1 глоссарий агглютинация – қосымшалардың бірінен соң бірінің жалғануы Адвербиалдану


Қалып-сапа (қалып-күй) етістіктері



бет34/61
Дата16.12.2022
өлшемі202,78 Kb.
#57663
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   61
Байланысты:
1 глоссарий агглютинация – осымшаларды бірінен со біріні жал

Қалып-сапа (қалып-күй) етістіктері. Бұл қатардағы етістіктер қимыл-қозғалыс, амал-әрекетті атамайды, заттың қалпына, күйіне қатысты белгілерді, атап айтқанда, бір күйден екінші күйге, бір қалыптан, екінші қалыпқа ауысуын, өзгеруін атайды. Өз ішінен үш топқа жіктеуге болады:

    1. Сапалық қалып етістіктері: көгеру, азаю, көбею, ағару, қалыңдау, ұзару, сөну, жану, шіру, т.б.;

    2. Жанды заттардың қалып-күйін білдіретін етістіктер: азу, толу, семіру, жантаю, ұйықтау, ояну, ауру, өлу, ісу, жүдеу, шаршау, арықтау, т.б.;

    3. Статикалық қалып етістіктері: отыру, тұру, жүру, жату.




  1. Сезіну етістіктері. Бұл етістіктерде сезім мүшелері арқылы түйсіну мағынасы бар. Өз ішінен төмендегі топтарға бөлінеді:

    1. Көру етістіктері: қарау, тесілу, көру, телміру, көз қырын салу, сығалау, көзін алмау, қараңдау, ағараңдау, көздеу, т.б.;

    2. Есту етістіктері: тыңдау, есту, құлақ салу, құлақ түру, құлаққа жету, т.б.;

    3. Иіс етістіктері: сасу, мүңку, аңқу, иістену, мұрынды жару, т.б.;

    4. Терімен сезіну етістіктері: тоңу, жаурау, қышу, ұю, т.б..




  1. Ойлау етістіктері. Адамның ойлану әрекетін білдіретін етістіктердің басқа ЛСТ-ғы етістіктерге қарағанда саны аз: ойлау, еске түсіру, ойдан шығару, түсіну, аңдау, аңғару, ескеру, есііне алу, есіне салу, басы қату, басы айналу, т.б..




  1. Көңіл-күй етістіктері. Бұл қатардағы етістіктер адамның психологиялық және эмоциялық қалпымен байланысты қимыл-әрекеттерді білдіреді. Өз ішінен екіге бөлінеді:

    1. Психологиялық көңіл-күй етістіктері: ұялу, қысылу, тартыну, бетінен оты шығу, абыржу, сескену, қорқу, т.б.;

    2. Эмоциялық көңіл-күй етістіктері: ұнату, жақтыру, еркелеу, ардақтау, әлпештеу, ғашық болу, қаплану, ашулану, ренжу, жылау, долдану, мейірі түсу, мұңаю, т.б






  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет