149. Ауыз әдебиетіндегі өлең ұйқастары: қара өлең ұйқасы, шұбыртпалы ұйқас, ерікті ұйқас.
Ұйқас — өлең тармақтарындағы аяққы сөздердің дыбыстас естілуі, үндестігі. Жалпы ұйқас ырғақты күшейтеді, тармақ жіктерін ажыратады. Ұйқас өлең жолдарын бір-біріне келген дейді, өлеңнің шумақ, тирада сияқты бөліктерінің әрқайсысын бір бүтін етіп тұтастырады, соңдықтан әр шумақтың немесе әр тираданың ұйқасы, суреті өз алдына бөлек-бөлек болып келеді.
Қара өлең ұйқасы. Бұл бұрыннан келе жатқан ұйқастың бір түрі. Қазақ халқының фольклорындағы тақпақ, бір ауыз өлеңдерінің көбі осы ұйқаспен құрылған. Бұл ұйқасты күні бүгінге дейін көп жайылған ұйқас деп айтуға болады. Қара өлең ұйқасының өзінше ерекшелігі 1-2-4-жолдары ұйқасады да, 3-жолы ылғи ұйқассыз, бос қалып отырады (а,а,б,а). Абайдан келтірген үзінді осыған жатады. Бұлай ұйқасу жалғыз 11 буынды өлеңдерде ғана емес, 7, 8 буынды өлеңдерде де бола береді. Мысалы: Оқыған білер әр сөзді, Надандай болмас ақ көзді. Надан жөндіге жөн келмес, Білер қайдағы шәргезді.