1. Ген туралы түсінік. Гендердің жіктелуі анықтама


Геномдық мутация және оның түрлері



бет15/19
Дата11.04.2023
өлшемі64,07 Kb.
#81430
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
21. Геномдық мутация және оның түрлері
Геномдық мутациялар. Геном деп бір түрге жататын организмдердің хромосомаларының гаплоидті жиынтығын айтады. Хромосома санының ауыткуынан туатын өзгергіштікті геномдық мутациялар дейді. Олардың екі түрі бар:
1.Полиплоидия - гаплоидты жиынтыққа қатысты хромосомдар санының өсуі (тақ және жүпты болады). Полиплоидия геномды мутацияларға жатады.
Полиплоидты органимздер хромосома санының еселену дәрежесіне қарай 3n – трипдоидті, 4n – тетраплоидті, 5n – пентаплоидті болып бөлінеді. Полиплоидия организмнің түрлі белгілерінің өзгеруіне себеп болады. Сондықтан ол эволюция мен селекция үшін тұқым қуатын өзгергіштіктің маңызды қайнар көзі болып есептеледі. Мысалы, селекционер В.Федоров шығарған қара бидайдың тетраплоидті формасын алсақ, ол диплоидті формасына қарағанда сабағы мықты , дәні ірі салмақты болып өзгерген. Полиплоидияның өзінің екі түрі бар – автоплоидия және аллополиплоидия деп аталады.Егер геномды А деп белгілесек, автодиплоид АА, автотриплоид ААА болады. Әр текті түрлердің геномдарының еселеніп көбеюінің нәтижесінде пайда болатын полиплоидті организмдер аллополиплоидтар немесе амфиплоидтар деп аталады. Аллополиплоидтар әр текті түрлерді будандастыру кезінде пайда болады.
2.Гетероплоидия[өңдеу]
Бұл құбылыс кезінде жасушаның мейоздың және митоздық бөлінуінің бұзылуынан хромосомалар саны өзгеріп, гаплоидтік жиынтыққа еселенбей артады немесе кемиді. Егер генотипте бір хромосома жұп болудың орнына үшеу болатын болса, ондай организмдерді трисомия (2+1) деп атайды. Бұл құбылысты алғаш рет сасық меңдуана өсімдігінде тауып, зерттеген ғалымдар Блэкси жөне Беллинг болды. Трисомия адамдарда, жануарларда және өсімдіктердің кейбір түрлерінде кездеседі. Мысалы, Дауна синдромымен ауыратын адамдар 21 хромосома бойынша трисомиктер болады. Трисомиктердің көпшілігінің тіршілік ету дәрежесі төмен.
Егер хромосома жиынтығында хромосома артық болмай, кем болса (2п-1), ондай организмдерді моносомиктер дейді.

22. Хромосомалық мутация және оның түрлері
Хромосомалық мутация дегеніміз – хромосомалар бүтіндігінің бұзылысы – хромосомалық мутациялар немесе аберрациялар деп аталатын әртүрлі қайта құрылулармен жүретін үзілулер.
Хромосомалық мутациялардың түрлері
а) Делеция - бір бөлігінің түсіп қалуы.
б) Дупликация – бір бөлігінің екі еселенуі.
в) Инверсия – бір бөлігінің 180º бұрылуы.
г) Транслокация – бір хромосома фрагментінің басқа гомологтық емес хромосомаға бекуі. Транслокацияның екі түрі бар
1) Реципрокты транслокация – зақымдалған гомологиялық емес екі хромосомалар үзілген бөліктерімен алмасады.
2) Робертсондық транслокация – гомологиялық емес екі құрылым біреуге бірігеді немесе бір хромосома екі жеке хромосома түзеді.
Хромосомалардың құрылымдық өзгерістері генетикалық бағдарлама өзгерістерімен жүреді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет