1. Гидросфера – Жердің су қабығы



бет2/2
Дата27.10.2022
өлшемі23,92 Kb.
#45575
1   2
Байланысты:
гидросфера

3. Дүниежүзілік мұхит
Дүниежүзілік мұхиттың үлесіне бүкіл Жер бетінің 3/4 бөлігі немесе 361 млн 2км тиеді. Дүниежүзілік мұхит 4 бөліктен тұрады. Олар: Тынық мұхит, Атлат мұхиты, Үнді мұхиты және Солтүстік мұзды мұхит.
Мұхит бөліктеріне теңіздер, шығанақтар, бұғаздар жатады.
Теңіз – мұхит суының қасиеті мен жануарлар дүниесі жөнінен оқшауланып тұратын бөлігі. Теңіздер көбінесе құрлық жағалауында болады, бірақ кейде ашық мұхитта да кездеседі (мысалы, Саргасс теңізі, Фиджи теңізі). Әдетте, теңізді мұхиттан түбектер, аралдар немесе су астындағы жоталар бөліп тұрады.
Шығанақ – мұхиттың немесе теңіздің құрлыққа сұғына сніп жатқан шағын бөлігі. Атлант мұхиты Солтүстік Америка жағалауындағы Гудзон, Мексика шығанақтарын, ал Үнді мұхиты Еуразияның оңтүстігіндегі Парся шығанағын құрайды. Дүниежүзілік мұхиттың бөліктері бір-бірімен бұғаздар арқылы жалғасады.
Бұғаз – екі жағынан материктердің немесе аралдардың жағалары қысып шектеп тұрған енсіз су айдыны. Бұғаздардың ені әр түрлі. Ені ең кең (950 км) және терең (5248 м) бұғаз – Дрейф бұғазы; ал ең ұзыны (1670 км) – Мозамбик бұғазы.


4. Жер асты сулары
Жер асты сулары деп жер қыртысында кезігетін барлық физикалық күйдегі суларды айтамыз (мұз), бу (газ) және сұйықтық. Жер қыртысындағы суларға барлық тайыз орналасқан тегеурінсіз жер асты сулары немесе жергілікті (локольды) тегеурінді Жер асты сулары жатады. Жер қыртысының жоғарғы қабаттарына сіңетін су құрлықтың жер асты суларын құрайды. Жер асты суларының негізгі көзі- атмосфералық жауын-шашындары, бірақ Дүние жүзілік ылғал айналымы тұйық қалмайды, әрі судың біраз мөлшері жер қыртысына мантиядан келеді. Жер қыртысында орналасқан жер асты суларын жату жағдайларына қарай, аэрация зонасы суына, грунт суымен пласт аралық суға (қысымды және қысымсыз) бөлуге болады.
Аэрация зонасының сулары топырақ суы мен ыза сулары қамтиды.
Аэрация зонасында су шектеулі таралады да уақытша болады. Толтырылмаған кеуектерде ауа циркуляциясы болады. Топырақ суы топырақтың өзінен ажырамайды және сонымен бірге қарастырылуға тиіс. Ол ең үстіңгі бетте жатады, су өткізбейтін қабаты болмайды және ілмелі деп аталады.
Ыза су – шектеулі тараған, жергілікті су өткізбейтін жыныстар үстінде уақытша жиналған жер асты суы. Ол жаңбыр және еріген судың сіңуі нәтижесінде пайда болады, ағып кетеді және буланады. Ыза судың деңгейі шұғыл ауытқып тұрады, бірақ су бояу сіңетін болғандықтан грунт суының деңгейі бірдей көтерілмейді, жауын-шашын түскеннен немесе қар ерігеннен кейін едәуір уақыт өткен соң барып көтеріледі.
Грунт сулары деңгейінің жағдайына орман әсер етеді. Мұнда ашық жерге қарағанда жер бетінен булануға ылғал шығыны аз болады. Грунт суларының айнасының беті әдетте рельфтің төмендеуіне қарайғы бағыт бойынша еңісті толқын тәрізді болады. Грунт сулары грунт тасқындарын түзе отырып еңіс жаққа қарай фильтрленеді. Сирек су өткізбейтін пластик беті үңгіме болады. Әдетте сол жерде грунт бассейні пайда болады.

Пайдаланылған әдебиеттер


1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология — Алматы: "Мектеп" баспасы"
2. Биология: Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық, 2-басылымы, өңделген М. Гильманов, А. Соловьева, Л. Әбшенова. — Алматы: «Атамұра» баспасы, 2009 жыл.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет