1. Физиологиялық босанудың басталуы-босану күші


Үшінші кезең – бастың шалқаюы



бет4/5
Дата03.05.2023
өлшемі27,21 Kb.
#89505
1   2   3   4   5
Байланысты:
Машай Б. 410ОМ АиГ 4 Бақылау сұр.

Үшінші кезең – бастың шалқаюы. Бұлкезең ұрық басы үлкен сегментімен шығаберіс қуысында орналаса отырып, қасағаның төменгі қырына шүйде ойығымен тірелгенде басталады. Осы кезде ұрық айналу нүктесін түзеді (гипомахлион). Ұрық басы айналу нүктесінде айнала отырып, шалқаяды да, туылады. Күшенудің нәтижесінде жыныс санылауынан төбе, маңдай, беті мен иегі туылады. Ұрық басы кіші қиғаш өлшемге сәйкес айналымы бар вульварлы сакина аркылы өтеді.
Төртінші кезең - дененің ішкі және бастың сыртқы бұрылысы. Ұрық иығы жамбас кіреберісінің көлденен өлшеміне сәйкес орналасады. Ұрық жылжыған сайын, иықтары кіші жамбас қуысынын тар бөлігінде көлденең өлшемнен киғашқа, содан кейін жамбас шығаберісінің тура өлшеміне сәйкес ауысады. Алдыңғы иық қасағаға, ал арткы иығы сегізкөзге карайды. Иыктардың бұрылысы туылған басқа беріледі де, ұрык шүйдесі анасының сол жак (1 позицияда) немесе оң жак (II позицияда) санына карайды. Нәресте келесі кезектілікпен туылады: алға қараған иықтың жоғарғы 1/3 - омыртқанын бүйірлік бүгілуі - артқа қараған иық - ұрық денесі. Осы аталған босану механизмінің кезендері синхронды жүзеге асады.
Ұрық басы ішкі бұрылысын жасағанға дейін, кіреберіс жазықтығында немесе жамбас куысының кен бөлігінде орналасуында жебе тәрізді жік қиғаш өлшемдердің бірінде орналасады. Кіші еңбек сол жақта (бірінші позицияда) немесе он жақта (екінші позицияда) алдында, үлкен еңбектен төмен орналасады. Үлкен және кіші еңбектердің қатынасы бастың бүгілу дәрежесімен анықталады. Тар бөлікке дейін кіші енбек үлкенінен сәл төмен. Тар бөлігінде жебе тәрізді жік тура өлшемге жакындайды, шығаберіс жазыктығында - тура өлшемде болады.
Бас пішіні туылғаннан кейін шүйде жағына сәл созылған - долихоцефалиялык, конфигурацияға және босану ісігінін пайда болуына байланысты.
Шүйдемен келудің арткы түріндегі босану механизмі. Босанудын бірінші кезенінің соңында шамамен 35% жағдайда ұрық шүйдемен келудің артқы түрінде орналасып, тек 1% жағдайда ол артқы түрде туылады. Қалған жерде ұрық 135˚ бұрылыс жасап, алдыңғы түрде туылады.
Босану механизмі келесі кезеңдерден тұрады:
Бірінші кезең - ұрық басының жамбас кіреберісінде немесе кіші жамбастың кең бөлігінде бүгілуі. Ұрық басы бұл кезде жамбас кіреберісіне жиі оң жак киғаш өлшемге сәйкес қондырылады. Бастауыш нүкте кіші еңбек болып табылады.
Екінші кезең - кіші жамбас куысының тар бөлігінен кең бөлігіне өту кезінде бастың ішкі бұрылысы. Жебе тәрізді жік қиғаш өлшемнен тура өлшемге өтеді, шүйдесі артқа қараған. Бастауыш нүкте кіші және үлкен еңбек арасындағы облыс болады.
Үшінші кезең - ұрык басы бұрылғаннан кейін, бастың максимальды косымша бүгілуі, осы кезде үлкен енбектің алдынғы кыры қасағаның төменгі қырына келіп, бірінші айналу нүктесін түзеді. Осы айналу нүктесі жанында бастың косымша бүгілуі болып, шүйдесі туылады. Осыдан кейін шүйде асты ойығы құйымшаққа тіреліп, екінші айналу нүктесін түзеді, оның жанында бас шалқайып (төртінші кезең) туылады.
Бесінші кезең - дененің ішкі және бастың сыртқы бұрылысы. Ұрық басы орта қиғаш өлшемге сәйкес айналыммен (33 см) туылады. Туылғаннан кейінгі бас долихоцефалиялык пішінге жакындайды. Босану ісігі үлкен еңбекке жақын, төбе сүйегі үстінде орналасады.
Шүйдемен келудің артқы түрінде босану механизмінің бірінші кезеңі ерекшеліксіз өтеді. Екінші кезеңі бастың максимальды қосымша бүгілуіне байланысты ұзақтау. Егер босану кызметі жақсы болса, ал басы баяу жылжыса, жамбас өлшемдері калыпты болған жағдайда шүйдемен келудің артқы түрін болжауға болады. Босанудың екінші кезеңінің ұзақтығы мен бастың максимальды қосымша бүгілуі кезінде босану жолдары қысымының жоғары болуы ұрық гипоксиясына, ми кан айналымының бұзылысына, церебральды зақымдалуларға әкелуі мүмкін.
Партограмма:

Партогграмма толтыру.

  1. Босанушы әйелдің аты –жөні

  2. Акушерлік мәліметтер жүктілік және босану саны

  3. Босану тарихы

  4. Босану бөліміне түскен күн және уақытын

  5. Сусыз кезеңін сағатпен жазады



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет