түсті араластырып ақ түсті алуға болады. Спектрдің үш түсін: қызыл, жасыл, күлгін (көк) түстерін әртүлі арақатынаста араластыру арқылы әртүрлі түстерді алуға болады.
Түсті сезу құбылысын түсіндіру үшін үш негізгі теория пайдаланылады. Бұл теориялар бойынша, торлы қабықтағы сауытшалардың үш түрі болатындығын анықтаған. Түс сезудің үш құрамдасы туралы М.В.Ломоносов айтқан. Бұл теорияны ары қарай жетілдірген Т.Юнг және Г.Гельмгольц болды. Қазіргі таңда бұл теория Ломоносов-Гельмгольц атауымен белгілі.
Сауытшаларда қызыл, жасыл, күлгін түсті сезгіш заттар бар. Әрбір түс осы сезгіш заттармне әртүрлі дәрежеде әрекеттеседі. Бұл қозулар көру нейронында жинақталып, ми қыртысына жетіп әртүсті түйсік туғызады.
Э.Герингтің оппоненттік теориясы бойынша сауытшаларда үш жарық сезгіш заттар болады: ақ-қара, қызыл-жасыл, сары-көк. Жарық әсерінен осы заттар ыдырап ақ, қызыл, сары түсті тудырады. Басқа жарық сәулелері осы заттарды түзіп, қара, жасыл, көк түсті сезуге мүмкіндік береді.
Электрофизиологиялық зерттеулер нәтижесінде, түсті сезудегі дәлелденген, осы, үш компонентті теория болып шықты. Сәуле толқындарының ұзындығына әсер ететін,торлы қабықта нейрондар анықталды,олар доминаторлар деп аталады. Жоғары жағдайда жарықтың әртүрлі толқын ұзындығын қабылдап әсерлесетін жеті түрлендіргіш табылған.
Үшқұрамдас теория көптеген психофизиологиялық өзгерістерді түсіндіреді.
Соңғы жылдары көптеген оппоненттік нейрондар зерттелген. Олардың басқа нейрондардан айырмашылығы, спектордың бір бөлімінің сәулесі көзге әсер еткенде қозу тудырса, екінші бөлімінде тежелу пайда болады. Түс туралы ақпаратты ең тиімді жүйке серпінісіне аударуға осы нейрондар қатысады деп есептейді. Бұл мағлұматтар Э.Геринг үрдісі мен ұқсас, бірақ оларды қабылдағыштан талдағыштың нейрон қабатына ауыстырады. Осылайша, екі теория арасында қарама-қайшылық қалмайды.
Кейбір түстерді ажырата алмау немесе түсті танымауды алғащ рет ағылшын физигі Д.Дальтон сипаттаған, сондықтан түсті ажырата алмау аномалиясын дальтонизм деп атайды. Ғалым өзі де дальтонизмнен зардап шеккен. Дальтонизм жыныстық хромосомада болатын белгілі бір гендердің жоқтығынан пайда болады, ер адамдардың 8%-де кездеседі. Дальтонизмді анықтау үшін науқасқа полихроматикалық кестелерді көрсетеді, әртүсті заттардың ішінен түсі бірдей заттарды таңдатады. Дальтонизммен ауыратын адамдарда мамандық таңдауда үлкен шектеулер бар,мысалға: дальтониктерге транспорт жүргізушісі болуға болмайды, себебі олар бағдаршамның түсін ажырата алмайды.
Түсті ажырата алмаудың үш түрі бар:

  1. Протанопия

  2. Дейтеранопия

  3. Тританопия

Протанопиядан зардап шегетін адамдар қызыл түсті ажырата алмайды, ал көк, көкшіл сәулелер түссіз болып көрінеді.
Дейтерапониямен зардап шегетіндер көк , қошқыл қызыл түстерді жасыл түстен айыра алмайды.
Тританопия сирек кездесетін түс танымау аномалиясы болып табылады, бұл жағдайда зардап шегуші көк және күлгін сәулелерді танымайды.
Түсті толық танымайтын ауытқушылықты ахромазия деп атайды. Ол торлы қабықтағы сауытшаларға зақым келгеннен пайда болады. Ахромазиядан зардап шегетін адамдарда қоршаған орта сұрдың әртүрлі реңімен бейнеленеді әлем түссіз сурет сияқты болып көрінеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет