5.4 Өркениет пен алғашқы қауымдық қоғамның коэволюциясы
Бұдан 5 мың жыл бұрын алдымен ертедегі, кейіннен орта ғасырлық өркениет қалыптаса бастады. Біздің эрамызға дейінгі 4 мыңыншы жылдардың соңында Египет пен Месопотамияда, 3 мыңыншы жылдардың орта кезінде – Индияда, 2 мыңыншы жылдарда – Эгей теңізі бассейнінде, Кіші Азияда, Оңтүстік Арабстанда, Қытайда, 1 мыңыншы жылы және біздің эрамыздағы 1 мыңыншы жылда – Көне Әлемнің көп бөлігінде, Орталық және Оңтүстік Америкада таптар қалыптаса бастады. Алғашқы өркениеттің пайда болуы адамзаттың алғашқы қауымдық тарихының соңы және таптар тарихының басы болды. Бірақ тарих тұрғысынан қарағанда таптардың түзілу кезеңінен өтпеген жекелеген елдер мен халықтар үшін бұл өркениетке дейінгі кезеңнің соңы мен өркениет тарихының басы болып саналады. Олар тұрақты таптар түзілу кезеңінен өтіп кеткен елдер мен халықтар да алғашқы қауымдық құрылымның қалдықтарынан толық арылған жоқ. Сондықтан өркениет кезеңіне тән құндылықтарды екі түрлі аспектіде қарастыру қажет: біріншіден, таптық қоғамның біртіндеп жіңішкеріп отыратын перифериясы ретінде, екіншіден, осы қоғамның өз құрылымдары.
Алғашқы қауымдық периферия мен оның өркениетпен байланыстарының түрлері. Феодалдық мемлекеттердің көпшілігі қалыптасқан біздің эрамыздың 1 мыңыншы жылдарының екінші жартысына дейін алғашқы қауымдық периферия өзінің көлемі жағынан ертедегі өркениет ошақтарынан әлдеқайда үлкен болды. Содан кейін де ол бірталай жерді алып тұрды. Көне әлемде оған адам аяғы баспаған биік таулы және шөл далалы аймақтарды қоспағанның өзінде Арктика, Субарктика және Евразияның тропиктік орманды аймағы жатты. Жаңа әлемдегі Мезоамерика мен Анд тауларының кейбір ерте қоспағанда осы көне әлемге қарады.
Европалық колонияландыру уақытына дейін бұл аймақта таптық қоғамның қалыптасуы қарқынды жүріп жатқанымен, тек европалықтардан кейін ғана ол қоғам толығымен орнады.
Алғашқы қоғамдық қауымдық құрылымның бір бөлігінің адамзат қоғамында осыншама ұзақ уақыт, екінші бөлігінің өркениет сатысына өткеннен кейін сақталуы бүкіл әлемдік тарихи үрдістің әртектілігіне байланысты болды.
Өркениет және оның алғашқы қауымдық перифериясы оның әртүрлі түрлері мен түрлі байланыстардың түзілуіне әкеп соғатын, сол сияқты әлем тарихының бірін-бірі ауыстыратын баспалдақтары арқылы бөлінеді өркениет орталықтарны қарағанда орналасуына байланысты.
Алғашқы қауымдық периферия жақын және алыс болып бөлінді. Жақын периферия жылдамырақ, алыс периферия жай дамыды, нәтижесінде дамыған және артта қалған перифериялар пайда болды. Таптық қоғамға қатынасты орнына сәйкес алғашқы қауымдық периферия сыртқы (өркениет ареалынан тыс орналасқан) және ішкі (осы ареал шектеріндегі) болып бөлінді. Бірақ жақын периферия әскери күш арқылы көрші таптық қоғамды өзіне бағындырды. Бұндай жағдайда екінші реттік алғашқы қауымдық периферия қалыптасып, олар жаулап алушылар таптық қоғамға өткенге дейін сақталды. Бұндай жағдай тарихта варварлық жаулап алудың салдары ретінде жиі кездесті.
Өркениет пен қазіргі заманғы алғашқы қауымдық қоғамдар арасындағы байланыстар түрліше: бір не екі жақты, тікелей не қосымша, бейбіт және әскери сипатта болды.
Жақын перифериямен арада ал қосымша байланысты жақын периферия арқылы алыс перифериямен қатынас барысында пайда болды. Бейбіт байланыстардың ішінде негізгі түрлері—алмасу саудасы, миграция және инфильтрация арқылы, сол сияқты көпшілік және элитарлық, әскери байланыстардан - әскери тонаушылық және жаулап алу, т.б. түрлері болды. Ең кең таралғаны – шаруашылық байланыстар. Олар арқылы еңбекті қоғамдық бөлу және кейбір жағдайда жаңа шаруашылық - мәдениет типтері мен тип тармақтары түзілді. Мысалы, Оңтүстік - батыс Азияда б.э.д. 1 мыңыншы жылда керуен саудаларының қажеттері көшпелі түйекештер тап түзілу үрдісінің алдында тұрған шаруашылық - мәдени тип тармағының бедуин тайпаларының арасында таралуына жағдай жасады. Шаруашылық байланыстар арқылы барлық аса маңызды техникалық және технологиялық жетістіктер: керамика өндірісі және металлургия, желкенді, т.б. көлік түрлері, т.б. таратылды.
Өркениеттік шаруашылық байланыстар алғашқы қауымдық қоғамдар экономикасының дамуына мүмкіндік жасады. Мысалы, Эгей теңізі бассейніндегі тайпалар басында Таяу Шығыстағы қола құю өндірісіне шикізат жеткізушілер ретінде енген болса, кейіннен өздері Орталық Европа тайпаларын шикізат жеткізушілерге айналдырған археологиялық зерттеулер арқылы анықталған.
Қоғамдық құрылымның салыстырмалы автономиялылығына байланысты рухани-идеологиялық байланыстар саласында біршама мүмкіндіктер ашылды. Бұны мифология мен діни мысалдардан көруге болады. Египеттік Күн ладьясының бейнесі Күннің айналымы туралы мифтің көрінісі екендігі баршаға болды және ол Закавказье, Оңтүстік Швеция, Карелия мен көптеген сібір өзендері сағаларынан табылған. Бұл мифологиялық мәліметтің кең таралуы Евразияның үлкен территорияға таралғандығын дәлелдейді. Орта ғасырда бұндай бүкіл әлемдік дін түрлері,- христиан, ислам, буддизм, индуизм, т.б. өркениеттің жақын және алыс алғашқы қауымдық перифериясына таралды, және олар қоғамдық және отбасылық тұрмысқа әсерін тигізді.
Ертедегі таптық қоғамдар бір - бірімен үнемі өзара қақтығыста болды. Алғашқы қауымдық қоғамдар өздерінің билік орындарын қорғау мақсатында ертедегі өркениеттерді жаулап алып отырды. Мысалы, б.э.д. 2 мыңыншы жылдары энеолитикалық тайпалар Үндістанның харапп өркениетінің Гуджерат тармағын, ал 1 мыңыншы жылдың ортасында чичимектердің аң аулаумен айналысатын тайпалар Мезоамериканың Толтек өркениетін жаулап алған.
Ертедегі Жерорта теңізіндегі өркениеттер арасындағы алғашқы қауымдық қоғамдар арасындағы қарым - қатынастың маңызы екі жақ үшін бұрынғыдан да арта түсті. Греция мен Рим үшін алғашқы қауымдық периферия құлдардың шығу көзі болды. Грек пен Римнің колониялық экспансиялары алғашқы қауымдар жерінде өндірістің ертедегі әдістерін дамытты. Нәтижесінде, алғашқы қауымдық периферияны пайдалану ертедегі өркениеттің сақталып қалуына жағдай жасайтын негізгі факторлардың бірі болды. Жақын периферияның тайпалары бір жағынан жыртқыштардың экспансиясына ұшыраса, екінші жағынан оның көрінуіне стимул болды және осының нәтижесінде алғашқы қауымдық қоғамдар құлаған Рим империясының орнында қалған феодализмнің әсер етуші факторы болды.
Орта ғасырға қарай өркениет ареалы кеңейіп, шығысқа қарағанда батыста ұлғая түсті. Батыс Европада алғашқы қауымдық перифериялар ХІ ғасырға дейін солтүстікте тек нормандар, ал оңтүстікте кейбір горлық қоғамдар болды. Ал бұл кезде Шығыс Европа, Азия мен Африкада, сол сияқты Америкада таптық қоғамдар өздерінің ішкі және сыртқы алғашқы қауымдық перифериясын түгелдей қамтып, түрік, монғол, араб, т.б. тарапынан варварлық жаулап алушылықтарға ұшырады.
Орта ғасырда ашылған Ұлы географиялық жаңалықтар және олардан соңғы батыс европа елдерінің колониялық экспансиясы алғашқы қауымдық периферияда көбінесе жоюшылық сипат алды. Оның себебі, батыс европа елдерінің колониялары олардан мұхит, теңіздер арқылы бөлініп, орталық пен перифериядағы халықтың бір-бірімен байланысын шектеді.
Таптық және алғашқы қауымдық қоғамның қатынастарының ассиметриялық сипаты капитализм кезінде ең жоғарғы шегіне жетті. Басқа кезеңдердің барлығына қарағанда капитализмнің қуаты өте күшті болды.
Колониялық әлемнің біршама бөлігін құрайтын алғашқы қауымдық периферия бастапқы кездегі капиталдың жинақталуында және өнеркәсіптің капиталистік жолмен дамуында маңызды рөл атқарды. Дегенмен, алғашқы қауымдық периферия үшін европалықтардың колонияландыру саясатының зардаптары да аз болмады. Осының нәтижесінде алғашқы қауымдық қоғамның орасан зор бөлігі Жер бетінен түгелімен жойылып кетті деуге болады. Мысалы, тасманиялықтар түгелдей, Австралияның теңіз жағалауларында орналасқан тайпалары, бушмендер, Вест-Индия мен Орталық Аргентина тайпалары, Оңтүстік Шығыс Бразилияның 30 шақты тайпалары түгнлге, ал АҚШ индей халқының 2/3 бөлігі жойылып кетті.
ХV ғасырдан бастап, Маркстің сөзімен айтқанда, америкалық колониялар үшін қажетті құлдардың қорығына айналған Африкада тек қана құлдар саудасының әсерінен кейбір ғалымдардың есептеуі бойынша 100 млн адам қырылып кеткен.
Алғашқы қауымдық құрылымда тіршілік еткен халықтың екінші бөлігі құл иеленушілік және капиталистік эксплуатацияға ұшырады. Бұл үрдістердің өту жағдайлары түрліше болды. Жергілікті халықты жерлерінен қуып тастап, резерват, резервация (АҚШ), хоумдендтерге (ЮАР мен Намибия), т.б. бөліп тастады. Бірақ бұның нәтижесінде олардың барлығы таптық қоғамдардың құрылымына кіріп, онда шаруалар мен ауыл пролетариатының топтарын құрды.
Дегенмен, алғашқы қауымдық қоғамға капиталистік колонияландырудың тек зиянды әсері болды деу қате болар еді. Капитализмнің әсер ету аймағындағы алғашқы қауымдық қоғамдар шаруашылық, әлеуметтік-саяси және мәдени жағынан қарқынды дами бастады. Европалық колонияларда өнеркәсіп пайда болып, жұмысшы таптары мен интеллигенция өкілдері, саяси партиялар құрылып, техникалық өркениеттің жетістіктері кең тарала бастады.
Колониялық жағдайда бұндай даму өте жай жүрді. Колонизаторлар көп жағдайда тайпалық құрылым мен көсемдік билік сияқты трайболизмнің салт-дәстүрлерін өздерінің әкімшілік қызметінде пайдалану үшін барынша сақтап қалуға тырысты. Басқарудың бұндай тікелей емес, қосымша жүйесі көптеген британ және нидерланд колонияларында кең таралды.
Достарыңызбен бөлісу: |