1 глоссарий пән бойынша глоссарий


Сынып жетекші – сабақтан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырып, үйлестіріп, келістіріп өткізетін педагог



бет2/9
Дата12.07.2023
өлшемі148,5 Kb.
#104269
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
1 глоссарий п н бойынша глоссарий

Сынып жетекші – сабақтан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырып, үйлестіріп, келістіріп өткізетін педагог.

  • Тәрбие, тәлім-тәрбие – жеке тұлғаның адамдық бейнесін, ұнамды мінез-құлқын қалыптастырып, өмірге бейімдеу мақсатында жүргізілетін жүйелі процесс.

  • Оқыту - ғылыми білімдерді, біліктерді және дағдыларды игеруі бойынша, шығармашылық қабілеттерін, дүниетанымдықты, өнегелі-әдептікөзқарастарды дамыту бойынша оқушылардың белсенді танымдық қызметін ұйымдастыру мен ынталандырудың педагогикалық үрдісі. 

  • Шеберлік - кәсіби немесе әуесқойлық білімдердің каңдай да болсын түрінде істі терең танушылықпен, дамыған іскерлікпен үйлестіріп тиімді әрекеттерді жүзеге асырушылық.

  • Педагогикалық шеберлік –үнемі жетіліп отыруды қажет ететін балаларды оқыту мен тәрбиелеу өнері. Ол өнерге балаларды сүйетін және өз қалауымен жұмыс істейтін әр педагогтің қолы жетуі мүмкін. Педагог - өз ісінің шебері, жоғары мәдениетті, өз пәнін терең меңгерген, ғылым мен өнердің тиісті салаларынан хабардар, жалпы, әсіресе балалар психологиясының мәселелеріне қанық, оқыту мен тәрбиенің әдістемесін жетік игерген маман.

  • Озық педагогикалық тәжірибені зерттеу — мұғалімнің педагогикалық қызметі айқындауға мүмкіндік беретін оның кәсіби шеберлік жиынтығы деңгейін анықтайтын әдіс.

  • Профессиограмма — адамға қойылатын талап ету жүйесі арқылы кандай да бір кәсіптің егжей-тегжейлі сипатталуы. Ол талаптарға берілген кәсіп саласын жетістікпен меңгеру үшін қажет тұлғаның сапасы, ойлау қабілетінің ерекшеліктері, білімі икемділігі және дағдысы жатады.

  • Профессиография — адамның жеке басының қасиетіне, психологиялық қабілетіне, психологиялық-физикалық мүмкіндігіне қойылатын талаптарды зерттеу технологиясы.

  • Отбасы - бірлесіп күн көретін туыстық қатынаста тұратын адамдар тобы. Балалар тәрбиесін жүзеге асырып, басқа да қоғамдық тұрғыдан мәнді кажеттіліқтерді қанағаттандыратын некелік немесе туыстық қатынастармен байланысқан адамдар тобы.

  • Мотив (латын тілінде moveo – қозғаушы, итермелеуші) – адамды белгілі бір іс-әрекетке бастайтын ішкі субъективті себеп, оның қажеттіктері мен мүдделерін білдіруге бағытталған саналы, мақсатқа сәйкес әрекет. 

  • Әдістемелік және теориялық негіз — зерттеу негізіне жататын негізгі теориялар мен әдістемелік ережелер.

  • Әдістемелік зерттеулер — зерттеу нәтижелері эмпириялық деңгейде тәжірибені жинақтаумен, ережелерді қалыптастырумен, педагогикалық қызмет нормаларын айқындаумен, деректер алумен, оны талдау және жүйелеумен айқындалады.

  • Деректерді таңдамалы тағайындау — тәжірибеде өлшемге түскен немесе өткізілген психикалық диагностиканың ең аз шамадан ең үлкеніне қарай орналасуы.

  • Тәжірибелік психологиялық-педагогикалық зерттеу — бұл теориялық болжамдар мен тәжірибелік ұсыныстардың толықтылығына қатысты нақты білім алуға мүмкіндік беретін психология мен педагогика саласындағы зерттеулер.

  • Тәжірибелік деректерді алғашқы статистикалық өңдеу әдісі — бұл тәжірибеде жүзеге асырылатын өлшемдер нәтижелерін тікелей айқындайтын көрсеткіштер алуға көмектесетің әдістер.

  • Тәуелсіз мінездемелерді жинақтау әдісі — зерттелетін тұлғаға түрлі адамдар баға бере алатын тиімді әдіс. Мінездемелерді талдап қорыту — әр түрлі мінездемелерді талдап, жинақтауда кездейсоң және мардымсыз тұжырымдар алынып тасталады.

  • Теориялық зерттеулер — әдебиетке шолу мен сын; берілген мәселені шешуде, автордың теориялық болжамын бағыттайтын зерттеулер.

  • Өзін-өзі бағалау әдісі — жеке тұлғаға өзі баға беруде, өз мүмкіндіктерін, қасиеттері мен басқа адамдар арасындағы орнын анықтауға көмектесетін әдіс.

  • Өзара әрекет талдау — бақылаудың бір түрі, оның көмегі арқылы адам мінез-құлқының ішкі көрінісі, коммуникациясын, ақпарат алмасуын, келісу мен келіспеушілік, ұжымдар мен жеке тұлғаға қатынасы зерттеледі.

  • Диагностика (техникалық) — техникалық ақауларды іздестіруге және анықтауға арналған теория, әдістер және жабдықтар туралы ілім. (Уикипедия)

  • Диагностика – бұл обьектің жағдайын көрсететін белгілерді меңгеру, оның ауытқушылықтары мен қателіктерді түзеу немесе алдын алу жұмыстарын атқару. (Источник: http://bigox.kz/kasiptik-bagdar-beru-sabagynyn-mani-men-mazmuny/© bigox.kz)

  • Сараптама — ғылым, техника, өнер, т.б. салаларда арнайы таным, білім мен білік талап ететін қандай да бір мәселеге зерттеу жүргізу. Сараптаманың ғылыми зерттеуден айырмашылығы сол, ол құбылыстарды емес, болып кеткен жағдайды және оның себептерін анықтау мақсатында жүргізіледі. Көбіне экономикалық, бухгалтерлік, медициналық, соттық сараптамалар жүргізіледі. (Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. - Алматы: Жеті жарғы, 2008)

  • Қайталама сараптама - сарапшының қорытындысының негізділігіне немесе оның дұрыстығына күдік туындаған жағданда, оны өткізуді басқа сарапшыға немесе сарапшылар тобына тапсырып, тағайындайтын сараптама.

  • Экологиялық сараптама (Экологическая экспертиза) — адамдардың шаруашылық немесе басқа да іс-әрекетінің тексеруге бағытталған шаралар жүйесі немесе таңдалған аймақ төңірегіндегі жаңадан енгізілген шаруашылық кешеннің тіршілік ортасына, табиғи ресурстарға және адам денсаулығына тигізетін әсерін бағалау. 

  • Coт сараптамасы — шешілуі үшін маңызы бар жағдаяттарды белгілеу мақсатында, арнаулы ғылыми білім-білік негізінде жүргізілетін қылмыстық, азаматтық немесе әкімшілік істердің материалдарын зерттеу.

  • Криминалистикалық сараптама - қылмыстық іс бойынша айғақтамалық мәні бар мәселелер жөнінде қорытынды алу мақсатымен жүргізлетін іс жүргізу әрекеті. Неғұрлым кең таралған түрлері: трассол, баллистик. криминалистикалық сараптамалары, суық қару қолдану.

  • Диагностика – диагноз жөніндегі медицина ғылымының тарауы.

  • Экспертиза (сарап) - мәселенің өз шешімін табуы үшін, оның ғылымның кейбір саласы бойынша (мысалы медицинада) арнайы білімді, техникалық шеберлікті т.б. біліктілік дәрежесін талап ететін, маман (немесе мамандар тобы) тарапынан белгілі бip тұжырым шығара отырып зерделенуі.

  • Экспертиза – бір даулы мәселе туралы эксперттердің бас қосқан мәжілісі. (Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі, - А, 1986)

  • Соттық – психиатриалық экспертиза – бұл психиатрияның арнайы білімін керек ететін соттық экспертизаның бір түрі. Түрлер: амбулаторлы, стационарлы және өлкенен кейін жүргізілетін экспертиза.

  • Ғылыми-техникалық экспертиза - ғылым, техника саласында арнайы білімді кажет ететін қандай да бір сұрақтарды сарапшының (маманның) зерттеуі.

  • Бақылау — зерттеу не тексеру әдісі. Бақылау арнайы жоспар бойынша жүргізіледі. Жоспарда Бақылаудың мақсаты мен міндеттері, объектісі (сабақ, саяхат, лабораториядағы, шеберханадағы, оқу-тәжірибе учаскесіндегі оқушылардың жұмыстары), жүргізу әдісі мен жолдары дұрыс көрсетілуі тиіс.

  • Арнайы бақылау — бұл зерттелетін құбылыс суретін талдамалы түрде қарастыруға әкелетін әдіс.

  • Ашық бақылау — зерттеушіге оны қызықтыратын барлық құбылыстар тараптарын қамтуға үлкен мүмкіндік береді, сонымен бірге зерттеуші қатысуының теріс әрекеттеріне көп ұшырайды.

  • Ашық сауал — мұнда жауаптар сипаты мен саны, олардың түрлері мен формалары алдын ала қарастырылмаған.

  • Дидактикалық бақылау — бақылау нысаны ретінде оқыту процесі тұтас енеді.

  • Монографиялық бақылау — өзара байланысқан құбылыстардың әр түрлі өлшемдегі бірталай санын қамтиды, олардың дамуын, өзара ықпалын ерекшеліктерімен арақатынасын қарастырады.

  • Педагогикалық бақылау — бұл педагогикалық үрдісті тану әдісі, ол ұзақ мақсатты түрде бағытталған жоспарлы қабылдау.

  • Сарапшы - арнайы ғылыми ілімдерді меңгерген және тергеу, сот, төрелік сот және т.б. органдарда сараптама өткізу үшін тартылған, істің ақырының немен бітеріне мүдделі емес түлға.

  • Рейтинг — білікті адамдар көмегі арқылы жеке тұлғаның қасиеттерін бағалайтын сызба. Белгіленген сызба бойынша кез келген құбылысты субъективті бағалауға болады.

  • Сауалдар — толтыратын адам туралы кейбір мәліметтерді алуға арналған сұрақ парағы.





    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет