61.Қиял-ғажайып ертегілер - қазақ ауызәдебиетінің ең көне жанрларының бірі.
Қазақ ертегілері мазмұнына қарай :
1.Қиял – ғажайып ертегілер.
2.Хайуанаттар жайындағы ертегілер.
3.Тұрмыс – салт ертегілер және аңыздар.
Қиял ғажайып ертегілер қазақ ертегілерінің ішінде еңкөнесі болып табылады. Көп дәуірді бастан кешірген, өзгерістерге көп ұшыраған. Қиял-ғажайып ертегілерініңекі саласы бар:
бірі қазақ ертегілерінің өз тумасы,
сырттан келген ертегілер (үнді, парсы, араб, моңғол, Алтай, Сібір елдерінен келген ертегілер)
Сырттан келген ертегілер қазақ ертегілерімен араласып, жаға бір мазмұнға, түрге ие болған.
Қазақ қиял- ғажайып ертегілерінің кейіпкерлері;
ай десе-аузы, күн десе-көзі бар сұлу
алтын шашты қыз
жалмауыз кемпір
жезтырнақ
жалғыз көзді жалмауыз
мыстан кемпір
айдаһар
жеті басты жылан
алып қара құс
тұлпар ат
басы алтын, арты күміс киік
Бұлардың бір тобы ертегі кейіпкерінің досы болса, біртобы қас жауы болып әрекет етеді. Бұл кейіпкерлердіңарасында кейде дос, кейде қас болып кездесетіндері дебар. Оларға: таусоғар, көлжұтар, көреген, желаяқ, саққұлақ, жұмбақ жар, жылан патшасы, басы алтын киікжатады. Қиял ғажайып ертегілерінде зұлымдықтыжеңетін күш- адам. Ол не әлсіз бала жігіт, не кедейдіңжалғызы, не адал еңбекпен күнін көрген аңшы мен мерген ер болып келеді.
62.Ертегілерде адамзаттың ертедегі өмірінің көптеген белгілерінің сақталуы.
Мысалы, Қиял - Ғажайып ертегілер алғашқы қауымдыққоғамда туа бастаған деген болжам бар. Оны ертегілердекездесетін өте ертедегі қоғамдык өмірдің қалдыктарынанбайқауға болады. матриархат заманына тән аналық ру мен көптеген әдет - ғұрыптардың көріністери ертезамандағы анимизм, тотемизм, магия сияқты дінинанымдар мен сенімдер, т.б. Бірақ көне дәуірдің бұлкөріністерін кейінгі заманда халық тек қиял деп түсінген.
Достарыңызбен бөлісу: |