Тақырып 7. Мұғалімнің тәрбиелеу іс-әрекетінің диагностикасы мен экспертизасы Тәрбиелеу іс-әрекетінің психологиялық-педагогикалық мәселелері. Мұғалімнің тәрбиелеу іс-әрекетінің мазмұны: тәрбие түрлері, әдістері, құралдары. Мұғалімнің тәрбиелеу іс-әрекетін диагностикалау әдістемелері және жолдары. Мұғалімнің тәрбиелеу іс-әрекетіне экспертиза жүргізу.
Тақырып 8. Өзін-өзі тәрбиелеу мұғалімнің кәсіби даярлығының құралы ретінде Өзін- өзі тәрбиелеу түсінігі. Тұлғаның қалыптасуындағы өзін-өзі тәрбиелеудің рөлі. Мұғалімнің адамгершілік мәдениеті. Өзін- өзі тәрбиелеу мазмұны. Өзін- өзі тәрбиелеу әдістемесі.
Болашақ маманның өзін-өзі тәрбиелеуі кәсіби шеберлікті қалыптастырудың құралы ретінде. Болашақ маманның өз бетінше кәсіптік білімін жетілдіруі. Болашақ маманның кәсіптік өзін - өзі тәрбиелеу.
Модуль3. Мұғалімнің педагогикалық іс-әрекетінің диагностикасы мен экспертизасы Тақырып 9. Мұғалімнің отбасымен жұмысының диагностикасы мен экспертизасы Отбасымен жұмыс міндеттері және мазмұны. Отбасын зерттеу жұмысының ұйымдастырылуы. Ата-аналарды зерттеу. Ата-аналарға бала тәрбиесінде психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету. Мұғалімнің отбасымен жұмысын диагностикалау және экспертиза жүргізу.
Тақырып 10. Мұғалімнің педагогикалық шеберлігінің диагностикасы 1. Педагогикалық шеберлік мұғалімнің педагогикалық мәдениетінің компоненті ретінде. Мұғалім мамандығындағы актерлік және режиссерлік шеберлік элементтері.
Педагогикалық квалифиметрия мен шеберлік. Мұғалімнің білімді пайдалану, материалмен жұмыс жасау қабілеттілігі, қатынас және сезім мәдениеті.
2.Жас мұғалімнің педагогикалық техникасында әдеттегі кемшіліктер.Мұғалімнің өзін - өзі басқара білу шеберлігі, өзін - өзі қалыпқа келтіру техникасы, өзінің психофизикалық жағдайын меңгеру техникасы. Педагогикалық өзара қызметтегі вербальдық және вербальдық емес қатынас құралдарының рөлі. Мұғалімнің сыртқы пішін мәдениеті: киімі, тұрысы, жүрісі, беті, шашы, әсемдік бұйымдары.Мұғалім педагогикалық техникасының диагностикасы.
Мұғалімнің сөйлеу мәдениетіне диагностика: мұғалім сөзінің логикасы, сөздің лексикалық мәдениеті, сөздің грамматикалық дұрыстығы, сөз сөйлеу құралдары, сөйлеу техникалар: дем алу, дауыс, дикция, ырғақ.