1. Химиялық технологияның негізгі ұғымдары мен анықтамалары: химиялық технология, шикізат, реагент, мақсатты өнім, жанама өнімдер, қосымша материалдар, қалдықтар



бет1/27
Дата15.12.2023
өлшемі170,77 Kb.
#139778
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27

1. Химиялық технологияның негізгі ұғымдары мен анықтамалары: химиялық технология, шикізат, реагент, мақсатты өнім, жанама өнімдер, қосымша материалдар, қалдықтар

1. Химиялық технологияның негізгі ұғымдары мен анықтамалары: химиялық технология, шикізат, реагент, мақсатты өнім, жанама өнімдер, қосымша материалдар, қалдықтар.
«Технология» ұғымына Д.И.Менделлеев мынадай анықтама берген болатын: Технология – бұл табиғи ресурстарды адам өміріне пайдалануға қажетті өнімдерге дейін өңдеудің тиімді жолдары, яғни «технология» (грекше «technos» – өнер, кәсіп және «logos» – ғылым, білім) бастапқы затты пайдалы өнімге айналдырып өңдей білу туралы ғылым. Осы химиялық технология көптеген ғылымдармен тығыз байланысты.
Технология – жүру процестеріне байланысты екіге бөлінеді, механикалық және химиялық. Механикалық технологияда – материалдың пішіні немесе сыртқы түрі және физикалық қасиеттері өзгеретін процестер қарастырылады да, ал химиялық технологияда – зат құрамының, қасиеттерінің және ішкі құрылымының түбегейлі өзгеруімен өтетін процестерді қамтитынын айтамыз. Әрине, бұлай бөлу шартты, өйткені материалдың түрі өзгергенде, оның құрамы мен химиялық қасиеттері де жиі өзгеретіні сөзсіз.
Бастапқы затты өңдеудің негізгі тәсілдері мен өнімнің қажетілігіне қарай: металдар технологиясы (оларды алу және өңдеу), машинажасау технологиясы (машина және қондырғылар дайындау), тамақ дайындау технологиясы (тамақ өнімдерін алу), т.б. болып бөлінеді.
Химиялық технология – химиялық және физика-химиялық құбылыстарды пайдалана отырып, заттың құрамын, қасиеттерін, құрылысын түбегейлі өзгертетін өңдеу үрдістері. Зерттеу объектісі – химиялық өндіріс болып табылады. (бастапқы затты пайдалы өнімге дейін өңдеу әдістері мен үрдістері).
Химиялық технологияның негізгі ұғымдары мен анықтамаларына немесе технологиялық компоненттеріне шикізат, реагент, мақсатты өнім, жанама өнімдер, қосымша материалдар, қалдықтарды жатқызуға болады. Жеке анықтама беретін болсақ:
Шикізат – бұл өндірісте қолданылатын табиғи материалдар.
Мақсатты өнім (R) - осы химиялық технологияны жүзеге асыруда көзделіп отыратын өнім.
Аралық өнім немесе жартылай өнім- өндірістің бір немесе бірнеше сатыларынан кейін шикізатты қайта өңдеу процесінде қалыптасқан материалдар. Сонымеен қатар аралық өнім келесі кезеңдерге арналған шикізат болып табылады.
Жанама өнім (S) – шикізатты өңдеу процесі барысында мақсатты өніммен қатар түзілетін, бірақ берілген өндірістің мақсаты болып табылмайтын материалды айтамыз.
Қалдықтар – табиғи шикізатты өңдеу нәтижесінде пайда болатын заттар мен өндірістік жарамсыз шығарылымдар.
Және де аралық өнім, жанама өнім және қалдықтар қосымша өңдеуден кейін немесе өңдеусіз басқа өндірісте шикізат ретінде қолданыс таба алады екен.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет