1. Грам оң кокктар Стафилакокктар: S. aureus таза дақылының жағындысы,Грам бойынша бояу,қанды агар Морфологиялық қасиеті



Pdf көрінісі
бет1/20
Дата10.02.2023
өлшемі2,08 Mb.
#66822
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
Микро преп ДО



1.Грам оң кокктар 
 
 
Стафилакокктар: 
S.aureus таза дақылының жағындысы,Грам бойынша бояу,қанды агар
 
Морфологиялық қасиеті:пішіні дұрыс,шар тәрізді,жүзім тәрізді шоғырларға біріккен .Олар спора 
түзбейді,талшықтары жоқ және қозғалмайды.Кейбір түрлері капсула түзуге қабілетті және L-
пішінін түзуі мүмкін. 
Тинкториалды қасиеті:Грам оң ,қою күлгін түске боялады,оптималды орта рН=7-7,5 және 37
0
С 
Дақылдық қасиеті: 
-Пішіні: шар тәрізді 
-Көлемі:ұзындығы 2-4 мм,диаметрі 0,5-1,5 мкм 
-Мөлдірлік дәрежесі:мөлдір емес,лайланады.Стафилакокктардан пигмент тәрізді зат синтезделеді, 
ол дақылға түс береді 
-Түсі:алтын түстес,крем түстес,сары-сарғыш 
-Шетінің сипасы:дұрыс пішінді,шеті тегіс,меруерт түстес тәжбен қоршалған 
-Беткейлік көрінісі:беті жылтыр,тегіс 
Стафилококктар факультативті анаэробтар,олар құрамында тұздың жоғары концентрациясы бар 
саруыз-тұзды агар немесе сүтті-тұзды агарда өседі.Саруызды-тұзды агарда бұлыңғыр,айнала-шеті 
тегіс,домалақ пішінді әртүрлі пигменттелген колониялар түзеді.Саруызды-тұзды агарда колониялар 
айналасына тәж тәрізді сақина орналасады,ал қанды агарда колониялар айналасында гемолиз 
аймағы пайда болады.Сұйық қоректік ортаны стафилококктар біркелкі лайландырады,кейін 
кілегейлі тұнба пайда болады. 
Ферменттік қасиеті:оның биохимиялық қасиеті жоғары,көптеген штамдары глюкозасы бар ортада 
ацетоин түзеді,аммиак бөледі,нитраттарды нитритке немесе азотқа дейін қалыпқа келтіреді
ақуыздарды,майларды гидролиздейді. 
Антигендік қасиеті:стафилококктардың ақуыз,пептидогликан,тейхой қышқылынан,капсуласынан 
тұратын антигендері бар.Түрлік арнайы антигендік қасиет тейхой қышқылымен байланысты боады. 
Резистенттілігі: стафилококктар қоршаған ортаға тұрақты болғандықтан олар кептіруге тұрақты, 
вируленттілігін жоймайды,құоғақ ыстық әсерінен 2 сағаттан соң жойылады.Олар таза этанолға да 
тұрақты.Басқа антисептиктер мен дезинфекциялық ерітінділер әсеріне сезімтал келеді. 
Стафилакокктар көптеген антибиотиктерге тұрақты болып келеді,себебі плазмидалар қадағалайтын 
бетта-лактамазаның түзілуі. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет