Диабетикалық кома
Себептері:
1.инсулинның дозасының кем болуы немесе инсулин дозасын кенеттен тоғару әсерінен.
2.майлы және тәтті тағамдарды мөлшерден көп пайдаланудан.
3.іріңді және инфекциялық аурулар, психикалық, физикалық жарақаттар әсерінен.
Клиникасы:
Ауру біртіндеп басталады. Науқас қатты шөлдеп, зәр шығару көбейіп, зәрін ұстай алмайды. Тәбеті төмендеп, басы ауырып, айналып, әлсіздік, шаршағыш, ұйқышыл болып келеді. Лоқсып, құсып, іші аурып, іші өтеді. Шырышты қабаттары құрғап, аузынан ацетон иісі шығады. Аурудың бұлшык ет тонусы төмендеп, тамыр соғысы жиілеп, қан қысымы мен жүрек соғысы төмендеп, бала есінен айрылады.
Гипогликемиялық кома
Себептері:
тамақпен организмге қанттың кем түсуі
организмге инсулинді шамадан тыс көп енгізу.
Клиникасы:
Ауру кенет басталып, боз тартып, салқын тер шығады. Демалысы жиі, жүрек соғысы әлсіз, аритмия байқалады, қан қысымы төмендеп, көз қарашығы кішірейіп, жарыққа жауап бермейді. Аузынан ацетон иісі шықпайды. Ауруда брадикардия, гипотермия, бұлшық ет атониясы байқалып, рефлексі жойылады. Дене жиі құрысып-тырысып, бала тез есінен айрылады.
Қант диабеті кезіндегі комаларда жедел көмек көрсету.
Гипергликемиялық (диабетикалық) кома
|
Гипогликемиялық кома
|
Баланы жылытып, асқазанды 5 натрий гидрокарбонат ерітіндісімен жуу керек. Көк тамырға үздіксіз 200-300 мл изотоникалық натрий хлор ерітіндісі, Рингер ерітіндісі 20-50 мл/кг, 2-3 литрге дейін тамшылатып құямыз
|
Егер баланың есі болса оған бірнеше кесек қант, 1-2 ас қасық бал, тәтті шай беру керек
|
Ерітінділермен бірге көк тамырға 0,06 корглюкон немесе 0,05 строфантин 0,2-0,3 мл жіберіледі
|
Егер бала әлсіз болса көк тамырға үздіксіз 20-50 мл 40 глюкоза ерітіндісі құйылады
|
Егер қан қысымы төмендеп кетсе көк тамырға тамшылатып 0,1 адреналиннің 0,5-1,0 мл немесе 1 мезатон ерітіндісі 0,15-0,6 мл б/етке жібереміз
|
Тері астына 0,1-0,5 мл 0,1 адреналин ерітіндісін жібереміз
|
Аталған ерітіндіге қосып ККБ 50-200 мг, 5 аскорбин қышқылы 2-5 мл жібереміз
|
Ауру есін жимаса тілдің түсіп кетуінен, тыныс жолдары бекітіліп қалмас үшін тілді алға тартып, тіл ұстатқышпен ұстатамыз. Ауыз қуысын сілекейден тазартамыз
|
Ылғалданған оттегі береміз
|
Ылғалданған оттегі береміз
|
|
Науқас есін жиғасын тамақтандырамыз
|
Дәрігер нұсқауымен жасалатын іс-шаралар :
|
|
Көк тамырға үздіксіз 200-300 мл изотоникалық натрий хлор ерітіндісіне 0,1 ХБ/кг инсулинді құямыз
|
Жоғарыда айтылған шаралар көмек бермеген жағдайда: қайтадан көк тамырға 20-50 мл 40 глюкоза ерітіндісі мен ККБ 50мг, аскорбин қышқылы 5 1-2 мл жіберіледі
|
Сонан соң инсулин сағат сайын тамшылатып құйылады
|
Қан қысымын өлшеп, тамыр, жүрек және тынысын бақылап отырамыз
|
Қан қысымы төмендеген жағдайда көк тамырға гидрокартизон немесе преднизалон 1-2 мг/кг есептеліп құйылады
|
Егер нәтиже болмаса дәрігер шақыртып, көк тамырға 200-300 мл 5 глюкоза ерітіндісі мен преднизалон 1-2 мг/кг есептеп жіберу
|
Сағат сайын қандағы РН – ты анықтап, қан қысымын өлшеп бақылаймыз
|
Егер денесі құрысып-тырысса б/етке 25 Магнезий сульфаты, седуксен салынады
|
Асқазанды 5% сода ерітіндісімен жуып, 4% жылытылған сода ерітіндісімен тазартқыш клизма қоямыз. Қуығына катетеризация жасалады.
Баланы жылытқышпен жылытып, 3-4 сағаттан кейін тамақтандырамыз
|
|
Науқас бала ауруханаға жеткізіледі
|
Науқас бала ауруханаға жеткізіледі
|
Достарыңызбен бөлісу: |