1 глоссарий агглютинация – қосымшалардың бірінен соң бірінің жалғануы Адвербиалдану



бет16/61
Дата16.12.2022
өлшемі202,78 Kb.
#57663
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   61
Байланысты:
1 глоссарий агглютинация – осымшаларды бірінен со біріні жал

Морфологиялық прицип – сөздерді түрлену қабілеттері бойынша топтастыру.
Қазақ тілінде өзіндік түрлену жүйесі бар үш сөз табы ғана бар: олар зат есім, сын есім, етістік. Морфологиялық принцип бойынша бір сөз табының қатарына жататын сөздердің барлығы сол сөз табының түрлену жүйесіндегі тұлғаларды қабылдауы міндетті. Бұл талапты зат есім мен етістік орындағанмен, сын есім толық орындамайды. Атап айтқанда, зат есімнің өзіндік түрлену жүйесі сол – зат есімдер көптеледі, тәуелденеді, септеледі. Қазақ тіліндегі кез келген зат есім осы қосымшаларды қабылдайды, қабылдамаса, зат есім емес деп танылады. Сол сияқты етістіктің түрлену жүйесі – етіс, болымсыз етістік, шақ, рай, модаль, сипат категорияларының тұлғалары. Кез келген етістік аталған тұлғалармен (біреуімен немесе бірнешеуімен) түрлене алады. Бұл тұлғаларды қабылдамаса, етістік екені күмәнды. Ал сын есімдердің өзіндік түрлену жүйесі – шырай категорясының тұлғалары. Бірақ кез келген сын есім шырай тұлғаларымен түрлене бермейді. Шырай тұлғаларын қабылдайтындар – сапалық сын есімдер ғана, қатыстық сын есімдер шырай тұлғаларымен түрленбейді.
Басқа сөз таптарының өзіндік түрлену жүйелері жоқ. Бірақ субстантивтенген (заттанған) кез келген сөз (сын есім, сан есім, есімдік, етістіктің есімше және қимыл есімі мен қимыл иесі түрлері, сондай-ақ үстеулер) зат есімше түрлене алады. Сондай-ақ адъективтенген (сын есімнің орнына жұмсалған) жекелеген зат есімдер шырай тұлғаларын қабылдай алады.
Мүлдем түрленбейтін сөздерге үстеу мен еліктеу сөздер ғана жатады.
Синтаксистік принцип – сөздерді синтаксистік ерекшеліктері бойынша топтастыру.
Бұл тұрғыдан сөз таптарының басқа сөздермен тіркесу қабілеттері, сөйлем мүшесі болу қызметтері, сөз тіркесінің басыңқы және бағыныңқы сыңары болу қасиеттері ескеріледі. Атап айтқанда, сын есім мен сан есім, негізінен зат есімнің бағыныңқысы болуға, сол арқылы анықтауыш қызметіне тұруға қабілетті, үстеу етістікпен тіркесіп, пысықтауыш болуға қабілетті.
Бұл принциптер, негізінен, атауыш сөздерді бір-бірінен ажырату үшін, бір жерге топтастыру үшін қолданылады.
Қазақ тілінде тоғыз сөз табы бар деп жүрміз. Соңғы кездері модаль сөздерді оныншы сөз табы ретінде тану кең орын алып келеді. Сонда шылау мен одағайды, модаль сөздерді қай белгілеріне қарап бөлек сөз таптары ретінде танимыз. Өйткені жоғарыдағы үш принцип жеті сөз табына ғана қатысты екенін, атауыш сөздерді топтастыру үшін қолданылатынын айттық.
Тілде бар сөздердің бәрін жинап, бірінші кезекте, лексикалық мағыналарына қарай, атап айтқанда, лексикалық мағыналарының бар-жоқтығына қарай, жіктеп, топтастыруға болады. Бұл тұрғыдан сөздер үш қатарға топтасады: атауыш сөздер, көмекші сөздер және одағайлар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет