1. Фольклор жанрлары. Фольклор, оның ерекшеліктері мен жіктелуі


Қазақтың көне эпостары:Құламерген,Таласбай мерген Құламерген” – қиял-ғажайып ертегі жыры. “Құламерген – Жоямерген”



бет59/112
Дата02.12.2023
өлшемі0,72 Mb.
#132087
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   112
Байланысты:
1. Фольклор жанрлары. Фольклор, оның ерекшеліктері мен жіктелуі-emirsaba.org

79.Қазақтың көне эпостары:Құламерген,Таласбай мерген Құламерген” – қиял-ғажайып ертегі жыры. “Құламерген – Жоямерген”,
“Аламан – Жоламан”аталатын ертегілердің сюжеті негізінде Омбыөңірінде туып өскен Бектасов Әбдірахман өлең түрінде жазған. “ Құламерген” жырының мазмұны осы аттас ертегі желісімен бірдей. Жыр 1889, 1909 жылдары Қазан қаласында жарық көрді. Жыр батырлық пен ерлікті дәріптеп, қандай дүлей күш болса да жеңе алатын ержүрек, қаһарман батырды аңсаған ел арманын мазмұндайды. Жырдың бірнеше нұсқасы бар. Олар Қазан университетінің Шығыс қолжазба қорында, Қазақстан Ғылым Академиясы Орталық ғылыми кітапхана қорында, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының қолжазбабөлімінде сақтаулы Дотан батыр«Дотан батыр»– мифтік-ертегілік сарындары басым болғанмен, кейінгі эпикалық дәстүрмен байытылған көне эпостың бірегей үлгісі. Сондықтан шығарманың мазмұнында қазақ пен қалмақ арасындағы жаугершілік заманды суреттейтін оқиғаларға да елеулі орын беріледі. Дегенмен бұл сюжеттер көне эпоста аса кеңтараған батырдың қалыңдық іздеу мақсатындағы жорығымен сол сапардағысыннан өту мотивіне байланысты туындап, өріс алады. Шығармадағы ежелгі тұрмыс-тіршілік, батырдың қалыңдық елінде ұзақ тұрып қалуы сияқты ана еркі қоғамынан қалған сарындар эпостың байырғы көне сипатын айғақтайды. Жыршы Жүсіпбек Шайхысламұлы шығарманы халық арасынан алғаш жазыпалып, өзінше толықтырып, ХІХ ғасырдың аяғымен ХХ ғасыр басында бірнеше мәрте Қазанда жеке кітап түрінде бастырды (1884, 1903, 1915), кейін ол «Батырлар жыры» жинақтарында (1961, 2008) жарияланды. Еліміздің сирек қолжазбалар қорында жырдың М. Жүcіпов, А.Cегізбаев, Қ.Амантаев, Б. Қозыбақов жеткізген өзгеде 4 нұсқасы сақталған.


80. Шешендік сөздер. Шешендік сөздердің мазмұнына қарай үшке бөлінуі.

Шешендік келеді. Шешендік сөздер жазба әдебиетке жақын жанр. Оқиғаларының реалистігі, тілінің әдебилігі және белгілі халық ойшылдарының (Майқы би, Аяз би, Жиренше шешен), шешен, билердің (Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би) аттарымен айтылатындығы бұл пікірді растай түседі. Шешендік сөздердің көпшілігі әуелгі қалпында сақталмаған. Жаттап алып таратушылардың, әр буынның өңдеп өзгертуімен, уақыттың сынынан өтіп, ұзын-ырғасы, тобықтай түйіндері, түйіп айтқан тұжырымдары қалған. Ішінара айтушылардың есімдері де сақталған. Негізінде қоғамдағы қиянаттарға, әділетсіздіктерге қарсы қарапайым халық өкілдері білдірген наразылық ретінде туындаған Шешендік сөздердің нұсқалары өзін тудырған қоғаммен, себептермен бірге жойылып, біздің заманымыздағы қызметі көркем әдебиетке ауысты. Шешендік сөздер – тапқырлық пен шешендікке үйрететін көркем сөз үлгісі ғана емес, халықтың көне тарихымен бірге жасап келе жатқан тәрбиелік мәні зор халық даналығы. Ол түркітектес халықтардың көпшілігінде сөздер:Шешендік сөздердің мазмұнына қарай үшке бөліңуі: Шешендік сөздер – қоғам өміріне, табиғат құбылыстарына байланысты терең ой, бейнелі шебер тілмен айтылған халық шығармасы, тапқырлық сөздер мен Тұжырымдар; қазақ ауыз әдебиетіндегі шағын көлемдегі дидактикалық жанр. Жанр мазмұнына қарай шешендік арнау, шешендік толғау, шешендік дау болып үш салаға бөлінеді. Даудың әрқайсысы бірнешеге (жер, жесір, құн, мал, ар даулары) жіктеледі. Шешендік арнау бата, тілек, әзіл-сын, көңіл айту, естірту, т.б. нұсқалардан тұрады. Шешендік толғауға қоғам, заманға байланысты тағылым-тәрбиелік мәні бар тақпақ, термелер жатады. Ал шешендік дауларда сол қоғамға тән қылмыстық, азаматтық істерді шешуге қатысты шешендік, тапқырлық сөздер, ұйғарымдар бейнеленеді. Шешендік сөздер мазмұны мен құрылысы жағынан мақал-мәтелге, аңыз-әңгімелерге, толғауларға, айтыстарға жақын. Композициялық құрылысына қарай пернелі сөз, термелі сөз болып екі топқа бөлінеді. Қара сөзбен айтылғандары – пернелі сөз, толғау, тақпақ түріндегілері термелі сөз деп аталады. Шешендік сөздер сонымен қатар түсінік пен түйінді сөздерден құралады. Түйінді сөз тұрақты, түсінік сөз ауыспалы мағынада келеді. Шешендік сөздер жазба әдебиетке жақын жанр. Оқиғаларының реалистігі, тілінің әдебилігі және белгілі халық ойшылдарының (Майқы би, Аяз би, Жиреншешешен), шешен, билердің (Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би) аттарымен айтылатындығы бұл пікірді растай түседі. Шешендік сөздердің көпшілігі әуелгі қалпында сақталмаған. Жаттап алып таратушылардың, әр буынның өңдеп өзгертуімен, уақыттың сынынан өтіп, ұзын-ырғасы, тобықтай түйіндері, түйіп айтқан тұжырымдары қалған. Ішінара айтушылардың есімдері де сақталған. Негізінде қоғамдағы қиянаттарға, әділетсіздіктерге қарсы қарапайым халық өкілдері білдірген наразылық ретінде туындаған Шешендік сөздердің нұсқалары өзін тудырған қоғаммен, себептермен бірге жойылып, біздің заманымыздағы қызметі көркем әдебиетке ауысты. Шешендік сөздер – тапқырлық пен шешендікке үйрететін көркем сөз үлгісі ғана емес, халықтың көне тарихымен бірге жасап келе жатқан тәрбиелік мәні зор халық даналығы. Ол түркітектес халықтардың көпшілігінде.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   112




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет