1. ХХ ғасыр басындағы Қазақстанның халықы ұлттық құрамы


Соғыс жылдарынан кейінгі Қазақстанның экономикалық жағдайы



бет34/92
Дата22.02.2022
өлшемі171,87 Kb.
#26088
түріҚұрамы
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   92
34. Соғыс жылдарынан кейінгі Қазақстанның экономикалық жағдайы.

Ұлы Отан соғысы аяқталғаннан кейін еліміздің экономикалық жағдайы өте қиын болды. Кеңес Одағы байлығының үштен бірі жойылып кетті. 1710 қала, 70 мыңнан астам деревнялар мен селолар, көптеген зауыттар мен фабрикалар, шахталар, мыңдаған шақырым теміржолдар және т.б. істен шығып қалды. Қиындықтарға қарамастан қысқа мерзім ішінде халық шаруашылығын қалпына келтіру керек болды. Болат өндіру, цемент, қара және түсті металл өндірісі жабдықтарын шығару, кемір және тау-кен кәсіпорындарын дамыту жақсы жолға қойылды. Ақтөбе темір балқыту, Теміртау металлургиялық зауыттарының жаңа қуатты бөлімдері іске қосылды. Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты алғашқы өнімін берді. Балқаш мыс балқыту зауыты өнім шығаруды үлғайтты. Ембі бассейінінде Қаратон мен Мұнайлыда жаңа кәсіпорындар іске қосылып, 1950 жылы мунай өндіру соғысқа дейінп кезеңмен салыстырғанда 52%-ға өсті. Қаратау тау-кен химия комбинаты құрылысының бірінші кезегі аяқталды. 1954-1958ж Өскемен, Актөбе, Шымкент, Қарағанды, Семей, т.б. 730 өнеркәсіп орны мен цехтар құрылып, іске кірісті. Жеңіл өнеркәсіп саласында 65 кәсіпорын ел игілігі үшін жұмыс істеді. Байланыс саласында Мойынты-Шу, Жамбыл-Шолақтау теміржолдары салынды. 1958ж Қазақстан аумағындағы барлық жолдар желісін бір жүйеге келтірген «Қазақ теміржолы» құрылды. Алматы қаласында автоматты телефон станциясы іске қосылды. 1960ж Қазақстан электр қуатын 1945ж салыстырғанда 10,5 есеге көп ендірді. Ауыл шаруашылығында колхоздарды ірілендіру ісі қолға алынды. Ол өндірістік күші аз және ұсақ шаруашылықтарды қосу арқылы жүзеге асырылды. Бүл колхоздардың санын 1945-1952ж 3 есеге қысқартып, 2047-ге дейін темендетті. Бұл кезеңде мал басы өсіп, суармалы егістік көлемі 16%-ға ұлғайды. 1946ж Қазақ КСР Ғылым Академиясы ашылды, оның ұйымдастырушысы әрі тұңғыш президенті Қ. Сәтпаев болды. 1950 жылдың соңында Қазақ КСР-ның Ғылым Академиясы жүйесінде 19 ғылыми-зерттеу институты жұмыс істеді. Ленинград пен Мәскеуде идеологиялық тапсырма негізде қолдан жасалған «Ленинград ісі", «Дәрігерлер ісі», ал Қазақстанда «Бекмаханов ісі» ұйымдастырылды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет