1 глоссарий пән бойынша глоссарий


Тақырып 11. Мұғалімнің қарым-қатынас мәдениеті және диагностикасы



бет8/9
Дата12.07.2023
өлшемі148,5 Kb.
#104269
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
1 глоссарий п н бойынша глоссарий

Тақырып 11. Мұғалімнің қарым-қатынас мәдениеті және диагностикасы
Қарым- қатынас мәдениеті туралы түсінік. Қарым-қатынас стилі. Педагог пен тәрбиеленуші арасындағы кәсіби қарым-қатынас. Қарым-қатынасты ұйымдастыра білу және өзінің психологиялық жағдайында оны басқара білу. Педагогикалық такт және педагогикалық этика.
Мұғалімнің кәсіби қызметіндегі жанжалдар, олардың түрлері мен себептері. Дауларды шешу жолдары. Мұғалімнің қарым-қатынас мәдениетіне диагностика және экспертиза жүргізу.
Тақырып 12. Бір тұтас педагогикалық процестегі мұғалім-сынып жетекшісінің жұмысы және оның диагностикасы

Бір тұтас педагогикалық процестегі мұғалімнің сынып жетекшісі ретіндегі міндеттері, жұмысының мазмұны.Мұғалім-сынып жетекшісінің тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруы және оған қойылатын талаптар. Оқушылардың ата-аналарымен жұмысының мазмұны. Бір тұтас педагогикалық процестегі мұғалім-сынып жетекшісінің жұмысына диагностика жүргізу және карта толтыру.




4 СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫ
Оқытушы жетекшілігімен және студенттердің өздігінен орындайтын жұмыстарын орындауға әдістемелік нұсқаулар

Мақсаты: студенттердің дәріс және тәжірибелік сабақтарында алған білімдері негізінде өздігінен жұмыс істей білу іскерлігін қалыптастыру.


Міндеттері:
- дәріс және тәжірибелік сабақтарында алған білімдерін тереңдету;
- теорияны практикамен байланыстыру;
- библиографиямен жұмыс істеу іскерлігі мен дағдыларын жетілдіру;
- алынған білімі негізінде мәселелік сұрақтарды өздігінен шешу;
- психологиялық-педагогикалық бақылау жүргізудің практикалық дағдыларын жетілдіру;
- зерттеушілік, ізденушілік іскерліктерін жетілдіру;
- өздігінен жұмыс істеу іскерліктері мен дағдыларын дамыту;
- ойын еркін жеткізе білуге және оны қорғай білуге үйрету.
Оқытушы жетекшілігімен және өздігіңізден орындайтын өздік жұмысыңыз Сіздің курс бойынша меңгеретін біліміңізге және рейтинг бойынша жинайтын ұпайыңызға айтарлықтай ықпал жасайтынын ұмытпаңыз, сол себепті әрбір өздік жұмыс тапсырмасын өзіңіз дербес орындаңыз, тапсырманы орындауға мұқият қараңыз, әрі жауапты болыңыз. Өздік жұмыс тапсырмаларын орындау барысында басқадан көшіргеніңіз немесе басқаға көшірткеніңіз үшін жұмысыңыз мүлдем есептелінбеуі немесе бағасы төмендетілуі мүмкін.
Өздік жұмысын орындау формалары әр түрлі: кесте, таблица құру, реферат, коллоквиум, сөзжұмбақ, пікірталас, конспект бойынша талдау, аннотация жазу және т.б. Оларды орындау үшін оқу әдістемелік кешеннің мазмұнында жалпы әдістемелік нұсқаулар берілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет