1. Химиялық технологияның негізгі ұғымдары мен анықтамалары: химиялық технология, шикізат, реагент, мақсатты өнім, жанама өнімдер, қосымша материалдар, қалдықтар



бет4/27
Дата15.12.2023
өлшемі170,77 Kb.
#139778
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Химиялық технологияның мақсаты – үдерісті неғұрлым тиімді жүргізу арқылы бастапқы шикізатты реакция өніміне толық айналдыру жəне бірлік уақытта реактордың өнімді өндіруді жоғарылату, яғни шикізаттың өнделу жылдамдығын арттыру. Бұл кезде өндірістің барлық
шығын түрлерін азайту арқылы жоғары сапалы өнім алу керек.
Химиялық өндірістің жəне технологиялық үдерістің пайдалылығы мен тиімділігін əртүрлі көрсеткішnермен анықтайды.
Техникалық көрсеткіштер химиялық-технологиялық үдерістің сапасын анықтайды.
Өндірістің өнімділігі (қуаты) – бірлік уақытта алынған өнімнің немесе өңделген шикізаттың мөлшері: Ө=B/t
Мұндағы, Ө – өнімділік, В – өнім массасы, кг,т, t – уақыт, сағ.
Өнімділік, кг/сағ; т/тəулік, м3/тəулік өлшенеді.
Агрегат, машина өнімділігініңмаксималдымүмкіншілігі қуаттылық деп аталады.
Өндіріс қуаты – аппараттың оптималды жағдайдағы ең жоғарғы өнімділігі:
W=Өmax
Жұмсалу коэффициенті – бірлік өнім өндірісіне жұмсалған шикізаттың, энергияның, қосымша материалдар шығындарының мөлшерін көрсетеді:
β = Q/B
Q – жұмсалған шикізат, су жəне т.б. мөлшері;
В – өнім массасы.
Жұмсалу коэффициентін тоннаның тоннаға қатынасы (т.т-1) куб×метр тоннамен (м3.т-1), киловатт-сағат тоннамен (квт.сағ.т-1) өрнектейді.
Айналу дəрежесі – бұл химиялық реакцияға қатысқан бастапқы реагенттің үлесін көрсетеді. Қайтымсыз А→В реакциясын қарастырайық:
Егер, NAo – А затының алғашқы мөлшері, NA – А затының нақты осы кезеңдегі мөлшері деп белгілесек, онда А реагентінің айналу дəрежесі:
XА= NAo- NA/ NA
Өнім шығымы – мақсатты өнім мөлшерінің оның стехиометриялық теңдеу бойынша алынуға тиісті мөлшеріне қатынасы немесе нақты өндірілген өнімнің теорияға сəйкес өндірілетін өнім мөлшеріне қатынасы. Қайтымсыз А→R реакциясы үшін:
QR= NR/ NRmax
мұндағы, QR – мақсатты өнім шығымы; NR – үдеріс соңындағы R затының өнім мөлшері; NRmax – R затының максималды мүмкін өнуге тиіс мөлшері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет