1 глоссарий бөлім пән бойынша глоссарий этностық дискриминация


Пайдаланған әдебиеттер тізімі



бет22/24
Дата08.11.2022
өлшемі435,5 Kb.
#48556
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
1.Қазақ Совет энциклопедиясы, Алматы, 1976 
2.Қазақ Совет энциклопедиясы, Алматы, 1974 
3.Қазақ Совет энциклопедиясы, Алматы, 1978 
4.Қазақ Совет энциклопедиясы, Алматы, 1977 
5.Сб. Проблемы социологии, М,. 2006 
6.Энгельс Ф. »Отбасының, жекеменшіктің және мемлекеттің шығуы», Алматы, 1984 
7.»Мысли и изречения», М,. 1965 
8.Морган Л. «Ежелгі қоғам», Алматы, 1956 
9.Бегалиев Т.Б. «Педагогика» Лекциялар курсы, Тараз, 2002 
10.Латышина Д.И. «История педагогики» М, 2003 
11.Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі, Алматы, 2006


Сараман сабақтарының тақырыптары және оны даярлауға әдістемелік нұсқау.
Сараман сабақтарына даярлау үшін жалпы әдістемелік нұсқаулар.
Мақсаты: пән бойынша лекциядан алған білімдерін бекіту, тереңдету және кеңейту.
Сараман сабағы – дәрісте алған білімді студенттің өздігінен оқып, талқылап, меңгеруіне арналады. Сараман сабағы кезінде студенттің сабаққа белсенді қатысуы, сабақта тәртіп сақтауы, сабаққа толық даяр болуы жалпы курс бойынша студенттің қорытынды рейтинг бағасына ықпал ететіндігін ұмытпаңыз.
Сараман сабағына даярлық:

  • Сараман сабағынан қалмаңыз.

  • Сараман сабығна толық даярлықпен келіңіз.

  • Сараман сабағында дәріс дәптерлерін пайдаланыңыз.

Сараман сабақтарының кең тараған бірнеше формалары бар:

  1. Реферат түріндегі формасы.

  2. Аралас формасы.



Сараман сабақтарының тақырыптары:



Тақырып:1 Қазiргi қоғамдық даму кезеңiндегi жанұя тәрбиесiнiң ерекшелiктерiн.
Отбасы– тәрбие факторы.
Отбасындағы педагогикалық процесінің негізгі сипаттамалары.

Тақырып:2 Отбасы тәрбиесінің негіздері.



Тақырып:3.Отбасының педагогикалық процесін ұйымдастырудың теориялық негiздерi.

Тақырып: 4.Отбасы тәрбиесiнiң құқықтық негізі.

Тақырып: 5.Мектеп пен отбасының әрекеттестiк формалары.
1. Мектеп - тәрбие жұмысының орталығы.
2. Отбасы - бала тәрбиесінің алғашқы ұжымы. Баланы дұрыс тәрбиелеу шарттары.
3. Мектеп пен отбасының, жұртшылықтың ынтымақтастығы.
1. Мектеп - өскелең ұрпақты тәрбиелеу жүйесіндегі шешуші буын. Оның жас ұрпақты тәрбиелеудегі рөлі өте зор. Еліміздің жпотары мектеп арқылы өмірге жолдама алады. Мектеп еш уақытта отбасынан, қоғамнан бөлініп, автономиялық мекеме болған емес. Сондықтан оның іс-әрекеті отбасымен, жұртшылықпен, еңбек ұжымдарымен тығыз байланысты. Міне, мектептің үлкен тәрбиелік қызметі осында.Мектеп тәрбиеге байланысты қоғамдық күштерді ұйымдастыру және біріктіру рөлін атқарады, Ол ішкі тәрбие процесін атқарып қана қоймайды, мөлтек аудандарда, кәсіпорындарда жүргізілетін тәрбие жұмысының мақсатқа бағыттылығын қамтамасыз етеді. Осы тұрғыдан мектеп — балалармен тәрбие жұмысын ұйымдастырып, жеке адамның дамуында және қалыптасуында әр түрлі факторлардың ықпалын үйлестіріп, біріктіретін орталық. Мектепте іс-әрекеттің ең бастысы - тәрбие түрлерінің (дүниетіным, еңбек, мінез-құлық, әстетикалық дене тәрбиесі) мақсаттары мен міндеттері жүзеге асырылады.
Мектеп басшылығымен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының формалары көп. Олар: ата-аналармен жұмыс: сынып жетекшілерінің және мұғалімдердің отбасымен жұмысы; сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмыстары. Осы жұмыстарға мектеп басшылық жасайды, көмектеседі, тиісті адамдармен, ұйымдармен бірігіп іске асыруды қамтамасыз етеді.Тәрбие жүйесінде, әсіресе, жеке адамның жоғары моральдық қасиеттерін қалыптастыруда, адамгершілік сезімін, эстетикалық талғамын дамытуда қоғамдық тәрбие институттарының алатын орны ерекше.
2. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің, мұралардың сақтаушысы. Онда бала алғаш рет өмір жолымен танысады, моральдық нормаларын игереді. Сондықтан отбасылық өмір - жеке адамның азамат болып өсуінің негізі. Отбасы ғасырлар бойы адам баласы тәрбиесінің құралы болып келеді. Сондықтан ол адам үшін ең жақын әлеуметтік орта.Отбасы - оқыту мен тәрбие жұмысындағы мектептің одақтасы. Ол бала тәрбиесі жөнінде мектеппен тығыз байланысты болуды өте жақсы түсінеді. Бала тәрбиесінің отбасында, мектепте нәтижелі болуы ынтымаңтастыққа негізделеді.Отбасы тәрбиесі - бұл қоғамдық тәрбиенің бір бөлігі, мемлекет алдындағы ата-аналардың борышы. Үкімет отбасына үнемі қамқорлық жасауда. Қамқорлықтың түрлері: балалар мекемелері жөнінде халықтың қажеттілігін толық қанағаттандыру, балалардың еңбек, спорт лагерьлерінің, жас натуралистер станцияларының,ғылыми-техникалық және көркем шығармашылық үйірмелерінің жұмысын кеңейту; ананы, балалық шақты қорғауға ерекше көңіл бөлу, отбасы мүшелерінің демалуы үшін санаториялардың, демалыс үйлерінің жүйесін кеңейту; аналар жағдайын еске алып, өйелдердің халық шаруашылығына қатысуын үйлестіру.Отбасындағы басты мәселелердің бірі - баланың тіршілік әрекетін ұйымдастыру: баланың төртібі, міндеттері, қойылатын талаптьар, оның үй еңбегіне қатысуы, оқу-әрекеті, бос уақытын , ұйымдастыру.Бала өмірін және іс-әрекетін ұйымдастыруда негізгі жағдайлардың бірі - ұтымды ырғақ жасау. Күн тәртібі - өмір тәртібі, еңбек пен демалыстың парасаттылықпен, кезектесіп өтуі, талаптардыр орындау, жақсы әдеттерді қалыптастыру.Балалардың күн тәртібі жұмыс қабілетін толық сақтау үшін еңбек пен демалыстың кезектесіп өтуінің қажет екендігін көрінетін И.П.Павловтың іліміне негізделеді.Күн төртібін баланы жинақылыққа, тілалғыштыңқа, дәлдікке  мұқияттылыққа үйретеді, денсаулығын нығайтады, еңбек қабілетін жақсартады. Дұрыс ұйымдастырылған күн ырғағы белгілі дағдыға үйретеді, дағды әдетке айналады. Әдет келешекке бала қажетін қанағаттандырады.Күн тәртібін жасауда ата-ана баланың жасын, үй жағдайын, денсаулығын мұғалімдер мен сынып жетекшілерінің кеңесін, отбасы мен мектеп ырғағының бірлігін еске алуы тиіс. Отбасында күн тәртібінің негізгі қүрамды бөліктері - еңбек, демалыс, ойын, сабаққа дайындалу, тамақтану, үйқы, т.б. дұрыс алмасып отыруы қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет