1. Функция ұғымы


Сандық функция. Функцияның берілу тәсілдері мен графигі. Функция графигін түрлендіру арқылы салу



бет4/16
Дата07.01.2022
өлшемі1,45 Mb.
#18083
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
1. Функция ымы

Сандық функция. Функцияның берілу тәсілдері мен графигі. Функция графигін түрлендіру арқылы салу.

Анықтама: Егер х-тің әрбір мәніне у-тің жалғыз ғана мәні сәйкес болса, онда у айнымалысының х-айнымалысынан тәуелділігі функция деп аталады.х- айнымалысын тәуелсіз айнымалы немесе аргумент деп, ал у- айнымалысын тәуелді айнымалы деп атайды. Берілген х-тің мәніне сәйкес у-тің мәнін функцияның мәні деп аталады. Тәуелсіз айнымалы қабылдайтын мәндердің бәрі функцияның анықталу облысын құрайды. функциясы қабылдайтын мәндердің бәрі функцияның мәндерін қабылдайды.

Функцияның берілу тәсілдері:

  1. Функцияның аналитикалық берілуі

Функцияны беру үшін аргументтің әрбір мәніне сәйкес келетін функцияның мәнін табуға мүмкіндік беретін тәсілді көрсету керек. Ең көп қолданылатын тәсіл функцияның формула арқылы берілу тәсілі болады.

  1. Функцияның кестелік берілуі

Практикада функцияның кестелік берілуі жиі қолданылады. Бұл тәсілде аргументтің белгілі мәндеріне сәйкес функцияның мәндері көрсетілген кесте келтіріледі.

3. Функцияның графиктік берілуі Функцияның графигі деп координаталық жазықтықтағы абсциссалары функция аргументіне тең, ал ординаталары функцияның сәйкес мәндеріне тең нүктелердің жиынынан тұратын сызбаны айтады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет