Фетишизм– кейбір жансыз денелердің ерекше құдіретті күштеріне сену, мысалы, үңгірлер, тастар, ағаштар, белгілі бір еңбек құралдары мен тұрмысқа қажетті заттар, т.б. Фетишистік түсініктер - жансыз денелерді жанды дүние ретінде қабылдау. Мысалы, адамдарды өлімнен сақтап қалушы үңгір немесе ашаршылықта адамдар жемісін қорек еткен ағаш, аң аулағанда қолданылған садақ т.б. – фетиш болып саналды.
Тотемизм Австралия аборигендерінде толық сақталған – тотем болып табылатын белгілі бір жануар не өсімдік түрлері, немесе басқа да заттар мен табиғат құбылыстары аборигендер арасында тығыз байланыс бар екендігіне сену. Туыстың аты оның өзінің тотемінің, мысалы, кенгуру не пияздың атымен аталып, олар өз тотемімен қандас туыспыз деп есептеді. Тотемге сиынған жоқ, бірақ оны басқалардың “әкесі” не “ағасы”, т.б. деп санады. Тотемі бір туыстарға өз тотемін өлтіруге, не оған зияндық жасауға не оны тамаққа пайдалануға тиым салынады. Әрбір туыстың өзінің қасиетті орталығы болды, онда тотемдік әдет-ғұрыптар сақталып, олармен байланысты салт-дәстүрлер орындалды. Жалпы алғанда, тотемизм туыстың табиғи ортамен байланысының идеологиялық көрінісі, бейнесі болды.
Анимизм – белгілі бір денелер бойында болатын ерекше құдіретті күш иелеріне сену.
Анимистикалық сенімдер табиғатқа жан бітірумен байланысты болды. Олардың бастамалары алғашқы қауымдық қоғам кезеңінде-ақ: тасманиялықтарда, австралиялықтарда, отты жерліктерде және басқаларда қайтыс болған адамдардың жаны, шайтандар мен аруақтар туралы түсініктер болды.
Магия немесе сиқыршылық- адамдардың басқа адамдарға, жануарларға, өсімдіктерге, тіпті табиғат құбылыстарына әсер ету қабілетіне сену. Бақыланып отырған құбылыстардың өзара байланыстарының шын мәнін түсінбей, кездейсоқ сәйкестіктерді дұрыс түсінбей, кей адамдар сөз және белгілі бір әрекеттер арқылы басқа адамдарға көмектесуге не керісінше зиян етуге болады деп сенді. Магия: “ақ” (қорғаушы) және “қара” (жамандық жасаушы) болып бөлінді. Магияның басқа да систематикасы әсер ету объектісіне байланысты: өндірістік, махаббат, емдік, т.б. магия болып бөлінді.
Көптеген ғалымдардың пікірінше, магия дін бола коймаған, өйткені адамнан күшті құдірет иесін емес, адамның мүмкіндіктерін дәріптейді. Бірақ фетишизм, тотемизм мен анимизмде табиғаттан тыс құдірет қауымдық қоғам кезеңінде-ақ: тасманиялықтарда, австралиялықтарда, отты жерліктерде және басқаларда қайтыс болған адамдардың жаны, шайтандар мен аруақтар туралы түсініктер болды.
Ертедегі жер иеленушілік қоғамда Аспан еркек мен Жер әйелдің арасындағы неке туралы қарсы жағымсыз күштерді бағындыруға тырысты.
Егін шаруашылығының пайда болуына байланысты өсірілетін өсімдіктер мен олардың өсіуіне тікелей әсер ететін Күн мен Жердің күші деген ұғым қалыптасты. Мысалы, ирокездер маис, бұршақ және асқабақ “үш апалы-сіңлілер“, “біздің өмір“ не “бізді асыраушылар“ деп олардың рухына табынды. Ирокездердің алты мейрамдарының төртеуі егін шаруашылығына байланысты болды: жаңа жыл, егін себу, көк дән және өнім жинау. Күн – күш иесі, Жер топырақ құнарлылығын көтереді, жаңбыр шақырады, т.б. магиялық ұғымдар кең тарады. Осы сияқты мал шаруашылығында да ұғымдар қалыптасты.
ТАРАУ БОЙЫНША БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ
1. Қоғамның қалыптасу кезеңдері: ертеқауым, алғашқы қауымдық қоғам және таптар түзілу кезеңдері.
2. Жыныс аралық қатынастардың қалыптасуы мен дамуы, басымдылық, конфликттер және отбасы пайда болуының алғы шарттары.
3. Алғашқы адамдардағы қарапайым отбасы туралы түсініктер мен көзқарастар.
4. Туыстық құрылымдардың қалыптасуы, олардағы жыныс аралық қатынастардың түрлері мен некенің пайда болуы.
5. Ертедегі өркениеттің пайда болуы, алғашқы қауымдық перифериялардың типтері мен олардың дамуы.
6. Билік түрлері, олардың алғашқы бастамаларының пайда болуы.