1. Химиялық технологияның негізгі ұғымдары мен анықтамалары: химиялық технология, шикізат, реагент, мақсатты өнім, жанама өнімдер


ЖМҚ туралы жалпы мәліметтер: ЖМҚ классификациясы



бет32/44
Дата15.11.2023
өлшемі286,45 Kb.
#123817
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   44
Байланысты:
Қосымша материалдар, қалдықтар. Жалпы технология бұл табиғи ресу-emirsaba.org

24. ЖМҚ туралы жалпы мәліметтер: ЖМҚ классификациясы
қасиеттері, алу әдістері. Медицинада қолданылуы. 
Үлкен молекулалық массасы және өзіне тән бірқатар қасиеттері бар
қосылыстарды жоғары молекулалық қосылыстар немесе полимерлер деп
атайды. Полимерлер табиғи (целлюлоза, каучук, белоктар), синтетикалық
(полиэтилен, полипропилен т.б ) және жасанды (нитроцеллюлоза, поливинил
спирті) болып бөлінеді. Жоғары молекулалы қосылыстар көбіне
молекулалары көп қайталанып отыратын мономерлер тізбегінен тұрады. ЖМҚ
кұрамының күрделілігі оның молекулалық массасының да өте үлкен болуын
қамтамасыз етеді. "Үлкен", "кіші" деген сөздер салыстырмалы шартты түрде
қолданылады. Сондықтан Мr < 500 болса, кіші молекулалы, Мг >5000 болса,
жоғары молекулалы қосылыс деп саналады. Ал 500 < Мг<5000 болса, онда
олигомер (грек. "олигос" — "көп емес, шамалы" деген мағынаны білдіреді) деп
аталады. Полимерлердің осындай ірі макромолекулаларының пішіні әр түрлі
болады. Оларды: сызықтық, тармақты немесе торлы және кеңістіктік, т.б. деп
бөледі. Табиғи полимерлерден целлюлоза мен табиғи каучуктың
құрылымдары, ал синтетикалық полимерлерден капрон, төменгі қысымда
өндірілетін
полиэтилен
сызықты
болады.
Тармақты
құрылымды
полимерлерге: крахмал, полипропилен жатады. Жүн, резеңке мен
фенолформальдегид полимерлерінің құрылымдары кеңістік болады.
Химиялық табиғатына байланысты полимерлер органикалық, бейорганикалық
және элемент органикалық болып бөлінеді. Негізгі тізбектің құрамына қарай
полимерлік
молекулалар
екіге
бөлінеді:гомотізбекті
және
гетеротізбекті.Гомотізбекті деп макромолекуласының негізгі тізбегі бірдей
атомдардан құралған полимерлерді атайды.Полимерлердің физикалық
қасиеттері полимерлену дәрежесі мен полимердің құрылымына тәуелді
болады. Құрылым буындарына қарай ЖМҚ екіге бөлінеді: құрылым буындары
бірдей болса, полимер, әр түрлі болса, сополимер деп аталады. Жоғары 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет