1. Фольклор жанрлары. Фольклор, оның ерекшеліктері мен жіктелуі


Әдет-ғұрыпқа байланысты туған өлең-жырлар



бет19/148
Дата26.04.2022
өлшемі266,62 Kb.
#32361
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   148
Байланысты:
1. Ôîëüêëîð æàíðëàðû. Ôîëüêëîð, îíû? åðåêøåë³êòåð³ ìåí æ³êòåëó³

19.Әдет-ғұрыпқа байланысты туған өлең-жырлар.

 Қазақ фольклорында тұрмыс-салт жырлары ауыз толтырып айтарлықтай көп. Олардың арасында әдет-ғұрыпқа байланысты жазылған жырлар жетіп жатыр. 
Тұрмыс-салт жырлары – қазақ халқының әдет-ғұрып салт-жораларына байланысты туындаған өлең жырлар. Нәрестенің дүниеге келуі, үйлену, дүниеден қайту, жаңа жыл салтанаты, еңбек мерекесі, тағы да басқа дәстүрлі салттар түркі халықтарында өлең-жырсыз өтпейді. Әдет-ғұрып – белгілі бір қоғамдық-әлеуметтік ортада пайда болып, оның мүшелерінің мінез-құлқының, тұрмыс-тіршілігінің бұлжымас қағидаларына айналған жөн-жосық, жол-жоралғы, қазақы әдет-ғұрыптар көшпелі тұрмыстың дәстүрлі дүниетанымынан бастау алады. Табиғаттың еншісіне бөленбеген сахара жұрты өзін қоршаған ортаның ажырамас бір бөлшегі ретінде сезініп, жарық дүниенің жалғыз жаратылысы – Тәңірге табынған, көк аспан – қара жердің киесін қастер тұтып, ата-баба аруағына сиынған. Осы түсінік дәстүрлі қазақ қоғамындағы құқықтық мәдениеттің алғышарты әдет-ғұрыпты адамдар арасындағы қарым-қатынастардың негізгі реттеушісі ретінде қалыптастырады. Ол, негізінен жеке тұлғаларды белгілі бір әлеуметтік және мәдени танымдарға үйретіп, оны ұрпақтан ұрпаққа таратуға жәрдемдесті, жеке адамдардың, әлеуметтік топтардың мінез-құлқын тәртіпке келтіріп қана қоймай, қауымішілік тұтастық пен ұлттық мүдделікті нығайтуға септігін тигізді.
Уақыт өткен сайын салтқа өзгеріс еніп, өзгеріп, қоғамға байланысты бейімделіп келеді. Жаңа қоғамдық қатынасқа сай келмейтін дәстүрлер ығысып, өмірге қажетті жаңалары дамып отырады. Дәстүр мәдениетпен тығыз байланысты, сондықтан мәдениеті дамыған ел дәстүрге де бай. Қазіргі кезде де біраз әдет-ғұрыптар қолданылады. Қазіргі кезде жаңа үйге кірген кезде үйді аластау әдетке айналған. Сонымен қатар қазіргі уақытта аузына түкіру, бие байлау, шашу шашу, тұсау кесу, аяғына жығылу, айдар қою, сәлемдеме, енші, сүйінші, сыралғы, тоқым қағар, сыбаға секілді әдет-ғұрыптар қолданылады. Қорыта келе, тұрмыс-салт жырларындағы әдет-ғұрыпқа байланысты жазылған жырлар қазіргі таңда көрініс табады. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   148




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет