1. Химиялық технологияның негізгі ұғымдары мен анықтамалары: химиялық технология, шикізат, реагент, мақсатты өнім, жанама өнімдер, қосымша материалдар, қалдықтар



бет2/38
Дата23.04.2023
өлшемі1,26 Mb.
#85881
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38
Байланысты:
охт ждд

химия-технологиялық процесс – бастапқы затты өнімге айналдыру кезіндегі химиялық және физико-химиялық процесстердің тізбегі.

Сонымен қатар химиялық технология көптеген ғылымдармен байланысты. Олар: математика, физика, физикалық химия, биохимия, органикалық химия, бейорганикалық химия, инженерлік ғылымдарда, минералогия және т.б. Химиялық технологияда өңдеудің әртүрлі кезеңдерінде келесі технологиялық компоненттерді бөлуге болады: шикізат, аралық өнім, жанама өнім, мақсатты өнім және қалдықтар.
Шикізат – өндірісте қолданылатын табиғи материалдар.
Реагент – химиялық реакцияны жеңілдететін және белгілі бір функциялары бар заттар.
Мақсатты өнім – осы химиялық технологияны жүзеге асыруда көзделіп отырған өнім.
Аралық өнім (жартылай өнім) – өндірістің бір немесе бірнеше сатыларынан кейін шикізатты қайта өңдеу процесінде қалыптасқан материалдар және келесі кезеңдерге арналған шикізат болып табылады.
Жанама өнім – шикізатты өңдеу процесі барысында мақсатты өніммен қатар түзілетін, бірақ берілген өндірістің мақсаты болып табылмайтын материал. Қалдықтар – табиғи шикізатты өңдеу нәтижесінде пайда болатын заттар мен өндірістік жарамсыз шығарылымдар. Аралық өнім, жанама өнім және қалдықтар қосымша өңдеуден кейін немесе өңдеусіз басқа өндірісте шикізат ретінде қолданыс таба алады.
2. Химиялық – технологиялық үдеріс кинетикасы: реакция тәртібі мен молекулярлығы. Химиялық айналулар стехиометриясы.
Шикізат және материалдарды өнімдерге дейін өңдеу операциялары мен үдерістердің жиынтығын технологиялық үдеріс деп атайды. Химиялық өндіріс үдерісінде бастапқы зат (шикізат) соңғы (мақсатты) өнімге дейін өңделеді. Бұл – негізгі химиялық үдеріс: шикізатты дайындау (реакциялық қабілетті күйге ауыстыру. Ол молекулалық диффузия немесе конвекция әдістерімен жүзеге асырылады. Әрекеттесетін заттарды қатты араластырған уақытта конвективті ауысу турбулентті диффузияны туғызады); шикізат компоненттерінің өзара химиялық әрекеттесуі; алынған реакциялық қоспаны соңына дейін өңдеу сияқты бірнеше операциялармен жүзеге асырылады. Шикізаттан дайын өнім алу мақсатында белгілі бір кезектесіп жүретін және бір-бірімен өзара байланысқан үдерістердің жиынтығын – химиялық-технологиялық үдеріс (ХТҮ) деп атайды. Реакция тәртібі және молекулярлығы.
Реакцияның элементарлы актісіне қатысатын молекуланың санына байланысты химиялық реакцияның молекулалығы бойынша моно-, би- және үшмолекулярлы реакциялар болып бөлінеді. Мысалға қарастыратын болсақ: мономолекулалы: термиялық ыдырау, яғни бутаннан изобутан алу реакциясы; изомеризация реакциялары жатады; бимолекулалы реакциялар ең кең таралған реакция типі болып табылады, оған: сутек пен бромнан бромсутек алу реакциясы мысал бола алады; тримолекулалы өте сирек кездесетін реакциялар, мысалы: NO+NO+O2=2NO2 типті реакциялар жатады.
Кинетикалық теңдеудің түрі (химиялық реакция жылдамдығының реагенттер концентрациясына тәуелділігі) реакцияның реті бойынша жіктеуге мүмкіндік береді. Реакцияның реті – кинетикалық теңдеудегі реагенттердің концентрацияларының дәреже көрсеткіштерінің қосындысы. Осыған сәйкес бірінші, екінші, үшінші, бөлшекті ретті реакциялар болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет