1. Фольклор жанрлары. Фольклор, оның ерекшеліктері мен жіктелуі


Бейнелеу тәсілдері. Композиция



бет66/112
Дата02.12.2023
өлшемі0,72 Mb.
#132087
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   112
Байланысты:
1. Фольклор жанрлары. Фольклор, оның ерекшеліктері мен жіктелуі-emirsaba.org

95. Бейнелеу тәсілдері. Композиция.
Лирикалық өлеңдегі тармақ пен шумақ, бунақ мен буын.
Тармақ – қазақ поэзиясында өлең ырғағының негізгі бөлшегі, буын саны тұрақты келетін өлең жолы болып табылады. 
Шумақ – өлең сөзде бірнеше тармақтың белгілі ретпен топтасуы. Өлең-жырларда бір шумақ екі жолдан, яғни тармақтан басталады. Мағынасы, ішкі құрылысы жағынан жекеленген екі тармақ (екі жол өлең) шумақтың қарапайым, ықшам түрі. Шумақ - мақал-мәтел, нақыл сөздерде мол қолданылады. Шумақтың көлемді өлең-жырларда ең көп кездесетіні төрт тармақты болады. Поэзияда алты, сегіз тармақты шумақтар қолданыла береді.
Бунақ – өлең тармағының (жолының) ырғақтық құрылысы жағынан жекеленген бір бөлшегін құрайтын буындар тобы; сөз өлшемі, ырғақтық пауза. Өлеңнің әр тармағы екі, үш, төрт буынды бунақтарға бөлінеді.
Буын – өлең буынының ырғақтық құрылысы жағынан жекелеген бір бөлшегін құрайды. Өлеңдегі сөз өлшемінің ырғаққа бөлініп айтылуына негізделеді. Өлеңнің әр жолы екі, үш, төрт буынға бөлінеді.
Лирикалық өлеңдерде эмоция, сезім басым болады. Лирика – дара ойдың жемісі, ол шабытты жыр. Ақынның лирикалық шығармашылығының өнбойынан идеялық-көркемдік негіздің тек ақынға тән ерекшелігін аңғарамыз.Мұнда ерекшелікті ақын шығармашылығының мазмұны мен пішімінеқатысты стиль арқылы қарастырамыз. Стиль - әр суреткерге тән ерекшелік. Стиль – ақынның өмір шындығын танып-білу, сезіну қабілетін бейнелеушеберлігін, өзіндік суреткерлік тұлға білімін танытатын даралық өзгешелігі,жазу мәнері, қолтаңбасы. Әдеби ағым тарихи категория: белгілі бір қоғамдықжүйенің белгілі кезеңдегі белгілі саяси әлеуметтік сипатына сәйкес туады да, сонымен бірге дамып, бірге жоғалып отырады. Әдіс – стиль емес, ағым даемес бір сөзді кең мағынасында алып, оған процесс, тәсіл деген ұғымдардысыйғызып отырады. Әдіс іс жүзінде осы ұғымдардың қызметін қосаатқарады. Көркемдік әдіс алдымен шындықты шын мәніндегі ақынның өзкөзімен образды түрде тану жолы, содан соң өзі таныған шындықтыбар өнерінмен шеберлігімен жырлап жинақтап, өзгеге таныту жолы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   112




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет