1. Фольклор жанрлары. Фольклор, оның ерекшеліктері мен жіктелуі


Фольклорлық шығарманың тақырыбы мен идеясы, образ, композиция және сюжет



бет133/148
Дата26.04.2022
өлшемі266,62 Kb.
#32361
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   148
140. Фольклорлық шығарманың тақырыбы мен идеясы, образ, композиция және сюжет.

Тақырып-өнер туындысының іргетасы.

Жазушының шындық болмыстан таңдап,талғап алып,өзінің көркем шығармасына негіз,арқау еткен өмір құбылыстарының тобын тақырып дейді.



Тақырып–жазушы суреттеп отырған өмір құбылысы болса,идея–жазушының сол өзі суреттеп отырған өмір құбылысы туралы айтқысы келген ойы,сол өмір құбылысына берген бағасы.

Тақырыптан идея,идеядан тақырып туады.

Үйдің қабырғасын салып,төбесін жаппас бұрын іргетасы қаланатыны секілді, көркем шығарманың туу процесі де тақырыптан басталатыны даусыз.“Бәрінен бұрын тақырып пайда болады,—дейді Валентин Катаев,—пайда болады да,жазушыны азапқа сала бастайды. Тақырып санаға сіңіп,ойға орныққан сайын,адам,зат образдары,болашақ пейзаж жұрнақтары туып,тұтаса береді”.

Жазушыны өмірде болатын кезкелген құбылыс жаппай қызықтыра бермейді. Ол өз мақсатына керек құбылысқа ғана қызығады. Болашақ көркем шығармаға негіз болатын да сол—суреткер қызыққан құбылыс.

Жазушы өз шығармасына тақырып етіп өмір құбылыстарын таңдап алғанда, оларға өзінің бағасын береді; ол бағада жазушының дүниеге көзқарасы жатады.Өмірге үн қосу әрекетінен келіп әр жазушының әр шығармасының идеясы туады.

Мазмұн мен пішіннің байланысы секілді тақырып пен идея да әрқашан бірлікте болады. Тақырыптан идея, сондай-ақ идеядан тақырып туып жатады.Идеясыз тақырып,тақырыпсыз идея болуы мүмкін емес.



Кейде, шартты түрде, шығарманың тақырыбы — сауал да, идеясы—жауап деуге болар еді. Бір сауалдың бір емес, бірнеше жауабы болатыны секілді, бір тақырыптан бір емес,бірнеше идея тууы мүмкін.

Әдебиет туралы ғылымның ең басты және өзекті мәселесі – образ және образдылық.Әдебиеттің объектісі - өмір болғанда,предметі–адам екенін ескеру керек. Чернышевский сөз өнерінің «шын мазмұны– тек адам өмірі»дейді. М.Горький өзінің«Кәсіп туралы кеңесінде»көркем әдебиетті «Адамтану» деп атайды.

Адам тағдыры–жазушы үшін шығарма арқауы ғана емес,өмірді танудың өзгеше тәсілі деуге болады.Демек,әдебиеттің предметі–адам дегенде, әңгіме дайын әдеби қаһарман жөнінде емес, қаламгердің сол қаһарманды жасау үстіндегі барлық творчестволық әрекеті туралы болуға тиіс.

Қаламгерге көркем шығарма туғызу үшін бәрінен бұрын материал керек.Ал материаланын табудың суреткерлік тәсілі – сол дәуірдегі адам тағдырын қазу,қопару,тірі құжаттарды зертеу.

Әдебиеттегі адам бейнесін жасаудың шешуші шарты- ойдан шығару.Ойдан шығару- образға барар жол; суреткердің өмірде көрген-білгенін ойша өңдеудің, қорытудың, жинақтаудың тәсілі. Ойдан шығару жоқ жерде әдебиеттегі адам туралы мүлде ұғым болуы мүмкін емес.Яғни шығармада суреттелер шындықты сұрыптау тәсілі, адам тұлғасын әрі жинақтау, әрі даралау тәсілі.

Образдың қазақшасы – көркем бейне. Ең қарапайым мағынасында образ –суретті сөз.

Күлімсіреп аспан тұр

Жерге ойлантып әрнені.

(Абай)


Осы жолдарда жансыз табиғат емес, кәдімгідей, қимыл құбылыс елестеп кетеді.Осының бәрін көзбен көріп,сезінетін секілдіміз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   148




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет