1. «Гипоталамус гормондары: либериндер мен статиндер» тақырыбындағы кестені толтыру


Гипофиздің артқы бөлімінің гормондары



бет2/3
Дата30.01.2023
өлшемі1 Mb.
#63797
түріСабақ
1   2   3
Гипофиздің артқы бөлімінің гормондары





Гормонның аталуы

Қызметі

1.

Вазопрессин

Вазопрессин бүйректің несеп жиналатын түтігінде судың
қайтадан денеге сіңуін үдетіп, несеп көлемін (диурезді)
азайтады, сондықтан да оны антиурездік гормон дейді.
Вазопрессин шектен тыс азайса, несеп қалыптан тыс көп
шығады(полиурия). Бұл гормон, сондай-ақ қан тамырларын
тарылтып, қысымын күшейтеді.

2.

Окситоцин

Окситоцин жатыр еттерін жиырылтады, жатырдың
жиырылуы әсіресе толғақ кезінде күшейе түседі. Бұл гормон
құрсақтағы нәрестенің тууын тездетеді, сүт түзілуін, оның
шығуын үдетеді.



3. Сызбанұсқаны толықтыру



4. «Бүйрек үсті безінің қыстысты және милы қабаттары гормондарының физиологиялық маңызы» тақырыбындағы кестені.



Бүйрек үсті безінің қыстысты қабаты

Гормондары

Физиологиялық маңызы

Шумақты аймағы



МКС-дың негізгі физиологиялық әсеріне су мен тұздардың алмасуына ықпалы жатады. Бұл бүйрек тканінде тер және сілекей бездеріне, асқорыту жолының шырышты қабатындағы клеткаларға
әсер ету арқылы іске асады. Бүйректегі түтікшелер аппаратының дистальды бөлімінде натрийдің кері сіңуін альдостеронның арттыруы іс жүзінде дәлелденді. Мұндай әсерге байланысты Na, CL иондары организмде жиналып, оларға сай организмде судың осмос
эквиваленттік саны жиналады. Бұған қоса альдостеронның әсерінен
К+, сутек, аммоний организмнен шығарылады.

Шоғырлы аймағы



ГКС зат алмасуының барлық түріне ықпалын тигізеді, әсіресе катаболикалық процестерді күшейтеді. Мұндай жағдайда терінің,
бауырдың, еттің, майдың, дәнекер және лимфа тканьдерінің клеткалары нысана-клетка рөлінде болады. Тканьдерде ГКС-дың
әсерінен бір қатар ферменттердің (трансаминаза, оксидаза, т.б.)
белсенділігі күшейеді. ГКС-дың белоктың алмасуына әсері:
а)барлық тканьдерде, әсіресе ет тканінде белоктың ыдырауы
күшейеді. ГКС-дың зат алмасуына ықпалынан диафрагма мен жүрек еттері резистентті болады тіпті кортизонның әсерінен жүрек етінің салмағы да артады; ә)қандағы аминқышқылдар мен несептегі
азоттың мөлшері көбейеді; б)бауырдың мочевина түзеу қызметі артады; в)аталған әсерлерге байланысты, әсіресе белок алмасу
өзгеруінен организмнің салмағы азайып, өсуі кідіреді.

Торлы аймағы



Жыныс гормондарына қарағанда бұлар анағұрлым әлсіздеу келеді.
Дегенмен бұлар жыныс бездерінде түзілетін гормондар тәрізді әсер
етеді. Бұлардың маңызы әсіресе балалық, кәрілік шақта зор болады.
Адам қартайып, жыныс бездерінің қызметі тоқтаған кезде
бүйрекүсті бездері негізгі жыныс гормондарын түзуші ағза болып
қалады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет