1. Физиология пәні, басқа ғылымдармен байланысы, медицинадағы маңызы. Уник 100%


Биопотенциалдардың пайда болу теориялары және олардың табиғаты туралы қазіргі түсінік



бет11/80
Дата18.12.2022
өлшемі261,4 Kb.
#58012
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   80
Байланысты:
1. Физиология п ні, бас а ылымдармен байланысы, медицинада ы ма

12.Биопотенциалдардың пайда болу теориялары және олардың табиғаты туралы қазіргі түсінік.Уник-90
Тіндердің жасушалары қозған кезде мембраналық потенциалдан, әрекет потенциалына өтеді. Жалпы тірі организмде потенциалдың түрлері көп, ең көп зерттелген түрлері: Әрекет потенциялы мен Мембараналық потенциал. Биопотенциалдардың ашылу тарихында Гальвани, Маттеучи және Дюбуа-Рейманның қосқан үлестері айтарлықтай көп.
1786ж профессор Луиджи Гальвани бақаның,терісі алынып тасталған,артқы сирақтарынан жасалған препарат жасады. Және ол өзінің тәжірибесінің дұрыс екендігіне көз жеткізу үшін бір емес, екі тәжірибе жасаған болатын. Ол өзінің бірінші тәжірибесінде,препаратты шонданай жүйкесі арқылы балконга іліп қойған. Сонда желдің әсерінен препарат шайқалып, балконның темір жақтауларына тиген уақытта,оның бұлшықеттері жиырылып, бақаның артқы аяқтарының қозғалғанын байқаған. Гальвани өзінің тәжірибесін іс жүзінде жасап көрді, ол мыс пен темірден доға жасап, жаңағы процессті қайта жасады. Содан тағы да бақаның артқы аяқтарының қозғалғанын байқады. Содан кейін ол бұлшықеттің жиырылуы бұлшықет пен жүйке тіндерінің арасында пайда болатын электрлік құбылысқа байланысты деген қорытындыға келді. Алайда Гальванидің болжамына итальяндық физик Вольта қарсы пікір білдірді.. Вольтаның ойынша, бақаның сирақ еттерінің жиырылуы,жаңағы екі түрлі металл (мыс пен темір) арасындағы электр тогының пайда болуынан. Гальвани өзінің тәжірибесінің дұрыстығын дәлелдеу үшін 2 тәжірибесін жасады. Ол өзінің тәжірибесіне металл қолданбай, жүйке ет препаратын жасап, оның жүйкесін шыны ілмекпен сан етінің көлденең кесілген жеріне тигізген уақытта бұлшықеттің жиырылғанын байқады. Осылайша, Гальвани өзінің осы ІІ-тәжірибесінде тірі тіндерде электр тоғының болатынын және ондағы потенциал айырмашылығы тінді тітіркендіре алатынын дәлелдеп берді. Гальванидің бұл еңбегін басқа ғалымдар толығымен зерттеп, оның дұрыстығына көз жеткізді.
1838ж Маттеучи гальванометр құрылғысының көмегімен тәжірибе жасады. Маттеучи тәжірибесінен еттің кесілген және кесілмеген жерінде потенциал айырымы болатындығын байқаған. Еттің кесілмеген сыртқы беті оң зарядты, ішкі беті, яғни кесілген жері теріс зарядты болатынын анықтаған. Маттеучидің тәжірибесі кейінінен тыныштық тоғы деп атала бастады.
Маттеучидің тәжірибесінен кейін 1848ж неміс ғалымы Дюбау-Рейман тінді тітіркендірген жерде пайда болған теріс заряд, кейіннен қозу түрінде тіннің бойымен тарайтынын анықтады. Және де тін қозған уақытта тыныштық тоғының мөлшері азаятынын байқады. Бұл тәжірибе тыныштық тогының теріс толқыны деп аталды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет