1. Фольклор жанрлары. Фольклор, оның ерекшеліктері мен жіктелуі


Қазақ халқының тұрмыс-салт жырлары



бет18/148
Дата26.04.2022
өлшемі266,62 Kb.
#32361
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   148
18.Қазақ халқының тұрмыс-салт жырлары.

Тұрмыс-салт жырлары - қазақ халқының әдет-ғұрып, салт-жораларына байланысты туындаған өлең-жырлар.

Тақырыбы жағынан, қандай мақсатта қолданылуына орай бірнеше топқа жіктеледі:

тұрмыс-салт өлеңдері (төрт түлік туралы өлеңдер, наурыз өлеңдер),

дінге байланысты салт өлеңдері (жарапазанарбаужалбарыну, бақсы сарыны, бәдік),

үйлену салт өлеңдері (тойбастаржар-жарсыңсубеташар),

мұң-шер өлеңдері (қоштасуестіртукөңіл айтужоқтау),

өтірік өлеңдер, т.б.

Тұрмыс-салт жырларында көне эпостық шығармаларға негіз болған мұң-шер өлеңдері мен саят жырларынан бастап, халықтың күнделікті тұрмыс-тіршілігіне байланысты, қуаныш пен сүйініш-күйінішті көрсететін лирикалық ән-өлеңдер де, тарихи шағын жырлар да кездеседі. Соның ішінде наурыз жырлары, төрт түлік мал туралы өлеңдер ең көне түр болып саналады. Мұндай жырларда ежелгі адамдардың еңбекөлікәсібі, түрлі тотемдік түсініктері, табиғаттың жұмбақ сырына үңіліп, оған табынудан туындаған ұғым-түсініктері сипатталады. Мысалы, “Қамбар ата”, “Шопан ата”, “Зеңгі баба”, “Ойсыл қара”, “Шекшек ата”, т.б.


Түркі халықтарының тұрмыс-салт жыры тақырып, мазмұн, түр, жанр жағынан ұқсас келеді. Мысалы, нәрестенің дүниеге келуі, үйлену, дүниеден қайту, жаңа жыл салтанаты, еңбек мерекесі, т.б. дәстүрлі салттар түркі халықтарында өлең-жырсыз өтпейді.
Қазақтың тұрмыс-салт жырлары жеке немесе топтасқан түрде белгілі бір әуенмен орындалады. Қазақ зерттеушілері тұрмыс-салт жырлары терминін түрліше қолданған: салт өлеңдері (Ә.Диваев, Б.Кенжебаев), сарындама (Ахмет Байтұрсынұлы), сыншылдық салт өлеңдері (М.Әуезов), салт өлең-жырлары (С.Сейфуллин), тұрмыс-салтқа байланысты туған шығармалар (М.Ғабдуллин), әдет-ғұрыппен байланысты өлеңдер (Бекмұрат Уақатов), т.б. Уахатовтың “Қазақтың халық өлеңдері” (1974) еңбегінде тұрмыс-салт жырларының көне түркілік дәуірден бергі үлгілері мен жиналу, зерттелу жайы жан-жақты қамтылып, өлеңдер жанрлық тұрғыдан 4 түрге жіктелген. Алайда халықтың тұрмысы мен салты үнемі өсу, жаңару үстінде болғандықтан жырларды жіктеу де өзгеріске ұшырап отырады. Ғылымдағы соны көзқарастар нәтижесінде тұрмыс-салт жырлары да жаңаша тұрғыдан саралана бастады.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   148




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет