1. Химиялық технологияның негізгі ұғымдары мен анықтамалары: химиялық технология, шикізат, реагент, мақсатты өнім, жанама өнімдер, қосымша материалдар, қалдықтар


Химиялық өндіріс. Химиялық өндірістің құрылымы мен функционалдық элементтері



бет3/27
Дата15.12.2023
өлшемі170,77 Kb.
#139778
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Байланысты:
1. Химиялық технологияның негізгі ұғымдары мен анықтамалары хим-www

3.Химиялық өндіріс. Химиялық өндірістің құрылымы мен функционалдық элементтері.
Химия өнеркәсібі — ауыр өнеркәсіптің жетекші салаларының бірі, еңбек заттарын (шикізаттар мен материалдарды) өңдеуге, негізінен химиялық әдістерді баса қолданатын өндіріс салаларының кешені.
Химия өнеркәсібінің құрамы мен рөлі
Химия өнеркәсібі ел шаруашылығында маңызды рөл атқарады. Ғылыми-техникалық прогресті іске асыра отырып, машина жасау және электрэнергетикамен қатар, химия өнеркәсібі соңғы технологиялық циклдің саласы болып табылады. Шикізат пен қалдықтарды кешенді түрде өңдеуге үлкен мүмкіндіктер тудырады. Химиялық технологиялар мен материалдарды шаруашылықтың барлық салаларында кең қолдануды химияландыру деп атайды.
Химия өнеркәсібі қорларды өңдеп қана қоймайды. Ол табиғатта жоқ, қасиеттері алдын ала бегіленген мүлдем басқа материалдар жасап шығарады. Әртүрлі химиялық заттар, соның ішінде қымбат әрі тапшы табиғаттағы баламаларды алмастыра алатын конструкциялық материалдарды шығарады. Мысалы, машина жасауда кейбір химиялық материалдар қымбат металды алмастырады. Шикізат базасы кең: мұнай, табиғи газ, минералды тұздар, фосфориттер, күкірт, гипс, ауа, су, ағаш, өндіріс қалдықтары, көмір, металлургия, мұнай өңдеу өнеркәсіптерімен құрамдастырылады. Халықты тауармен қамтиды. Жер бетіндегі бар тіршілікті қорғайды.

Химия өнеркәсібінің салалық құрылымы

Осыған орай химия өнеркәсібінің салалық құрылымы 4 топқа бөлінеді, олар:


  • кен-химия өнеркәсібі (шикізат — фосфорит, ас және калий тұздарын, күкірт, т.б. өндіру, байыту және оларды бастапқы өңдеу)


  • негізгі химия өнеркәсібі (минералдық тыңайтқыштар, қышқылдар, сілтілер, т.б. өндіру)


  • полимерлік материалдар өнеркәсібі (синтетикалық шайырлар мен пластмассалар, химиялық талшықтар, синтетикалық каучук, синтетикалық бояғыштар өндіру);


  • тұтыну қажеттерін қанағаттандыруға арналған өнім (фармацевтикалық дәрі-дәрмек, жуғыш заттар, фотохимия, парфюмериялық-косметикалық тауарлар) өндіру. Химия өнеркәсібінің құрамында барлығы 200-ден астам кішігірім сала мен өндіріс бар, ал оның өнімдерінің түр-түрінің атауы 1 млн-ға жетіп отыр.


4. Химиялық өндірістің көрсеткіштері: технологиялық, экономикалық, эксплуатациялық.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет