1 глоссарий пән бойынша глоссарий


Тақырып 8. Мұғалімнің тәрбиелеу іс-әрекетінің диагностикасы мен экспертизасы



бет5/9
Дата12.07.2023
өлшемі148,5 Kb.
#104269
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
1 глоссарий п н бойынша глоссарий

Тақырып 8. Мұғалімнің тәрбиелеу іс-әрекетінің диагностикасы мен экспертизасы
Тәрбиелеу іс-әрекетінің психологиялық-педагогикалық мәселелері. Мұғалімнің тәрбиелеу іс-әрекетінің мазмұны: тәрбие түрлері, әдістері, құралдары. Мұғалімнің тәрбиелеу іс-әрекетін диагностикалау әдістемелері және жолдары. Мұғалімнің тәрбиелеу іс-әрекетіне экспертиза жүргізу.
Модуль3. Мұғалімнің педагогикалық іс-әрекетінің диагностикасы мен экспертизасы
Тақырып 9. Мұғалімнің отбасымен жұмысының диагностикасы мен экспертизасы
Отбасымен жұмыс міндеттері және мазмұны. Отбасын зерттеу жұмысының ұйымдастырылуы. Ата-аналарды зерттеу. Ата-аналарға бала тәрбиесінде психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету. Мұғалімнің отбасымен жұмысын диагностикалау және экспертиза жүргізу.
Тақырып 10. Мұғалімнің педагогикалық шеберлігінің диагностикасы
Педагогикалық шеберлік мұғалімнің педагогикалық мәдениетінің компоненті ретінде. Педагогикалық шеберлік компоненттері: гуманистік бағыт, кәсіби білім, педагогикалық қабілет, педагогикалық техника. Мұғалім мамандығындағы актерлік және режиссерлік шеберлік элементтері. Мұғалімнің педагогикалық техникасының диагностикасы.
Тақырып 11. Бір тұтас педагогикалық процестегі мұғалім-сынып жетекшісінің жұмысы және оның диагностикасы
Бір тұтас педагогикалық процестегі мұғалімнің сынып жетекшісі ретіндегі міндеттері, жұмысының мазмұны.Мұғалім-сынып жетекшісінің тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруы және оған қойылатын талаптар. Оқушылардың ата-аналарымен жұмысының мазмұны. Бір тұтас педагогикалық процестегі мұғалім-сынып жетекшісінің жұмысына диагностика жүргізу және карта толтыру.


3 ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАР
Тәжірибелік сабақтарына даярлануға әдістемелік нұсқаулар
Тәжірибелік сабақтар студенттердің оқу жұмыстарының маңызды формаларының бірі.
Тәжірибелік сабақтардың мақсаты – білімді бекіту, іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру.
Бұл сабақтардың рөлі студенттерде оқыған пәндерінен алған білімдерін практикада қолдана білу дағдылары мен іскерліктерін қалыптастыруда өте жоғары.
Тәжірибелік сабақтардың міндеттері:
1. Дәріс материалдарын қайталау арқылы білімді бекіту, материалды кеңейту және нақтылау.
2. Алынған білімді нақты әрекеттерді орындау үшін және жаңа білім, дағдыларды алу үшін өздігінен қолдану қабілетін дамыту.
3. Теориялық білімді практикада қолдана білу іскерлігін қалыптастыру.
4. Практикада қолдану үшін ғылыми әдістер және тәсілдерімен танысу.
5. Алғашқы тәжірибеге қажетті дағдыларды жинақтау.
6. Ғылыми-практикалық сұрақтарды өздігінен шешу дағдыларын дамыту.
7. Алынған білімді нақты жүйеге келтіру.
8. Оқу және ғылыми жұмыстарға жауапкершілікті және ұқыптылықты тәрбиелеу.
9. Пәндер арасындағы байланыс пен қатынасты дамыту.
Тәжірибелік сабақтарға даярлануда әр тақырып бойынша берілген сұрақтардың мазмұнын ашу керек. Сұрақтардың мазмұнын ашуда нақты мысалдар, фактілер, аргументтер келтіру қажет. Сабаққа даярлануда ұсынылған әдебиеттерден басқа әдебиеттерді, күнделікті баслымдардағы материалдарды қолдануға болады. Тәжірибелік сабақтарда оқылатын пәнге жағымды қатынас қалыптасады, алған білім және іскерліктер бекиді және жетіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет