Латентті фазасы – бұл кезеңде жатыр мойнының қысқаруы мен жатыр мойнының ашылуы баяу жүреді 0 ден 3 см-ге дейін.
Активті фазасы – жатыр мойнының тез ашылу кезеңі 3 тен 10 см-ге дейін жетеді.
Босанудың I кезеңінің орташа ұзақтығы : Алғаш босанушыларда – 11-12 сағат,
Қайта босанушыларда 7-8 сағат.
Екінші кезең - туылу кезеңі, жатыр мойнынын толық ашылған кезінен бастап, ұрыктың босану жолдары арқылы туылуымен аяқталады. Алғаш босанушыларда бұл кезең 1-2 сағатқа, ал қайталап босанушы әйелдерде 20-30 минуттан І сағатка дейін созылады.
Екінші кезеңде жатырдың алдыңғы іш қабырғасының бұлшықеттерінің, диафрагманың және жамбас түбі бұлшықеттерінің жиырылуы болып табылатын күшену пайда болады.
Күшену шартсыз рефлекторлы акт ретінде ұрықтың келіп тұрған бөлігінің аралық пен жатыр мойнының жүйке талшыктары мен жамбас өріміне әсерінен туындайды. Осының нәтижесінде Форгюст рефлексі қалыптасады, яғни әйелде шексіз күшенуге ыкылас пайда болады. Әйел тынысын тежей отырып, диафрагма мен іш кабырғасы бұлшықеттерін жиырылтады. Күшенудің нәтижесінде жатырішілік және құрсакішілік кысым жоғарылайды. Ұрықтын келіп тұрған бөлігі жамбас түбіне түсе отырып, жыныс санылауын кернеп, бірте-бірте туылады. Ұрык туылуымен бірге артқы қағанақ суы ағып шығады. Екінші кезең ұрықтың туылуымен аяқталады.
Үшінші кезең - бала жолдасының туылу кезеңі, ұрықтың туылуынан кейін басталып бала жолдасының туылуымен аяқталады. Бұл кезеңде плацента мен оның қабыкшалары жатыр кабырғасынан ажырайды, бала жолдасы туылады. Бұл кезең 5 минуттан 30 минутқа дейін созылады.
2.Шүйдемен келудің алдыңғы және артқы түріндегі босану биомеханизмі.Босану кезеңдері. Партограмма. Ана мен ұрық үшін асқынулар. Шүйдемен келудін алдыңғы түріндегі босану механизмі. Ұрық басы босану жолдарында өзінің жылжуы үшін кедергіге тап болғанда босану механизмі басталады: ашылу кезеңінде кіші жамбас кіреберісі жазықтығына ену кезінде немесе туылу кезеңінде бастың жамбас куысының кең бөлігінен тар бөлігіне өту кезінде. Босану механизмінің төрт негізгі кезеңдерін ажыратады.