1. Химиялық технологияның негізгі ұғымдары мен анықтамалары: химиялық технология, шикізат, реагент, мақсатты өнім, жанама өнімдер, қосымша материалдар, қалдықтар



бет20/27
Дата15.12.2023
өлшемі170,77 Kb.
#139778
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   27
Азотты тыңайтқыштар — құрамында өсімдікке қорек болатын азоты бар органикалық (көң, шымтезек тағы басқалар) және минералдық заттар. Азоттың табиғи қосылысы — натрий селитрасы (NaNO3) тек Чилиде ғана кездеседі. Азотты тыңайтқыштардың көп тараған түрі: аммиак селитрасы, аммоний сульфаты, мочевина (карбамид), азотты сұйық тыңайтқыштар. Аммоний сульфаты — (NH4)2SO4 дүние жүзінде ең көп мөлшерде шығарылатын тыңайтқыш. Аммоний нитратының [(NH4)NO3] құрамында өсімдікке сіңімді азоттың мөлшері басқа азотты тыңайтқыштарға қарағанда көбірек келеді. Сұйық аммиак және онымен қанықтырылған аммоний тұздарының ерітінділері де құрамында азоты көп тыңайтқыштар болып табылады.
• Ал жоғары концентрлі азотты тыңайтқыштарға карбамид(мочевина) жатады. Карбамидті жануарлар жеміне де қосып пайдаланады. Ол көмір қышқыл газы мен аммиактың үлкен қысымда әрекеттесуі нәтижесінде алынады: CO2+2NH3= CO(NH2)2 + H2O.
• Азот топыраққа күрделі минералдық тыңайтқыштар түрінде де көптеп беріледі.Фосфор қышқылын аммиакпен әрекеттестіру арқылы аммофос алынады. Оның қышқылын бейтараптандыру дәрежесіне байланысты моноаммонийфосфат (NH4H2PO4) немесе диаммонийфосфат [(NH4)2HPO4]өндіріледі.
• Нитрофоска — құрамында қоректік азот, фосфор және калий бар күрделі тыңайтқыш. Оны өндірісте аммоний гидрофосфатының [(NH4)2HPO4] аммоний нитратының (NH4NO3) және калий хлоридінің (немесе сульфатының) қоспасын балқыту арқылы алады. Қазақстанда азотты тыңайтқыштар Ақтаудағы “Каскор” Акционерлік Қоғамында (аммиак селитрасы, натрофоска), Степногорск кен-химия комбинатында (нитрофоска), Тараз минералды тыңайтқыштар зауытында (аммофос) өндіріледі


20. Аммиак өндірісі, оның медицинада қолданылуы.
Аммиак өндірісіне тоқталмас бұрын алдымен аммиактың не екенін талқылап өтейік.
Аммиак (NH3) яғни азоттың қосылысы деп қарастырсақ болады.Сутегі нитриді,қалыпты жағдайда иісі өткір,түссіз газ болып келеді.Салыстырмалы түрде ауадан екі есе жеңіл болып келеді жәнеде аммиак суда ерігіш болып келеді.Суда ерігіштік қасиеті NH3 мен H2O молекулаларының арасындағы сутектік қасиетіне байланысты.Жалпы аммиакты сақтау және тасымалдауы ерекше болып келеді,яғни болат балондарда сақтау қажет.Бұл жалпы физикалық қасиеттері болып табылады,ал ендеше химиялық қасиеттерін айтып өтейік:
Аммиактың судағы ерітіндісі әлсіз негіздік қасиет көрсетеді.
NH3+H^+=NH4
NH3+H2O=NH4^+ +OH («нашатырный спирт»)
Аммиак оттегімен әрекеттесуі.негізінен аммиак оңай жанады,ал өршіткі қатыспаса бос күйдегі азот бөлінеді.
4 NH3+3 O2=2N2+6H2O
4 NH3+5 O2=4NO+6H2O
Аммиак қышқылдармен қосыла отырып тұз түзеді.Яғни аммоний тұздары.
NH3+HCl=NH4Cl
NH3+H2SO4=(NH4)2SO4
NH3+H2SO4=NH4HSO4
NH3+HNO3=NH4NO3
Аммиакты синтезіне тоқталайын:
Аммиакты алудың бірнеше жолы бар,соның ішініде азот пен сутегінің 1:3 қатысында катализатор қосу болып табылады.Яғни аммиак синтезі:
N2+3H2=2NH3 +112кДж энергия бөле жүріп орындалады
Тәжірибелерге сүйенсек қысымды көтерген сәтте аммиактың шығымы азаю қажет,яғни бұл Ле Шателье приципіне сай жүреді.Ескеретін жағдай бір жағынан азот пен сутегін қосқанда жылу бөлінетінін білеміз,демек температура жоғары болса аммиак аз өндіріледі.Бұл бізге тиімсіз.Ендеше төменгі температурада жүргізу қажетпіз.Температура төмендетсек міндетті түрде катализатор қолдану қажетпіз.Мысалы сай катализаторларға Mn,Fe,Re,Os,W,Re,Pt және де уран т.б. Қарасаңыздар жазылған катализаторлардың d,f ұяшықтары толмаған элементтер,міне осындайлар қолданылады.Осылар ішінде Fe,Re,Os және уранның активтілігі жоғары, Re, U, Os қымбат əрі өндірісте қауіпті.
Жалпы амииак синтезі көлемді азайтып жылу бөліп жүретін қайтымды үдеріс,яғни қысымды арттырып,температураны төмендетету, тепе теңдікті оңға жылжытады.
  • Аммиак синтезі үдерісіндегі катализатор әсерінің механизмі:


  • Азот пен сутек газ фазасынан катализатордың беткі қабатына және кеуегіне диффузияланады.


  • Азот пен сутек катализатордың әсерімен активтелінеді.


  • Катализатор бетінде активтелінген азот пен сутек әрекеттеседі.Осының нәтижесінде азот катализатордан электронды қосып алып,теріс зарядталады.Сутек өз электронын беріп,оң зарядталады.


  • Түзілген аммиак катализатордан десорбцияланады содан соң газ фазасына ауысады .


Жалпы үдеріс шығымға,аппарат конструкциясы,катализатор активтілігне байланысты,газ қоспасының қоспасына және т.б.


Және де аммиакты лабороторияда алу жол:NH4Cl+NaOH=NH3+NaCl+H2O
2NH4Cl+Ca(OH)2=CaCl2+2NH3+2H2O
Жәндіктердің шағуынан алдын алу үшін аммиакты сыртқа қолданатын лосьон түрінде қолданылады. Аммиактың 10% сулы ерітіндісі «нашатырный спирт» деп аталады.
Мүмкін болатын жанама әсерлер: аммиак ұзақ уақыт әсер еткенде (тыныс алуды тоқтату) тыныс алудың рефлекторлы тоқтауы мүмкін.
Жергілікті қолдану дерматит, экзема, терінің басқа ауруларында, сондай-ақ терінің ашық жарақаттық жарақаттарында қарсы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет