1. Гипогликемиялық комада алғашқы берілетін дәріні белгіле: а изотониялық натрий ерітіндісі в 40% глюкоза ерітіндісі



бет4/4
Дата21.06.2023
өлшемі0,56 Mb.
#102769
1   2   3   4
Зәрдегі қантты анықтау.
Таңертең аш қарынға өткізген жөн немесе түскі, кешкі тамақтың алдында. Жаңа алынған зәрді зерттейді. Ол үшін баланы тамақтың алдында 30 минут бұрын тосып алады және тура тамақ ішердің алдында тосады. Соңғы алынған зәрін зерттейді.

Әзірле: тест сызығы « Диабур – тест 5000», индикатор шкаласын, зәр құйылған ыдыс.



  1. Анасына және баласына зерттеу мақсатын және әдісін түсіндір.

  2. Зәр құйылған ыдысқа бірнеше секундқа сызықты батыр.

  3. Тест сызығының түсін индикатор шкаласымен салыстыр.



Зәрді қантқа тексеру жолдама үлгісі.



Жолдама
Клиникалық лабораторияға
Зәрді қантқа тексеру
Науқастың аты-жөні__________________
Бөлімше ___________ палата №
Күні__________
Қолы__________









Қандағы қантты анықтау.
Әзірле: тест сызығы « Гемоглюкотест 20-800», индикатор шкаласы, скарифакатор, спирт, мақта шариктері.
1. Анасымен баласына өлшеудің мақсаты мен әдісін түсіндір.
2. Тесетін жерді спиртке малынған мақтамен сүрт, скарификатормен саусағын тес.
3. Қанның бір тамшысын тест сызығының реактиві бар бөлігіне тамыз, артығын мақтамен сүртіп таста.
4. 1 минуттан кейін тест сызығының түсін индикатор шкаласымен салыстыр.
Неғұрлым қант мөлшері көп болса, соғұрлым тест сызығының түсі қоңырлау болады.


Табиғи қыртыстарды өңдеу.
Мақсаты:

  • жеке бас гигиенасын сақтау;

  • баланың «таза болу» қажеттілігін қамтамасыз ету;

Әзірле:

  • залалсыздандырылған мақта шариктері;

  • залалсыздандырылған өсімдік майы;

  • залалсыздандырылған резеңке қолғаптар;

  • лоток;

  • дезинфекциялық ерітінді;

    1. анасына жасалынып жатқан шараның қажеттілігін түсіндір.

    2. қолыңды сабынмен жуып және құрғатып сүрт, резеңке қолғап ки.

    3. жөргектеу үстелін дезинфекциялық ерітіндімен сүрт және таза жөргек төсе.

    4. залалсыздандырылған мақта шариктерін өсімдік майына батыр.

    5. табиғи тері қыртыстарын келесі ретпен өңде:

а) құлақ арты қыртысы;
б) мойын қыртысы;
в) қолтық асты қыртысы;
г) шынтақ қыртыстары;
д) білек қыртыстары;
е) тізе арты;
ж) шап қыртысы;
з) құйрық аралық қыртысы;
6. қолданылған мақта шариктерін лотокқа таста.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет