1. Фольклор жанрлары. Фольклор, оның ерекшеліктері мен жіктелуі


Қиял-ғажайып әңгімелерде күрделі оқиғалардың орын алуы



бет51/112
Дата02.12.2023
өлшемі0,72 Mb.
#132087
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   112
Байланысты:
1. Фольклор жанрлары. Фольклор, оның ерекшеліктері мен жіктелуі-emirsaba.org

67.Қиял-ғажайып әңгімелерде күрделі оқиғалардың орын алуы.
Қиял-ғажайып ертегілерінің сюжетіндегі негізгі мотивтер: ғажайып туу, қалыңдық ұрлау,ғажайып уәде және орындау, кейіпкердің өліп– тірілуі, ғажайып қашу, тыйымды бұзу, ұрлапәкету, қалыңдықты алмастыру, кейіпкердің таңғажайып өлімі, т.б. Сюжет күрделі болса, соғұрлым мол мотив көрінеді. Мотивтердің күрделенуінің қарапайым түрі – қайталау, яғни қандай да бір фольклорлық мәтіннің бірнеше рет қолданылуы. Бұл көркемдік әдісті ертегі кеңінен қолданды.Мотивтер сюжеттердің жалпы идеясын таныту үшін әртүрлі мазмұн иеленіп, белгілі бір тәртіпке бағынады. Мұндай сюжеттің басты құрылымдық сапасы кульминацияға сәйкес келетін орталық мотивке топтасады (мысалы, жыланмен соғыс). Басқа мотивтер сюжетке салыстырмалы түрде еркін бекітілген. Мотивтердің қандай да белгілі маңызды белгісі сюжетте қайталанады. Мәселен, кейіпкердің үш басты, алты басты, тоғыз басты жыландармен шайқасы арқылы осы мотивтің сюжет ішіндегі күрделенуін көруге болады. В.Я. Пропптың «Морфология сказки» атты еңбегінде ертегі сюжетін құрайтын мотивтердің негізін ертегілік кейіпкерлердің қажетті әрекеттерін бөліп көрсетіп, оларды «функция» терминімен атап, қиял-ғажайып ертегілерінің сюжеті бірығайлыққа, мотивтер қызметтерінің бірізділігіне құрылған тізбектен тұрады деп есептеген. В.Я. Пропптың анықтауынша, ертегідегі мотивті табу үшін әрекет етуші персонаждардың қызметін тану керек, сондай-ақ субъектіні (әрекетті жүзеге асырушы), объект әрекетке бағытталған персонажды, ертегілік мотивтер үштік мән иеленеді. Үш тапсырма, үш рет сапар шегу, үш рет кездесу т.б. Бұл эпикалық ырғақ, философиялық мазмұн мен сюжеттік әрекеттің динамикалы, үдемелі сюжетін танытады.Бірақ үштік сюжеттің басты идеясы кейіпкерді дәріптеуге қызмет етеді. Мысалы, айдаһардың басының санының өсуі, яғни қарсылас жаудың күшін еселеу кейіпкердің ерлігінің арта түскенін көрсетеді. Кейіпкердің жеңістерінің арта түсуі – оның сынағының күрделенуі арқылы көрінеді.


68.Көне эпоста дүниенің жаралуы туралы мифтік ұғымдардың көрініс табуы.

Шаманизм көне дәуірдегі қоғамның әдет-ғұрпын көрсетуде, сондай-ақ магиялық әрекеттің әртүрлі нысандарында мейілінше белсенді рөл атқарады. Фольклор (мифология) -таңбалық, ауызша-дыбыстық материалдану, адамдардың қарым-қатынас жүйесіндегі әрекеттердің көрінісі.Шаманизм сөзінің ұғымы біршама бұрмаланып жүргенін айта кеткен жөн. Ал шындығында ол термин ретінде семантикалық жағынан көп мағына береді, сондай-ақ анимизмді, готемизмді, магия мен фетишизмді, ата-бабалардың нанымын, генетикалық тұрғыдан әртүрлі, бізге беймәлім діни бағыттары болған көне дәуірде қалыптасқан өзге де құбылыстарын қамтиды. Шаманизм туралы осындай пікірді С.А.Токаревтің еңбегінен кездестіруге болады. Анимизм мен нанымның көнелігі дүниедегі барлық заттық нысанды жандандырудан байқалады. Демек, шаманизм мейілінше кең ауқымды институт болып табылады, ол көне заманның әр деңгейдегі діни парадигмасын бір-біріне қарсы қоймай, біріктіреді. Соңғы ғасырлардағы этнографиялық зерттеулер көрсеткеніндей, Жер шарының әр құрлығын мекендейтін тайпалар мен халықтардың шамандығында өзіне тән типологиялық қырлар болады.Соның бір мысалы, фольклордың шамандық-центристік сипатына орай (шартты түрдегі термин — А.Ж.), сондай-ақ наным, магия, тәжірибе, көзқарас жүйесіне байланысты әр халықта шаман ұғымы әр алуан терминдермен аталады. Ежелгі мәдениеттің шамандық-центризмі көне замандағы діни өмірдің бәрінде де жиі байқалады, ол магия ретінде де, емші ретінде де, астролог ретінде де, рухпен байланыстырушы ретінде де, сәуегей ретінде де, жыршы ретінде де, көбіне-көп тайпаның көсемі ретінде де көрініс береді. Шаман идеологиясын мифтік шығармашылықтан, ғарыш пен табиғаттың рухына табыну сипатынан, ата-бабалардың нанымын қолдаудан, көктегі, жердегі, жерастындағы үш дүниенің бірлігі туралы ортақ түсінікті қалыптастырудан, жан мен дененің полиморфизмі түсінігінен анық байқауға болады. Еуразияның әртүрлі халықтары мен тайпаларының, түркілердің, моңғолдардың, славяндардың, тунгустардың, тибеттердің, финдердің, дравидтердің және т.б. шаманизмін типологиялық жағынан салыстыру, фольклорға талдау жасау ғарыш құрылымы туралы бағзы замандағы адамдардың әмбебап түсініктерін бөліп қарауға теориялық мүмкіндіктер береді, оның өзі үш бірліктегі дүниенің метафизикалық көрінісімен айқындалады. Біртұтас дүниенің үштік композициясы Махабхаратада, тибеттің өлілер Кітабында, египеттіктердің өлілер Кітабында, Авестада, көне пехлевилік мәтіндерінде, табынудың көне түркі кітабында айтылады, ол әлемдік фольклор сюжеттеріне де арқау болған. 3 саны дүниенің метафизикалық архигектоникасын түсіндіретін алгоритмнің негізгі саны болып табылады. Әртүрлі этникалық мәдениеттердің тарихи кезеңінде бұл аталған сан вариативтік байланысқа түсті, сонымен бірге семиттік Қасиетті Жазбаларда (Таурат, Құран) 7 саны қасиетті саналады, славян мифологиясында 3 пен 9 (үш тоғыз жердің арғы жағында) тәртібі туралы үнемі айтылады, түркі фольклорында 9 санына мән беріледі, алтайлық түркілерде, мәселен, 99 санын қасиетті санайды.Кезінде Шоқан Уәлиханов өзінің "Қырғыздардағы шамандықтың белгілері" атты очеркінде дүниенің архитоникасы туралы әмбебап түсініктің болуына назар аударды. Этно-лингвист Т.Өмірзақов терминологиялық қайта қалпына келтіруге байланысты метафизикалық көріністі былай сипаттайды: әлем, дүние бір-бірімен байланысты үш жүйеден тұрады. Тоғыз қабатты көк әлемін Тәңір деп атайды, ол физикалық дүниеге билік етеді. Шамандар Көк Тәңірінің 9-шы көкте тұратындығын айтады және оның аты Көк Тәңірі делінеді. Адамдардың, тірі табиғаттың физикалық дүниесін Телекей деп атайды, ол жалпы архитектониканың ортаңғы бөлігінде болады. Жын-шайтандар, өлгендер, ұрпақ өсіруге қарсы шығушылар, сол дүниені билеушілер мекендейтін жеті қабатты трансфизикалық (хтоникалық) дүние физикалық деңгейдің "астыңғы жағында" болады. Дүниелердің ара қатынасында өзінің діни метафизикалық аспектісі болады, ол алдын ала болжау принципінен көрінеді. Телекей дүниесінде әділ өмір сүрген, барлық уәдесін орындаған адам бұл дүниеден "кеткесін" әруақтар тобына қосылып, жоғарғы әлемнің бірінің тұрғынына айналады. Неғұрлым жоғары деңгейге көтерілген аруақтар құдыреттің өзіне айналып, Тәңірмен жүздеседі, сосын "пір" атағын алады, яғни көктің тұрғыны атанады. Ал оған қарама-қарсы жағдайдағы күнәлі адамның тағдыры, жаны Теңіз деп аталатын дүниенің төменгі қабатына түседі, ол онда жын-шайтандардың қуғынына ұшырап, бір деңгейден екіншісіне ауысып отырады немесе олармен одақтас қатынас орнатуға мәжбүр болады. Адамның жын-шайтандармен одақтасуы оның тірі кезінде де болуы мүмкін, шамандар "сол қол" деп атайтын ондай қатынастар қара шамандық түрінде көрінеді. Шамандық діни тәжірибе сюжеттері және сол тәрізді жанрлар, сондай-ақ қолынан бәрі келетін ұлы шамандар туралы аңыздар осындай жын-перілермен, не жоғары дүниедегі рухтармен (аруақтармен немесе пірлермен) байланысты мазмұнда өріледі. Әлемдегі кеңінен таралған діндерден шаманизм өзінің спиритуалистік сипатымен немесе өзге дүниелердің тіршілік иелерімен рухани қатынастағы айырықша рөлі арқылы ерекшеленсе керек. Шаманизмнің дүниетанымдық аспектілерінде метафизикалық және трансфизикалық әлем деңгейі бойынша қайта жаратылуға байланысты жанның қозғалысқа түсуі сезіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   112




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет