1. ХХ ғасыр басындағы Қазақстанның халықы ұлттық құрамы


Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игеруі және оның салдарлары



бет36/92
Дата22.02.2022
өлшемі171,87 Kb.
#26088
түріҚұрамы
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   92
37. Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игеруі және оның салдарлары.

Тың жерлердің игерілуі 1954ж басталды. 1954ж наурызда КОКП Орталық Комитетінің пленумында «Астық өндіруді арттыру, тың және тыңайған жерлерді игеру» туралы қаулы қабылданды. Тың игеру, астық өсіретін егістік көлемін арттыру, негізінен, Орал мен Сібірде, Солтүстік Кавказ бен Қазақстанда жүргізілді. Кеңес Одағы бойынша 1954ж 13,4 млн га тың және тыңайған жер жыртылды. Оның 6,5 млн га, яғни 50%-ы Қазақстанда болды. Осылайша жаппай тың және тыңайған жерлерді игеру қозғалысы басталды. Тың жерлерді игеру Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Көкшетау, Торғай, Павлодар облыстарында жүргізілді. 1955ж 9,4 млн га жер жыртылды. Ал жоспар бойынша 7,5 млн га жер жырту көзделген болатын. Тек 1954-1955ж қазақ өлкесінде жаңа 337 совхоз құрылды. 1954-1955ж Кеңес Одағы бойынша 29,7 млн га тың және тыңайған жер, оның ішінде Қазақстан бойынша 18 млн га, яғни 66,6% жер жыртылды. Тың және тыңайған жерді игеру нәтижесінде Кеңес Одағында жан басына шаққанда 2 мың кг астық өндіру мүмкін болды. Тың жерлерді игеру мақсатында Қазақстанға көптеген жұмысшы келді. 1953-1958ж совхоздар мен колхоздарға 266,6 мың механизатор келді. Тың игеруге келген әр адамға 150-1000 сом бір реттік көмек берілді. 1954-1959ж Қазақ КСР-де тың және тыңайған жерлерді игеру мақсатында 20 млрд-қа жуық сом жұмсалды. Қазақстанда егістік жерлердің көлемі артты. Астық өндіру көлемі жөнінен Қазақстан одақта 2-орынға шықты. 1956ж тың игерушілер 16 млн тонна астық жинады. 1954-1962ж тың игеру үшін Қазақстанға КСРО-ның тек еуропалық бөлігінен 2 млн адам әкелінді. 1954-1955ж Қазақстанға келген 650 мың тың игерушінің 150 мыңы ғана механизатор болды. 1962ж Н. Хрущевтің бастамасымен Қазақстанның солтүстік облыстарын тың өлкесіне біріктіріп, Ақмола қаласы Целиноград деп өзгертілді. Тың игеру 1964ж дейін жалғасты. Тың игерудің қорытындысы – Қазақстан халқын нанмен қамтамасыз ету мәселесінің шешілуі. Сонымен бірге Қазақстан сырт елдерге экспортқа астық шығаратын елге айналды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет