1. ХХ ғасыр басындағы Қазақстанның халықы ұлттық құрамы


Соғыс жылдарынан кейінгі Қазақстанның білім мен ғылымның дамуы



бет35/92
Дата22.02.2022
өлшемі171,87 Kb.
#26088
түріҚұрамы
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   92
Байланысты:
СЕССИЯ ТАРИХ

35. Соғыс жылдарынан кейінгі Қазақстанның білім мен ғылымның дамуы. 1947 жылы Е.Бекмаханов «XIX ғасырдың 20-30 ж Қазақстан» атты іргелі ғылыми монографиясын дайындады. Алайда еліміздің идеология саласын басқарып отырған адамдар Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық кетеріліске қатысты ғалымның көзқарасы ұлтшыл әрі саяси зиянды деп бағалады. Сол себепті 1952ж Е.Бекмаханов 25 жылға сотталып, тек И. Сталин өлгеннен кеиін ғана, 1954ж көктемде ақталды. Саяси айып тағылып, ғалымдар қатарында А.Жұбанов, Қ.Жұмалиев, Б. Сүлейменов, Қ.Мұхамедханов, жазушы Ю.Домбровский және т.б. қудаланды. Қ.Сәтбаев пен М. Әуезов саяси қысымның нәтижесінде еріксіз Қазақстаннан Мәскеуге кетуге мәжбүр болды. 1947ж 16 қарашада БКП (б) ОК «Қазақ ССР-де жоғары және орта білімді одан әрі дамыту шаралары туралы» қаулы қабылдады. Бұл маңызды шешім болатын, өйткені соғыс жылдарында КСРО ауылдық елді мекендердегі міндетті жетіжылдық және қалалық жерлердегі онжылдық білім беруді кідірткен болатын. Ол кезде жеңіске жету үшін буыны қатаймаған балалардың көмегі де қажет болғандықтан, білім беруге екінші кезекте мән берілді. 1948ж мектепте білім алмаған балалар саны 200 мыңды құраса, келесі онжылдықта бұл сан 16 мыңға дейін төмендеді. 1959ж Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі «Мектептің өмірмен байланысын нығайту және Қазақ КСР-де халыққа білім беру жүйесін одан әрі дамыту туралы» Заң қабылдады. Соған сәйкес 1962-1963ж мектептер 8 жылдық білім беруге көше бастады. Еңбек политехникалық мектептері 11 жылдық білім беруге көшті. Кейбір мектептер орыс және қазақ тілдерінде біріктіріп оқытты. 80-ші ж ортасында Қазақстанда 55 жоғары оқу орны және 246 арнайы орта білім беру мекемелері болды. Оларда 200-ге жуық түрлі мамандықты ұсынды. Соғыстан соң Қазақ КСР-інің жағдайы мәз емес еді, бірақ қарапайым халықтың қажырлы еңбегінің арқасында өмір сапасы біртіндеп арта бастады.

36. . «Хрущев жылымық» жылдарындағы Қазақстан. “Хрущев жылымығы”. Бұл кезеңді “жылымық” деп атау КСРО-ның қоғамдық-саяси өміріндегі демократияландыру, кешірім, ақтаулармен (реабилитация) байланысты. Жылымық ішкі саясатта қуғын-сүргінді біршама тежеуден, әміршіл-әкімшіл қатаң басқару әдістерінің аздап жұмсаруынан байқалады. Н.Хрущев басшылық жүргізген жылдары мемлекеттің тұрғын үй мәселесіне алғаш бет бұрып, көпшілікке арналған тұрғын үй құрылысы салыстырмалы түрде арзан типтік жоба бойынша жүзеге асырылды. Ол кезде жаппай тез бой көтерген осы тұрғын үй құрылысы арқасында әрбір отбасы сыз жертөлелер мен коммуналкалардан құтылып, жеке пәтерге ие болу бақытына қол жеткізді. Осы кезеңде халықтың тұтынатын бұйымдарды өндіруі біршама кеңінен қолға алынды, жиһаз түрлері, тұрмыстық электротехника түрлері шыға бастады. Сталиннің орнына 1953ж қыркүйек пленумында КОКП Орталық Комитетінің бірінші хатшысы болып Н.С.Хрущев сайланды. 1956ж 14 ақпандағы КОКП-ның ХХ съезіне (Мәскеу) 55 «бауырлас партиялардан» 1436 делегат қатысты. Съезде Хрущевтің атақты «құпия баяндамасы» тыңдалды. Баяндама жабық есік жағдайында тек кеңестік делегаттар алдында жасалып, И.Сталиннің жеке басына табынушылықты жою туралы өзекті мәселені қарауға ұласты. КОКП Орталық Комитетінің Бірінші хатшысы Н.С.Хрущев бастаған коммунистер партиясы И.В.Сталиннің жеке басына табынушылықтың шығу себептеріне, мәні мен көріністеріне және оның салдарына талдау жасауға тырысты. 1956ж 30 маусымында КОКП Орталық Комитетінің «Жеке адамға табынушылықты және оның зардаптарын жою туралы» қаулы қабылдады. Хрущевтің билік құрған 1953-1964ж Қазақстан тарихына да өзіндік өзгерістер әкелді. Н.С.Хрущев билік басына келісімен Қазқастандық партия белсенділерін шақырып ауыл шаруашылығы мәселелері төңірегінде кеңесті. Ол ең алдымен республикада тың және тыңайған жерлерді игеру, ауыл шаруашылығын онан әрі өрістету жөнінде шаралар белгілеуді және КОКП Орталық Комитетіне тапсыруда ұсынды. Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті мен Қазақ КСР Министрлер Н.С.Хрущев ұсынған бағдарламаны талқылады. Н.Хрущев 1961ж наурызда Қазақстанда екі апта болды. Осы сапарда ол Ақмола қаласының тарихи атауын «Целиноград» деп өзгертті. Шын мәнінде Н.Хрущев Кеңестер Одағында орнаған тоталитарлық жүйеден түпкілікті бас тартуды мақсат еткен емес. Қазақ ауылдарының құлдырауы, қазақ мектептерінің жабылуы, жердің эрозияға ұшырауы, Семей жерінің ядролық жарылыстар жасайтын сынақ аймағына айналуы және оның халық денсаулығына кері әсері, ұлтаралық қатынастардағы шиеленіс осы жылдары орын алды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет