1. Фольклор жанрлары. Фольклор, оның ерекшеліктері мен жіктелуі


Фольклорлық шығармадағы портрет, мінездеу, уақиғаның шарықтау шегі және эпилог



бет137/148
Дата26.04.2022
өлшемі266,62 Kb.
#32361
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   148
Байланысты:
1. Ôîëüêëîð æàíðëàðû. Ôîëüêëîð, îíû? åðåêøåë³êòåð³ ìåí æ³êòåëó³

142. Фольклорлық шығармадағы портрет, мінездеу, уақиғаның шарықтау шегі және эпилог.

Әдеби портрет, ең алдымен, суреткердің ойынан, қиялдық бейнелеу шеберлігінен, реалистік дүниетанымынан сыр тартатын, зерттеушіге ең қажетті ақпараттарды беретін мәліметтер көзі. Сондықтан көркем шығармадағы әдеби портреттер бүгінгі таңда арнайы зерттеу нысанына айналып, оның ерекшеліктерін айқындауға шағын ғылыми мақалалардан бастап, көлемді монографиялар, диссертациялар жазылды. Бұл орайда, академик Р.Нұрғали «Әдебиет теориясы» атты оқу құралында «Әдеби бейне» атты мақаласын жариялады. Онда әдеби портреттің қалыптасуы туралы ойлар айтылған: «Көркем шығарманың сапасы, құны, негізгі қасиеті – бейнеленген обьектісімен, кейіпкерлер нобайымен оп-оңай айқындалмайды. Өнер құбылыстарды философиялық тұрғыдан терең бейнелеу үшін адам характеріне, мінезге зер салады. Әдеби ұғымдағы характер – адамның белгілі бір жайтқа өзінің қатысын білдіруі, басқаға қарағанда, даралық ерекшелігі, жанды, өміршең қалыптағы бөлек сипаты. Портретке бірінші тән қасиет – ұлттық ерекшелік, ұлттық бояу. Олай болса, ешбір суреткер ешқашан да тілге, ұлттық бояуға зорлық жасай алмайды.

Біз мысалға келтірген жоғарыдағы қарт марал, шыбынсыз жаз, той қылып жатқан ауыл – дегендердің барлығы қазақ ұғымдары» [1, 147]. Ғалымның бұл пікірді М.Әуезовтің «Абай жолы» романына қатысты айтып отырғаны белгілі, ал роман тұп-тұтас ұлттық портреттердің бояуы қанық галереясын жасап берген. Мәселен, Құнанбайдың портретін алайық:«Әкесінің ат жақты келген, ұзын сопақ басының құлақтан жоғарғы жері қаз жұмыртқасындай көрінеді. Онсыз да ұзын, үлкен бетіне, ұп-ұзын боп, дөңгелей біткен сақалы қосылғанда, басы мен беті бір өңірдей. Сонда, Құнанбайдың жалғыз сау көзі, оның көтеріңкі жал-тұмсығының сол иығына шығып алып, қалғымай, сақшыдай бағып, осы өңірді қалт етпей күзетіп тұрған сияқтанады. Қоя берсін, салғырттығы жоқ, сергек қатал күзетші.

Жалғыз көз шүңет емес, томпақша. Тесіле, сыздана қарайды. Кірпігін де сирек қағады. Иығына бота ішігін жамылып, шалқия отырып сөйлеген Құнанбай осы үйде әркімге қарамайды. Қарсысына таман отырған Сүйіндікке ғана қадалып сөйлейді» [4, 21]. Осы портреттен Құнанбайдың бүкіл мінез болмысы, бітімі, ішкі күйі, жалпылама алғанда, келбет-көрінісі түгел танытылған. Әрі ол Құнанбайдың алдағы істерінен толық мағлұмат беріп, сыр тартады. Әлбетте, жазушы Құнанбайдың өзінің бейнесін көзімен көрген жоқ, оны ауылдағы информанттардан, ақсақалдардан естіді. Оған өзінің қиял күшін қосып дамытып, нәтижесінде айбынды, мысы басым, қаһарлы тұлғаның кесек бейнесін дүниеге әкелді. Бір ғажабы, осы портрет А.Левшин сипаттаған Құнанбай бейнесінен алшақ кетпейді. Осыған қарап, Р.Нұрғалидың төмендегі ойының шынайы әрі әділ берілгенін көреміз: «Бейне үшін дыбыс, сөз, сөз тіркесіндегі бейнелілік, әуезділік, бояу – аз. Білімділік, ділмарлық, көп көру – бұл да жеткіліксіз. Дүниеге шығарма әкелетін қуатты күш – көзі ашық дүниетанымға сүйенетін суреткер қиялы, қанатты фантазия.

Қып-қысқасы өмірлік шындық пен көркем шындықтың арасындағы көпір, оларды жалғастырушы буын, мағыналы арна – бейне.

Шығармада суреттелетін әрекет дамуының ең жоғары шиеленіс биігіне жеткен тұсы шарықтау шегі деп аталады. Шарықтау шегінің мазмұндық мәні шығармадағы проблемалардың ең жоғарғы ұшығына келіп тірелуінде жатыр. Шарықтау шегі (латншы-шың)-сюжеттік дамудың ең жоғарғы сатысы; адамдар арасындағы қимыл-әркеттің мейлінше күшейіп, өрбіп жеткен жері, шығармалардағы драмалық тартыстың өрістеп шыққан биігі. Шығарма сюжетін күллі кезең-кезеңімен тұтастырып, белгілі біл бүтіндікке, үндестікке әкеліп тұрған композицияның ең жауапты тұсы осы. Сайып келгенде, сюжеттік шарықтау-шығармада суреттелген барлық шындық құбылыстар мен өзекті оқиғалардың шоғырлану шоқтығы.

Эпилог – көркем шығарманы қорытындылайтын компонент. Эпилог негізгі оқиға желісінен бөлек тұрса да авторлық идеяны толықтыра түсіп, шығарманың басты кейіпкерлері жайында қысқаша мәлімет береді, олардың кейінгі іс-әрекеттерінің жалғасын көрсетеді. Драмалық шығармаларда автордың айтайын деген ойы кейіпкерлердің сөздері арқылы Эпилепсията берілуі мүмкін. Романдар мен повестерде Эпилепсия шешімнен соң орналасып, негізгі оқиға аяқталғаннан кейін белгілі бір уақыт өткен кездегі кейіпкерлер іс-әрекетінен хабар береді. Қазақ әдебиетінде М.Әуезовтің “Абай жолы” эпопеясында Эпилепсиятың классик. үлгісі қолданылған. Кейде ол Эпилепсия деген айдармен бөлінбей-ақ, бірнеше жолдармен берілуі мүмкін (Б.Майлин, “Шұғаның белгісі”, Ш.Айтматов, “Жәмилә”). Кей жағдайда эпилогта суреттелген оқиға жөнінде автордың философиялық, эстетикалық, адамгершілік жөніндегі тұжырымдары айтылады (Ғ.Мүсіреповтің “Ұлпан” романындағы сөз соңы).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   148




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет