1. Химиялық технологияның негізгі ұғымдары мен анықтамалары: химиялық технология, шикізат, реагент, мақсатты өнім, жанама өнімдер, қосымша материалдар, қалдықтар



бет19/27
Дата15.12.2023
өлшемі170,77 Kb.
#139778
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   27
Тыңайтқыштар
Жоғары және тұрақты өнім алу үшінтопыраққа қосатын, құрамында өсімдіктердіңқоректенуі үшін қажетті элементтері бартұздарды тыңайтқыштар деп атайды.Өсімдіктердің құрамына 60-тай химиялықэлементтер кіреді. Өсімдіктер өсіп өну үшінбіріншіден көміртек, оттек, сутек керек. Бұларөсімдіктің негізін кұрайды. Одан кейін N2, Р, К, Mg, S, Са, Ғе.
Тыңайтқыштар пайда болу тегіне байланысты, агрохимиялық жағдайына, физиологиялық әсеріне, қоректену элементтеріне, қоректік заттардың концентрациясына тәуелді жіктеледі.
Шығу тегіне қарай
Бактериалдық-топыраққа сіңімді қоректікэлементтердің түрін түзетін бактериялар
Органикалық
-Көң
-Қи
-Тезек
Органо-минералдық-органикалық және минералдық тыңайтқыштардың қоспасы. Мысалы, шымтезек.
Минералдық-
Табиғи және өндірісте өндірілетін минералды тұздар жатады
Калий тыңайтқышын өндіруге шикізат ретінде табиғи калий тұздарын және өсімдіктердің күлін қолданады. Негізгі шикізат ретінде минерал сильвинит (mKCl+nNaCl) құрамында 14-18% К2O болады және каолинит (КCl . MgCl . 6Н2О) қолданылады. Сильвинит құрамында 23-30% КCl, 65-70%NaCl болады. Осыдан КCl-ды бөліп алып тыңайтқыш peтінде қолданады. Сильвиниттен калий хлоридін екі әдіспен алады: галургия немесе бөлек кристаллизациялау әдісі. Бұл әдіс КCl -мен NaCl- дың температураға байланысты әр түрлі ерігіштігіне негізделген. 0-ден 100°С-қа дейін NaCl дың ерігіштігі өзгермейді, ал KCl-дың ерігіштігі температура өскен сайын артады. 26°С -та КCl мен NaCl ерігіштігі бірдей болады. Егер 100°С-та ерітсе КCl, NaCl-дан екі еседей көп болады. Салқындатса, тек КCl кристалданады.Кез келген есімдікке калий өте қажет. Калий жетіспесе, фотосинтез қарқыны төмендейді. Калий жеткілікті болса, өсімдікте крахмал, қантты зат, май түзілуі жоғарылайды және картоп, күнбағыс, жоңышқа, қызылша сияқты есімдіктердің өнімділігі едәуір артады. Топырақта болатын калий, көбінесе органикалық тыңайтқыштар — қи, өсімдік күлі арқылы топыраққа түседі. Калий тыңайтқышының негізгі шикізаты шөптесін және ағаш типтес өсімдіктердің күліндегі карбонат К2С03 түрінде болады. Калий тыңайтқышының көндеріне силъвинит және карналит жатады. Силъвинит дегеніміз — калий хлориді мен натрий хлоридінің біріккен тұзы NaCl-KCl, сол сиякты карналит те қос тұз KCl-MgCl,. Калий тыңайтқышына калий хлориді KC1 және калий нитраты KN03 жатады. Олар ақ түсті кристалл заттар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет