1-хикмет. Уа, Жаратқан


-ХИКМЕТ. Зікіршінің Қабірдегі Халі



бет6/10
Дата15.03.2023
өлшемі32,54 Kb.
#74465
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
яссавий хикматлари

11-ХИКМЕТ. Зікіршінің Қабірдегі Халі
29-Қаңтар, 2010 | 290 рет қаралған | Авторы: admin
Келің, достар, сал зікірді – Хаққа мадақ,
Хақ зікірі жүрек көзін ашар, достар.
Истиғфарды тынбай айтып тап қанағат,
Шайтан-лағин тән мүлкінен қашар, достар.
Шайтан-лағин – жаудың кетсін мүрдем анты,
Күндіз – Алла, түнде Алла деп шырла, балқы,
Тар лахатқа кірер кезде нұрға малты,
Періштелер Алла нұрын шашар, достар.
Алла нұры қабір ішін жарық қылар,
Періштелер шырақтарын жағып тұрар,
Момын пенде оны көріп зарық қылар,
Пәни-жалған жарығынан қашар, достар.
Дәреже боп Құдай үшін аққан жасың,
Барша рухтар жиылып кеп шаттанғасын,
Дұға қылып, – Алласына аттанғасын
Жүмілә әруақ сүйіп бір-бір құшар, достар.
Жеті қадам қабіріңнен кетпей халық,
Мүңкір – Нәңкір кіріп келер оқтай қарып.
Лаулап тұрған екі көзі оттай жанып,

Нұрды көріп тағзым етіп қашар, достар.


Мүңкір – Нәңкір жауап алмай қашып беріп,
Еңірейді көздің жасын шашып-төгіп,
Хақ зікірін айтқан жанға ғашық болып,
Қанат қағып көкке қарай ұшар, достар.
Әуез келер Хақтан: неге жыладың? – деп,
Қабірдегі құлымнан не сұрадың? – деп,
Ей, бейәдеп, ұқты нені құлағың? – деп,
Мүңкір – Нәңкір оңды-солды қашар, достар.
Әр демінде зікір қылды ол – қанбай нұрға,
Қылам азат, – кепілдік хат жолдаймын да,
Берем күллі игілікті ондай құлға! –
Барлық қылған күнәларын кешер, достар.
Күнәларын Хақ кешіріп назар бұрар,
Шүкір қылар жатқан барлық ажалдылар.
Әруақ біткен кірлерінен тазарды бар,
Қабірстанға Хақ рахметін шашар, достар.
«Әлхамдулиллә оңнан келді.
О, Жаратқан! –
Біз құтылдық қабірдегі бар азаптан.
Біз – тірілдік, өлік едік нала – батпан. –
Дұға қылып Хаққа қолын жаяр, достар.
Мүңкір – Нәңкір жылар сонда: Бар жарықтың
«Иесі – Cен» жасын көрдің сан ғаріптің,
«Лұтыф етсең*», – талайсызға бақ дарыттың,
Сәжде қылып шәкір тілін ашар, достар.
«Лә иләһә иллә Аллаға» ғашық-құрбан,
Дидар үшін дүние-боқты шашып тынған,
Ақіреттің шын саудасын кәсіп қылған
Хауыз Кәусар сусынынан ішер, достар.
Ақіретте жазмыш болса Хақ жамалы,
Жүз мың шайтан жаулық қылса жоқ зауалы.
Әр қадамда артық болар «Қал» уа «Халы»,
Дана болып Хақ жолдарын ашар, достар.
Махаббаттың майданында сөнген-жанған,
Хақиқаттың дариясынан терген маржан,
Мағрифаттың дүкенінде зергер болған,
Қимылдаса – дүр мен гауһар шашар, достар.
Ғашық деп біл Хаққа жанын қылса құрбан,
«Шар зарыб» ұрып, сахарларда тұрса жылдам,

Жәрдем келіп ерендерден нұр сағынған,


Сұлтан болып, дүр базарын ашар, достар.
Мұнда тұрмас Хақтың иісі баураған жан,
Қазіретсіп араласпас дауға жалған.
Пақырлықтан ләззат ап, тәубә қонған,
Ғаріп болып улы сусын ішер, достар.
Құл Қожа Ахмет, махаббаттың отын жақшы,
Нәпсі – пәле. Жер көкті жеп, сапырмақшы.
Топырақ боп жатсын, өлмес – кәпір-нәпсі,
Нәпсісі өлген Һүр мен Ғылман құшар, достар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет