1. Ген туралы түсінік. Гендердің жіктелуі анықтама


Гомеостаз дегеніміз үнемі өзгеріп тұратын қоршаған орта



бет12/19
Дата11.04.2023
өлшемі64,07 Kb.
#81430
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19
17. Гомеостаз дегеніміз үнемі өзгеріп тұратын қоршаған орта жағдайларында ағзаның ішкі ортасының тепе - теңдігін сақтап тұру қасиеті болып табылады.
Ол реакция нормасына негізделеді. Реакция нормасы дегеніміз- ағзаның орта факторларының әсеріне қайтаратын кері жауап реакциясының шегі.
Реакция нормасы тұқым қуалаушылыққа тәуелді болады және онтогенез барысында біртұтас фенотитің бір элементі ретінде қалыптасады.
Орта факторларымен тұқым қуалаушылық арқылы анықталатын ағзаның реакция нормаларының әрекеттесулері нәтижесінде адамның тіршілік статусының әртүрлі күйлері қалыптасады: дененің сау болуы не аурудың дамуы.
Реакция нормасы негізінде ішкі ортаның барлық компоненттерінің гомеостазы сақталған кезде ағзаның дені сау болады. Гомеостаздың бір компонентінің бұзылуы ( дисгомеостаз ) аурудың дамуына алып келеді. Дисгомеостаз себептері болып орта факторларының әсерінің күшеюі не ағзаның туа біткен реакция нормасының мүмкіншілігінің шектелуі, тар болуы саналады. Ағза гомеостазының бірнеше компоненттері белгілі: нерв жүйесі гомеостазы; эндокриндік гомеостаз; биохимиялық гомеостаз; физикалық - химиялық гомеостаз; құрылымдық гомеостаз; иммунологиялық гомеостаз; генетикалық гомеостаз және т.б.
Генетикалық гомеостаз - генетикалық ақпараттың - ДНҚ молекуласының, хромосомалардың, геномның тұрақтылығы болып табылады
Тірі ағзаның негізгі белгілерінің бірі - тұқым қуалаушылық. Оның екі түрлі қасиеті бар:
1. Тұқым қуалакшылықтың консервативтігі (тұрақтылығы), яғни түр ағзаларының негізгі белгілері мен қасиеттерінің ұрпақтан ұрпаққа өзгеріссіз беріліп отырылуы. Осының арқасында мыңдаған - миллиондаған жылдар бойына түрлердің, тіршіліктердің тұрақтылығы, біртұтастығы қалыптасады.
Мысалы: кез келген түрдің мыңдаған - миллиондаған жылдар бойында тіршілік етуі.
2. Тұқым қуалаушылықтың өзгергіштігі салдарынан ағзалардың белгілері мен қасиеттері азды - көпті өзгеріске ұшырады.


18. Мутагенез — физикалық және химиялық мутагендердің көмегімен мутацияларды жасанды жолмен алу әдісі. Бұл әдіс экспериментті генетикада жиі қолданылады. Селекцияда мутагенез жануарлардың, өсімдіктердің және микроорганизмдердің болашақтағы мутанттарын алуда пайдаланылады.
Мутагеннің жіктелуі:
Шығу тегі бойынша мутагендер организмнің тіршілік әрекеті процесінде пайда болатын эндогендік және экзогендік болып жіктеледі – барлық басқа факторлар, соның ішінде қоршаған орта жағдайлары.
Экзогендік мутагендер-бұл тұқым қуалайтын құрылымдардың өзгеруіне әкелетін қоршаған орта факторлары. Оларға физикалық, химиялық және биологиялық әсерлер жатады. Экзогендік факторлар индукцияланған мутациялардың пайда болуына себеп болады.
Пайда болу табиғаты бойынша мутагендер физикалық, химиялық және биологиялық болып жіктеледі.
Мутагендік факторлар:
1. Физикалық
Иондаушы сәуледердің барлық түрі, УК - сәулелері, фотондар, температуралық, механикалық әсерлер.
2. Химиялық
Күшті тотықтырғыштар немесе тотықсыздандырғыштар (нитраттар, нитриттер, оттегінің белсенді формалары); пе-стицидтер; кейбір тамақ қоспалары; мұнай өнімдері; органикалық еріткіштер; дәрілік заттар (цитостатиктер, құрамында сынап болатын заттар, иммунодепресанттар).
3. Биологиялық
Вирустар (ретровирустар), паразиттер таксиндері, зеңдік саңырауқұлақта.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет