Байланысты: 1 глоссарий агглютинация – осымшаларды бірінен со біріні жал
Семантикалық прицип – сөздерді грамматикалық мағыналары бойынша топтастыру принципі.
Кез келген толық мағыналы (атауыш) сөздердің лексикалық мағынасы, сол лексикалық мағынамен ұштасқан, сол лексикалық мағынадан туындайтын жалпыланған грамматикалық мағынасы да болады. Мұндай жалпыланған грамматикалық мағына бір сөз табына жататын сөздердің бәріне ортақ қасиет болып табылады. Сөздің бойындағы жалпыланған грамматикалық мағына – сол сөз табындағы сөздердің бәрінің басын біріктіретін мағына болып табылады. Мұндай жалпыланған грамматикалық мағынаны жалпы грамматикалық мағына деп те, кейбір әдебиеттерде категориялық грамматикалық мағына деп те атайды. Бір жалпы грамматикалық мағыналы сөздердің бәрі ортақ бір сұраққа жауап беріп тұрады. Яғни, әр сөз табының өз жалпы грамматикалық мағынасы, соған орай дербес сұрақтары бар. Мысалы, кім және не деген сұрақтарға жауап беретін сөздердің бәрі – зат есімдер, қандай және қай сұрақтарына жауап беретіндер – сын есімдер, қанша, неше сұрағына жауап беретіндердің бәрі – сан есімдер, қайт, не істе сұрақтарына жауап беретіндер – етістіктер деп аталатын сөз таптарына жатады.
Атауыш сөздер (номинатив сөздер немесе толық лексикалық мағынасы бар сөздер) қатарына жатса да, бұл қасиетке ие емес сөз таптары – есімдіктер, үстеулер және еліктеу сөздер. Бұларды ортақ бір сұрақ арқылы бір жерге жинақтау мүмкін емес.
Есімдіктер есім сөздердің (зат есім, сын есім, сан есім) орнына жұмсалатын орынбасар сөздер болғандықтан, қай сөз табын алмастырғанына қарай сол сөз табының сұрағына жауап бере береді. Есімдіктердің басын бір жерге жинақтайтын ортақ қасиет – дейктикалық қабілеті. Есімдіктерді дейктикалық сөздер деп те атаймыз. Бұл есімдіктерді сөйлемнен тыс, жеке алғанда лексикалық мағыналарының бос тұруымен, сөйлемде қай сөздің орнына жұмсалса, сол сөздің лексикалық мағынасына ие бола кету қабілетімен байланысты ұғым. Үстеулер мен еліктеу сөздердің басын бір жерге топтастыратын белгі де – олардың ортақ сұраққа жауап беруі емес, морфологиялық (өзіндік түрлену жүйесі жоқ, мүлдем түрленбейтін) ерекшелігі мен синтаксистік қасиеттері (етістікпен тіркесіп, пысықтауыш қызметінде жұмсалуы).